Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4А Статистика. Комбинаторика

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каражигитова К.Е.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Сынып: 6

Сабақ тақырыбы

Статистикалық деректер және олардың сипаттамалары: арифметикалық орта, мода, медиана, құлаш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме)

6.4.3.2 статистикалық санды сипаттамаларды есептеу.

Сабақ мақсаты

Оқушылар:

• статистикалық санды сипаттамаларды есептейді.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • сандардың арифметикалық ортасын, құлашын (өзгеріс ауқымын), модасын, медианасын анықтайды;
  • деректерді есептер шығаруда қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі немесе одан да көп сандардың арифметикалық ортасын қалай табу керектігін түсіндіреді;
  • сандық деректердің құлашын, модасын және медианасын есептеуге түсінік береді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • екі (үш және т.б.) сандардың арифметикалық ортасы;
  • қатардың құлашы, модасы, медианасы.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • екі санның арифметикалық ортасын табу үшін ...;
  • сандық қатардың құлашын табу үшін ... ;
  • ... саны сандар қатарының модасы болып табылады;
  • ... саны сандар қатарының медианасы болып табылады, себебі ....

Құндылықтарды дарыту

Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту

Пәнаралық байланыстар

Статистика бірқатар ғылыми салаларда қолданылады: биология, әлеуметтану, машина жасау және т.б.. Оқушылар кейбір құбылыстар немесе процесстерге бақылаулар жүргізу нәтижесін жинақтауға және оларды талдауға үйренеді.

Бастапқы білім

Сан құрамының разрядтарын біледі; «сан» және «цифр» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсінеді.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-1 мин

1-4 мин

4-8 мин

8-10 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Білімді өзектендіру

Сыныппен жұмыс:

Мақсаты: оқушылардың зейінін шоғырландыру;

Ой қозғау.

Тапсырма 1.

а) 15+21+17+18+19=90, 90:5=18;

Сандар қатарының ......................18

б) 3,5; 4,8; 4,7; 4,8;

Сандар қатарының .....................4,8

в) 41; 43; 40; 39;

Сандар қатарының ......................4

г) 4,5; 4,7; 4,9; 5; 5,2.

Сандар қатарының .....................4,9

  • Берілген сандар қатарында қандай статистикалық сипаттама анықталған?
  • Көп нүктенің орнына тиісті статистикалық сипаттаманың атын жазыңыздар.

Проблемалық сұрақ:

  • Сандар қатарының арифметикалық ортасының мәні осы сандар қатарындағы санмен сәйкес келуі мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Сандар қатарының арифметикалық ортасының мәні осы сандар қатарындағы санмен сәйкес келмеуі мүмкін бе? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
  • Берілген сандар қатарының әрқашан модасы бола ма?

Осыдан соң сабақ тақырыбы айтылады.

Мұғалім оқу мақсатын айтып, оқушыларға сабақ мақсатын қоюды ұсынады.

Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлері айтылып, тақтаға жазылады.

 Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

.

Қосымша1.

Статистика. Вероятность. Комбинаторика / Я. С. Бросдкий. — М.: ООО «Издательство Оникс»: ООО «Издательство «Мир и Образование», 2008. — 544 с.

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-22 мин

22-23 мин

23-35 мин

3. Жаңа сабақты түсіну

Жұптық жұмыс:

Тапсырма 2.

№1.

Тоқсан барысында Еңлік математикадан бес «екілік», төрт «төрттік» және екі «бестік» бағаларын алды. Оның анасы Еңлікке тоқсандық бағаға «екілікті», әкесі «үштікті», ал Еңліктің өзі «төрттікті» қою керек деп ойлайды.

  • Әрқайсысының көзқарасына қатысты аргументтер келтіріп қөріңіз ( отбасының әрбір мүшесі қандай статистикалық сипаттамаларды есептейді?).
  • Сіз Еңлікке қандай баға қояр едіңіз?

№2.

Тоқсан барысында Берік математикадан бір «бестік», бес «төрттік» және төрт «үштік» бағаларды алды.

  • Беріктің бағаларының арифметикалық ортасы осы сандар қатарының медианасынан айырмашылығы қандай болады?

Барлық жұптардың ойлары тыңдалады.Өз көзқарасына қатысты аргументтер келтіру керек.

4. Жаңа сабақты меңгеру.

Тапсырма 3.

№1.

Базарда 7 сатушы қызанақтар сатады және 1 кг үшін бағалары сәйкесінше: 63, 60, 59, 64, 65, 64, 63(теңге есебімен).

  • Базарда қызанақтардың 1 килограмының орташа бағасы қандай?
  • Қызанақтардың кеңінен тараған бағасы қандай?
  • Қызанақтардың ең қымбат және ең арзан бағаларының арасындағы айырмашылығы неге тең?

№2.

Кестеде метеостанцияда ауа температурасының (градус Цельсия есебімен) наурыз айының бірінші он күндігі барысында күнделікті өлшеулері жазылған:

Күні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Темпер-тура

-2

-1

-3

0

1

2

2

3

4

3

Осы он күндіктегі түскі орташа температураны табыңыз. Он күндіктің әрбір күніндегі температурасының орташа температурасымен ауытқу кестесін құрыңыз.

Әр оқушы есепті өзі жеке шешеді. Тапсырманы шешу жолын жұбына түсіндіреді. Егер қате шығарылса, ол себебін анықтап, түзетеді. Түсіндірме дескриптор арқылы жүргізіледі.

Сергіту сәті.

5. Жаңа сабақты бекіту.

Жеке жұмыс.

Тапсырма 4.

№1.

Футбол ойыншыларының «Қайрат» командасының жанкүйерлер саны бірінші ойында 8000, екінші ойында 5200, үшінші ойында 10900, төртінші ойында 7500 болды. «Қайрат» командасының футбол ойынының жанкүйерлер санының ауытқуын табыңдар.

№2.

Баскетболдан болған жарыста команда мүшелері Айдар 14 ұпай, Серік 17 ұпай, Жандос 21 ұпай, Мәден 8 ұпай, ал Асхат допты торға түсіре алмады.

  • Баскетболшылардың әрқайсысы командаға орта есеппен қанша ұпай әкелді?
  • Баскетболшылардың ұпайларының ауытқуын табыңыз.
  • Баскетболшылардың ұпайларының модасы бар ма?

№3.

Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100 м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:

Оқушылардың аттары

Жүгірген уақыты (секунд есебімен)

Дәулет

Әлішер

Дариға

Меруерт

Маржан

Нұрлан

14,1

18,2

15,5

16,2

22,4

16,2

  • 100 м қашықтыққа жүгірген оқушылардың орташа уақыты қандай?
  • Кімнің жүгірген уақытын мода деп қарауға болады?
  • Оқушылардың жүгірген уақыттарының айырмашылығы қандай болды?
  • Оқушылардың жүгірген уақыттарының орташа мәнін сипаттайтын уақыты қандай?

№4.

Он саннан құралған тізбектің арифметикалық ортасы 15-ке тең. Осы тізбекке 37 санын тіркеп жазса, онда жаңа тізбектің арифметикалық ортасы неге тең?

Әр оқушы есепті өз таңдаулары бойынша шешеді. Дескриптор және дайын жауап арқылы өзін өзі тексереді. Мұғалім әрбір оқушыға деңгейіне қарай бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздері есепті түсініп шығаруына жетелейді.

Қосымша2.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Қосымша3.

Қосымша4.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Т.А. Алдамұратова, Т.С. Байшоланов, «Атамұра» 2011, Математика -6.

Ю.Н.Макарычев

Н.Г.Мюндук

Элементы статистики и теории вероятностей.

Алгебра 7-9 кл. Под редакцией С.А. Теляковского, Москва. «Просвещение» 2005.

Сабақтың соңы

35-37 мин

37-40 мин

6. Сабақты қорытындылау.

Төмендегі ойларды аяқтаңыз.

Математикалық статистика – бұл...............

Өзгеріс ауқымы – бұл ...............

Медиананы табу үшін ...................

Мода – бұл ...................

Орта мәнді табу үшін ................

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім;

- нені толық түсінбедім;

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Үйге тапсырма:

Оқушылары арасында немесе туыстар арасында «Қандай балмұздақты ұнатасың?» атты сауалнама жүргізіңіз.

  • Сауалнама нәтижесі бойынша кесте құрыңыз;
  • Сауалнама нәтижесі бойынша статистикалық сипаттама жүргізіңіз.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі.

Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды.

Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады.

Сабақ ортасында «Дем алу» сергіту сәті жасатылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу