Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 2
Жұптық жұмыс
1 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
3(у - 5) - 2(у – 4) = 8.
№2. Бірінші бидондағы сүт екінші бидонға қарағанда 3 есе көп. Егер бірінші бидоннан екінші бидонға 20 л сүтті құйса, онда екі бидонда да сүт бірдей болады. Әр бидонда қанша литрден сүт бар?
2 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
-5(5 – x) - 4x = 18.
№2. AB кесіндісінің ұзындығы CD кесіндісіне қарағанда 2 см ұзын. Егер AB кесіндісін 10 см, ал CD кесіндісін 3 есе ұзартса, онда екі кесінді бірдей өлшемге тең болады. AB кесіндісінің ұзындығын табыңдар.
3 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
(3x – 6) - (7x - 21) = 9.
№2. Қаладан ауылға дейін автобус 1,8 сағатта, ал жеңіл машина 0,8 сағатта жүреді. Егер автобустың жылдамдығы жеңіл машинаның жылдамдығынан 50 км/сағ кем болса, онда автобустың жылдамдығы неге тең?
4 жұп
№1. Теңдеуді шешіңдер:
5,4(3y – 2) – 7,2(2y – 3) = 1,2.
№2. Бірінші машинаға екінші машинаға қарағанда 0,6 т астықты артық тиеді. Егер бірінші машинаға 1,2 есе, ал екінші машинаға 1,4 есе көп жүк тиесе, онда екі машинада да жүк бірдей болады. Әр машинаға қанша тонна жүк тиеді?
Дескриптор: Білім алушы:
№1. – жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіреді;
- айнымалысы бар мүшені теңдіктің бір жағана, бос мүшені теңдіктің екінші жағына қарама-қарсы таңбамен көшіреді.
- ax = b түріне келтіреді;
- теңдеудің түбірін табады;
- жауабын жазады.
№2. – белгісіз шаманы анықтайды;
- мәтінді есептің шартын құрады;
- бір айнымалысы бар теңдеу құрады;
- ax = b түріне келтіреді;
- теңдеудің түбірін табады;
- жауабын жазады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру