Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, презентация.


Сабақ тақырыбы:

Теңдеулер көмегімен

мәтінді есептерді шығару

Оқу мақсаттары:

6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;

Бағалау критерийлері:

Оқушылар:

Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;

Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;

Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;

Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;

Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;

- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.

Психологиялық ахуал

«Неге?» тренингі

Оқушылар шеңбер бойымен тұрады да, бір-біріне

белгілі бір сөйлем айтады да келесі оқушыға

«неге?» деген сұрақ қояды. Ол оқушы ары қарай

жауаппен жалғастырады да, «неге?» деген сұрақ

қояды. Мысалы, Бүгінгі сабақ ерекше өтеді неге?

Келесі оқушы: Өйткені біз сабаққа

қызығушылықпен қатысамыз неге? т.с.с.

жалғасады.

Баспалдақпен жоғары көтеріле отырып, арифметикалық амалдарды орындаңдар:

Жұптық жұмыс

1-тапсырма

Қандайда бір берілген санды 4-ке кемітіп, шыққан санның үштен бірі мен үш еселенген бастапқы санның жартысының айырмасы 5-ке тең болса, бастапқы санды табыңыз.

2-тапсырма

Автобус пен жеңіл машина арақашықтығы 604 км болатын екі қаладан бір мезетте қарама-қарсы шығып, 4 сағаттан соң кездесті. Егер жеңіл машинаның жылдамдығы автобустың жылдамдығынан 17 км/сағ артық болса, автобустың жылдамдығын табыңыз.

 

Дескриптор: Білім алушы

- есептің шартына байланысты математикалық моделін құрады;

- теңдеуді құрастырады;

- өзінің құрған теңдеуінің түбірін табады;

- есептің жауабын негіздейді.

Сергіту сәті:

Қолдарын кеудесіне қойып - Менің,

Қолдарын жайып - Отаным,

Шапалақтап - Қазақстан!

Жоғары- төмен қарайық,

Оңға, солға түзу тұр.

Бойымызға күш жинап,

Біз дем алып алайық.

Жеке жұмыс

Жауаптары:

Үйге тапсырма: 924есеп

Рефлесия:

Кері байланыс «Нысана»

Сары түсті шеңбер «бұл тақырып маған өте қызық болды...»

Қызыл түсті шеңбер «маған бәрі түсінікті!»

Көк түсті шеңбер «маған көмек қажет»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу