Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Фигуралардың кеңістікте орналасуы. Кеңістік фигураларын кескіндеу, «көрінбейтін» сызықтар. Вектор ұғымы

6.3.2.4

кескіні бойынша фигураны ажырату, жазық және кеңістік фигураларын кескіндеу;

6.3.4.1

вектор анықтамасын білу және оны кескіндеу;

 Сабақ мақсаттары:

  • кеңістікте ойлау дағдыларын қалыптастыру;
  • кескіні бойынша фигураның жазбасын танып біледі;
  • вектор анықтамасын білу және оны кескіндеп білу.

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз

Сабақта барлық оқушылар толық түсініп, алған білімін толыққанды пайдалана білуі үшін, бір – біріне көмек ұйымдастырып сабақ нәтижелі болуы үшін бірлескен оқу ортасын құрыңыз.

Оқушылардың жазбасы бойынша дайындаған денесінің орындалу сауаттылығына қарап бағалауды жүргізіңіз.

Өткен сабақ бойынша білімді актуалдандыру тапсырмалары

Оқушыларға жалпы сыныппен жұмыстануды ұсыныңыз, берілген деңгейлік тапсырмаларды бірігіп орындап, нәтижесін дайын жауаппен тексеріп, өзара бағалау жүргізеді. Бұл жұмыста оқушылар бірігіп жұмыстанады, пікір алмасады, дұрыс нәтижеге жетуге бірігіп ұмтылады.

№1. Тік төртбұрышты параллелепипедтің жазбасынан фигураны құрастырғанда A, D, N нүктелері қандай нүктелермен сәйкес келеді?

№2. Текшенің жазбасы берілген. Текшенің табанындағы жағы қызыл түске боялған. Текшенің қай жағы жоғарында орналасады?

№3. Тік төртбұрышты параллелепипедті бірнеше кіші бірдей текшелерден құрастырылған. Кіші текшелердің қаншасынан пайдаланған?

№3. Берілген фигуралардың проекцияларын салыңыз.

№4. Берілген проекциялары бойынша фигураны салыңыз.

алды сол жағы жоғарыдан

Дескриптор: Білім алушы:

  • фигура жазбасын жинағанда әріптерді дұрыс сәйкестендіреді;
  • фигура жазбасы бойынша жағын анықтайды;
  • фигураларды кескіні бойынша ажыратады;
  • кескіні бойынша фигураның өзін сала алады.

Дұрыс жауапты тақтады көрсетіп, «карусель» әдісі бойынша бағалау жүргізіңіз.

Жаңа тақырып мысалдар арқылы түсіндіріп баяндаңыз.

Оқушылармен бірге жол мен орын ауыстырудың арасындағы айырмашылықты талқылаңыз.

Жол– дененің орын ауысқандағы ұзындығын айтады. Орын ауыстыруы деп дененің бастапқы орнын оның келесі орнымен қосатын бағытталған кесіндіні, векторды айтады.

Оқушыларды жұптарға біріктіріңіз және әрбір жұпқа есептердің мәтіні бойынша сурет салуын ұсыныңыз.

Түсіндірме мысалдар(сыныппен бірге талдап орындатыңыз):

  • Маша әжесінің үйінен өзенге дейін, содан соң өзен бойымен, өзенді көпір арқылы өтіп, көпірден анасының үйіне дейін жүріп барды. Машаның жолын және оның орын ауысуын (вектор түрінде) кескіндеңіз.
  • Алдар Көсе досы Арманға ауылы Есенгірге қонақ болып келуін ұсынды: «Қане біздің үйге барайық. Бірақ сен өзіңнің есегіңмен тіке қырды жағалап барасың. Ал мен атпен Береке ауылы арқылы Жақсылық ауылына соғамын, содан соң үйге барамын». Досы әрине Алдар Көсеге сенбеді, бірақ келісті. Алдар Көсе мен оның досының орын ауысуын салыңыз. Алдар Көсе бұл жолы алдамады ма немесе әдеттегідйе алдады ма?
  • Ара ұясынан бал іздеуге ұшып шықты. Ұясынан сол жақта орналасқан жайылымға қарай ұшты. Содон соң Қарақұмық жайылымына ұшты. Араның ұшу жолы мен орын ауыстыруын салыңыз және т.с.с.

Өзіндік жұмыс

Оқушылардың өздері сабақта қол жеткізуге бағытталған нәтижеге негізделіп жұмыстануы үшін, өзінің қаншалықты сабақты түсінгенін, меңгеру дағдысын бақылау мақсатында өз бетімен жұмыстануды ұсыныңыз.

№1. Фигураның жазбасының суреті бойынша әріптерді сәйкестендіріңіз.

№2. Блокты кеңістікте ойша айналдара отырып, төмендегі жағдайлардың қайсысы дұрыс бұру екенін табыңыз. Жауабын негіздеңіз.

№3. Суретте берілген фигуралардың жазбасын табыңыз, бояңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

  • денелер жазбасын ажырата алады;
  • суреттегі әріптерді дұрыс сәйкестендіреді;
  • блоктың айналуы бойынша фигураны табады;
  • жазбасы бойынша сәйкестікті анықтайды.

Дескриптор бойынша, мұғалімнің бақылауымен өзін – өзі бағалау жүргізу. Өз қатесін түсініп, өзін жетілдіруге сындарлы кері байланыс жасаңыз.

Сабақ барысында оқушылар қосымша тапсырмалармен жұмыстанады, бір – біріне сызба жұмысының орындалуын түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады, әркімнің пікірінің маңызды екенін түсінеді, ортада өзара сыйластық орнайды.

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі сабақ үрдісінде орындалған тапсырмалар бойынша оқушы пікірін тыңдау, көмек қажет ететін оқушылар талабын қанағаттандыру.

Үйге тапсырма

Өзінің қалауынша құрастыру

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Рефлексия

Ресурстар:

  • Смирнова Е.С. Самостоятельные и контрольные работы по математике. 6ласс. – 2-е изд., испр. И доп. – М.:УЦ «Перспектива», 2006 – 184с.
  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 6 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу