Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3С Координаталық жазықтық | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Сисенбаева Ш.Ж.,Каражигитова К.Е. | ||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер және кесінділер | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары(оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.3.2.1 параллель, қиылысатын, перпендикуляр түзулердің анықтамаларын білу. | ||||||||||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: •«қиылысатын түзулер», «перпендикуляр түзулер» ұғымдарын біледі және түсінеді | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы:
| ||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топта жұмыс жасау арқылы бір-біріне деген құрмет құндылығын өзін-өзі, бірін-бірі тексеру арқылы академиялық адалдық құндылығын дарыту | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Осы сабақта алған білімдері физикалық және химиялық процесстердің графиктерін салу үшін қажет. | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Түзу туралы түсінігі бар. Қатесіз өлшей біледі. Миллиметр, сантиметр мен метр арасындағы өзара байланысты түсінеді. Градустарды дәл өлшеу және берілген бұрыштың өлшемін көрсету үшін транспортирды пайдаланады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1-2 мин 2-4 мин 4-6 мин 6-7 мин | I.Ұйымдастыру Мақсаты: амандасу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сыныпта қолайлы атмосфера үшін психологиялық ахуал тудыру. Әдіс: тұлғалық-жеке-коммуникативті әдіс, «коммуникативтік шабуыл» тәсілі. Сипаттама: амандасу - Қайырлы таң, күн! (барлығы қолдарын көтереді, содан соң түсіреді). - Қайырлы таң, аспан! (қимыл қайталанады). - Қайырлы таң, бәрімізге! (барлығы қолдарын екі жағына созады және түсіреді). Мұғалім қызметі: сыныпта қолайлы жұмыс ортасын құруға ықпал етеді. Оқушы қызметі: мұғаліммен, сыныптастарымен амандасу, сабаққа зейін аудару. Бағалау: мұғалімнің ауызша мадақтауы. II. «Жақын арада даму» аймағын анықтау Мақсаты: жаңа тақырыпты игеруге қажетті білімді қайталау Әдіс: «Шабандоз бен ат» интербелсенді оқыту тәсілі Сипаттама: сынып оқушылары екі топқа бөлінеді: «шабандоздар» мен «аттар». Бірінші топ сұрақтары бар карточкалар, екінші топ жауаптары бар карточкалар алады. Әр «шабандоз» өзінің «атын» табу керек. Мұғалім қызметі: оқушылар жұмыстарын үйлестіреді. Оқушы қызметі: әр оқушы сұрақ пен оның жауабын сәйкестендіру арқылы өз жұбын табады. Бағалау: дайын жауаптар бойынша жұпта өзара бағалау III. Жұптық жұмыс арқылы тақырыптың өзектілігін ашу Мақсаты: өтілетін материалды түсінуге бағытталған продуктивті ойлауды жүзеге асыру Әдіс: проблемалық оқыту Сипаттама: Берілген түзулер қалай орналасқан? - Берілген түзулер жұптарының арасында өзгеше жұп бар ма, әлде олар жазықтықта орналасуына қарай бірдей ме? - Түзулердің жұбы әртүрлі болса, олардың атаулары бірдей болуы мүмкін бе? Мұғалім қызметі: сұрақ қояды, оқушылардың жауаптарын тыңдайды Оқушы қызметі: суреттерді мұқият қарайды, сұрақтарға жауап береді (еркін жауап) Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. IV. Мақсатты анықтау Мақсаты: сабақтың мақсатын бірлесіп анықтау. Сипаттама: Бүгін сабақта нені үйрену керек? Әдіс: SMART-технологиясы: Қиылысатын және перпендикуляр түзулердің атауын білу және оларды салуды үйрену. Мұғалім қызметі: оқушылардың сабақта мақсатты жұмыстануын ұйымдастыру. Оқушы қызметі: оқушышылар өз пікірін айтады, сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін болжап, тұжырымдайды. Бағалау: мұғалімнің ауызша пікірі. | Қосымша 1. Қосымша 2. | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 7-9 мин 9-11 мин 11-15 мин 15-16 мин 16-18 мин 18-22 мин 22-23 мин 23-30 мин 30-34 мин 34-37 мин | V. I практикалық жұмыс Мақсаты: қиылысатын түзулермен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту. Әдіс: инновациялық оқыту әдісі Сипаттама: — Торкөз парақта түзуді қалай салуға болады? Ол үшін бізге не қажет? 1. Жеке жұмыс: сызғыш пен қарындаш көмегімен дәптерде және тақтада салу орындалады. — түзу сызық деген не? — Түзу – бұл шексіз сызық. — қиылысатын түзу сызыңыз. — Неге бұл сызықтар қиылысушы түзулер деп аталады? Қиылысушы түзулерді жазу және белгілеумен танысады. Қорытынды: Қиылысатын екі түзудің ортақ бір ғана нүктесі болады. a мен b түзуі – қиылысушы түзулер. О – қиылысу нүктесі. 2. Жұптық жұмыс: 1-суреттегі қиылысатын түзулерді және олардың қиылысу нүктелерін тауып оқыңдар. Мұғалім қызметі: Сұрақ туындаған жұпқа көмектеседі, қажет жағдайда түзетулер енгізеді, дұрыс шешімге жетелейтін сұрақтар қояды. Соңынан дұрыс жауап парағын таратады. Оқушы қызметі: берілген тапсырманы жұпта талқылап, түсініп орындау. Бағалау: тапсырмаларды орындау барысында оқушыларды ауызша марапаттау, ынталандыру. VI. II практикалық жұмыс Мақсаты: перпендикуляр түзулермен, «перпендикуляр» ұғымымен танысу; бұл түзулерді торкөзі бар және торкөзі жоқ парақтарда салу дағдыларын қалыптастыру; зейінді, есте сақтауды, логикалық ойлауды дамыту; танымдық қызығушылығын ояту. Әдіс: инновациялық оқыту әдісі. Сипаттама: 1. Жұптық жұмыс: — Сіз теңізде жағадан қашықта суға түсіп жатырсыз делік. Кенеттен акула шыға келді! Сіз оған керемет тағамсыз. Сіздің алғашқы әрекетіңіз жағаға жүзіп бару (ол түзу сызықпен шектелген). Өз жүзу жолыңызды сызып көрсетіңіз және акула сіздің артыңыздан жүзіп келе жатқанын ескеріңіз. Оқушылар тапсырмаға байланысты сызба сызу арқылы өз жауаптарын тұжырымдайды. Қорытынды: нүктеден түзуге дейінгі ең қысқа қашықтық – нүктеден түзуге түсірілген перпендикуляр болып табылады. Перпендикуляр түзулер – жазықтықта тікбұрыш жасап қиылысатын түзулер. 2.Сөздікпен жұмыс: перпендикуляр атауы латынның “перпен-дикулярис” - тіктеуіш - сөзінен алынған. Ерте заманнан құрылысшылар тіктеуіш, яғни жіпке байланған жүк көмегімен қабырғалардың үй еденіне перпендикулярлығын тексерген. Бұл құрылғыны олар қазір де қолданады. 3. Жеке жұмыс: — Дәптерде перпендикуляр түзулерді қалай сызуға болады? Дәптердің торкөздері көмегімен перпендикуляр түзулер салады. 4. Топтық жұмыс: — Торкөзі жоқ ақ парақта бұл түзулерді қалай салуға болады? Сұрақтың жауабын топта талқылап, шешімдерін тақтада көрсетеді. Қорытынды. топтар жұмыстарын қорғайды. «Перпендикуляр түзулер» видео-көрсетілімін тамашалау. Видиодан не байқағаныңызды жаз. Өз қорытындыңызды айтыңыз. 5. Жұптық жұмыс: 1. Ауызша орындау.
2. Есептер шығару, дәптерде орындау. № 1 (1083)
№ 2 (1084)
№ 3 (1085)
Мұғалім қызметі: «перпендикуляр түзулер» ұғымын және оны салу тәсілдерін игеруге жағдай жасайды. Оқушы қызметі: берілген барлық тапсырмаларды түсініп орындау. Бағалау: фронтальді жұмыста мұғалімнің ауызша бағалауы; сөздікпен және жеке жұмыста өзін – өзі бағалау; топтық жұмыста өзара бағалау Бағалау критерийлері: 1. перпендикуляр түзулер анықтамасын тұжырымдайды; 2. торкөзді парақта перпендикуляр түзулерді дұрыс салады 3. торкөзі жоқ парақта перпендикуляр түзулерді бұрыштық сызғыш көмегімен дұрыс салады VII.Өзіндік жұмыс. Мақсаты: оқушылар білімін өзіндік жұмыс арқылы бекіту Әдіс: дамыта бақылау әдісі Сипаттама: 1. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс? А) берілген нүктеден түзуге бірнеше перпендикуляр түсіруге болады Б) берілген нүктеден түзуге екі перпендикуляр түсіруге болады В) берілген нүктеден түзуге бір ғана перпендикуляр түсіруге болады 2. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? А) сүйір бұрыш жасап қиылысатын түзулер Б) тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер В) доғал бұрыш жасап қиылысатын түзулер 3. Мына тұжырымдардың қайсысы дұрыс? А) кез келген қиылысатын екі түзу – перпендикуляр түзулер Б) нүктеден түзуге дейінгі қашықтық нүктеден түзуге жүргізілген перпендикулярдың ұзындығына тең В) нүктеден түзуге дейінгі қашықтық нүктеден түзуге жүргізілген кез кеген түзудің ұзындығына тең 4. Түзу сызық дегеніміз не? А) түзу – ол шексіз сызық Б) түзу – ол кесінді В) түзу – ол сызық 5. Грек тілінен аударғанда “перпендикулярис” сөзі қандай мағына береді? А) перпендикуляр түзулер Б) перпендикуляр кесінділер В) перпендикуляр 6. АВ, CD және MN түзулері О нүктесінде қиылысады. Осы түзулердің қайсысы өзара перпендикуляр?
А) AB мен CD Б) CD мен MN В) MN мен AB Мұғалім қызметі: қадағалау, қажет болған жағдайда қолдау көрсету Оқушы қызметі: өзіндік жұмысты орындау Бағалау: дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеру. VIII. Сабақты қорытындылау Мақсаты: оқушылардың материалды меңгеру сапасын бақылау, қажетті білімді анықтау Әдіс: дамыта оқыту Сипаттама: 1.Фронтальді жұмыс - нүктеден түзуге дейінгі қашықтық қалай табылады? - қиылысатын және перпендикуляр түзулер қай жерлерде кездеседі? - қиылысатын және перпендикуляр түзулер туралы білу не үшін керек? Мұғалім қызметі: сұрақтар қояды, оқушылар жауаптарын реттейді. Оқушы қызметі: жауап беру, презентация бойынша ауызша жұмыс. Бағалау: презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзі-өзі тексеру, мұғалімнің ауызша коментарийі | Қосымша 3. Қосымша 4. Қосымша 5. Қосымша 6. Қосымша 7. Bilimland.kz http://www.mathematics-repetition.com/6-klass-test/test-6-8-1-parallelyne-pryame.html Математика -6 Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011 Қосымша 8. | |||||||||||||
Сабақтың соңы 37-38 мин 38-40 мин | VIII. Шығармашылық үй тапсырмасы. Мақсаты: оқушылардың шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау Әдіс: шығармашылық көзқарас Сипаттама: таңдау бойынша 1— "Айналамыздағы қиылысатын және перпендикуляр түзулер" тақырыбында әңгіме құрастыру; Мұғалім қызметі: қажет болған жағдайда тапсырмаларды түсіндіру Оқушы қызметі: үй тапсырмасын тиянақты орындау X. Рефлексия Мақсаты: өтілген сабақ бойынша кері байланыс алу Әдіс: "сауалнама" Сипаттама: оқушыларға сауалнама ұсынылады
Мұғалім қызметі: өз жауаптарын түсіндіріп айтуларын сұрау, сабақты қорытындылау. Оқушы қызметі: өз жұмысына баға береді, жауабын түсіндіріп айтады. | ||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | |||||||||||||
Оқушыларға ашық сипаттағы тапсырма ұсынылады оқушылар әр түрлі шешімдер ұсынуы мүмкін. Кейбір оқушылар тапсырманы өздері орындайды, ал кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек көрсетіледі. Барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізіледі. | Сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалау қолданылады. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалау ұйымдастырылады. Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысқандығын бақылау жолымен бағалайды. | Оқушылардың көңіл-күйлерін «коммуникативтік шабуыл» тәсілі арқылы бақылау. Оқушылардың дұрыс отыруы қадағаланады. | |||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру