Центрлік симметрия. Осьтік симметрия. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


«Координаталық жазықтық» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Тақырып

Координаталықжазықтық.Тікбұрыштыкоординаталар жүйесі

Центрлік симметрия. Осьтік симметрия

Оқу мақсаты

6.3.1.6 осьтік немесе центрлік симметриясы болатын фигуралар туралы түсінігі болуы; симметриялық және центрлік-симметриялы фигураларды ажырату

6.3.2.3 кесінділердің, сәулелер немесе түзулердің бір-бірімен, координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табу

6.3.2.5 тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы нүктелер мен фигураларды салу

Ойлау дағдыларыңың деңгейі

Қолдану

Жоғарғы деңгей дағдылары

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Осьтік симметриялы және центрлік симметриялы фигураларды ажыратады
  • Координаталық осьтермен қиылысу нүктелерінің координаталарын графиктік тәсілмен табады
  • Тік бұрышты координаталар жүйесінде координаталар басы және координаталық осьтерге қатысты симметриялы фигураларды салады

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Төмендегі шарттарға байланысты мысалдар келтіріңіз. Егер фигуралар:

а) центрлік симметриясы бар, бірақ осьтік симметриясы жоқ;

b) осьтік симметриясы бар, бірақ центрлік симметриясы жоқ;

c) центрлік және осьтік симметриясы бар.

2. Координаталық жазықтықта ABCD төртбұрыш төбелері сәйкесінше (– 2; 2), (5; 3),

(5; – 5), (– 1; – 7) нүктелерінде жатыр.

a) ВС қабырғасы абсцисса осімен;

b) АВ қабырғасы ордината осімен;

c) АС кесіндісінің ордината осімен;

қай нүктеде қиылысатынын жазыңыз.

3. M(–3; –4), N(–2; –5) және Р(–6; –6) нүктелері берілген. МNР үшбұрышын салыңыз:

а) МNР үшбұрышына абсцисса осіне карағанда симметриялы;

b) МNР үшбұрышына ордината осіне карағанда симметриялы;

c)МNР үшбұрышына координаталар басына карағанда симметриялы болатындай үшбұрыштар салыңыз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу