Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Теңдеулер көмегімен
мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаттары:
6.5.1.6 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару;
Бағалау критерийлері:
Оқушылар:
Мәтін есепте белгісізді анықтай алады;
Мәтін есептің математикалыұ моделін құра алады;
Cызықты теңдеулер құрастыра отырып, мәтін есептерді шығара алады;
Бір айнымалысы бар теңдеуді шешудің алгоритмін біледі;
Бір айнымалысы бар теңдеудің қасиеттерін біледі;
- Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығара біледі.
Психологиялық ахуал
«Мен елімді сүйемін»
1. Егер сіздің досыңыз болса, көршінің басын сипаңыз;
2. Егер сіздің үйіңізде мысық болса, өз басыңызды сипаңыз;
3.Егер сіз, иттерді жақсы көрсеңіз көршіңізді құшақтаңыз;
4.Егер сіз құстарды жақсы көрсеңіз, қолыңызды созып, құстарша қанат қағыңыз.
5.Егер сіз өз мектебіңізді жақсы көрсеңіз, аяғыңызды топырлатыңыз;
6.Егер сіздер Отанымызды жақсы көрсеңіздер, алақандарыңызды соғыңыздар!
«Сұрақты қағып ал»
С – 1: Cанның модулі неге тең?
С - 2: Қандай түрдегі теңдеу бір айнылысы бар сызықтық теңдеу деп аталады?
С – 3: Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар
сызықтық теңдеуді шешуді қалай орындаймыз?
С – 4: Қандай теңдеулер мәндес теңдеулер деп атайды?
С – 5: Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер?
С – 6: ах = b теңдеуінің түбірлерін табудың неше жағдайы бар?
С – 7: х a= b теңдеуінің b –ға байланысты неше жағдайы бар?
Бағдарлау-мотивациялық кезең.
Бұл сондай бір нәрсе, әуелі бірдеңені білмейсің, білгің келсе, іздеп тауып аласың. Кейде есептер тек соның көмегімен шығарылады. Мен оны шығаруды ұнатпаймын. Өйткені нашар білемін. Олардың жапырақтары мен сабақтары бар ма екенін білмеймін, ал түбірлері бар. Кейде жоқ болуы да мүмкін. Бастауыш сыныптарда олар -қарапайым, алтыншы сыныпта – сызықтық, ал жоғарғы сыныпта әр түрлі және күрделі болады. Бұл не?
Жауабы: Теңдеу
Тапсырма:
Сурет бойынша сызықтық теңдеу құрыңдар. Мұндағы 1 орамжапырақтың массасы у кг. Теңдеуді шешіп, 1 орамжапырақтың массасын анықта.
Мәтін есептерді теңдеу құру арқылы шығару:
Сергіту сәті:
«Бір-екі-үш-төрт-бес» әдісі
Қатысушылардың бәрі бір мезгілде, алдымен оң қолын, сонан соң сол қолын жоғары қарай сермеп тұрып, бірден беске дейін санайды. Келесі жолы төртке дейін, сосын үшке, сосын екіге дейін, ең соңынан бірге дейін санайды. Әр тілде санаудың орнына «Ха-ха», Хи-хи» деп айтуға да болады.
Жұптық жұмыс
А деңгейі
№867. Жүзім сусынын құятын сыйымдылығы 2 л және 3 л банкалар бар. Егер сусынды екі литрлік банкаларға құйса, үш литрлік банкаларға құйғандағыға қарағанда 2 банка артық қажет болады. Дайындалған жүзім сусыны неше литр?
№868. Көгалдандыру үшін екі көше бойына ағаштар отырғызылды. Бірінші көшедегі ағаштар саны екінші көшедегі ағаштар санынан 1,4 есе көп. 13 ағашты бірінші көшеден екінші көшеге ауыстырып отырғызғанда, екі көшедегі ағаштар саны бірдей болды. Алғашқыда бірінші көшеге неше ағаш отырғызылды, екінші көшеге неше ағаш отырғызылды?
В деңгейі
№882. Екі санның қосындыс 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.
№884. Дүкенге әрқайсысы 1,5 кг-нан және 1,8 кг-нан барлығы 11 орам өрік әкелді. 1,5 кг-нан оралған барлық өріктің массасы 1,8 кг-нан оралған барлық өріктің массасына тең. Дүкенге әр қайсысы 1,5 кг-нан неше орам өрік әкелінді?
С деңгейі
№898. Теруші шығарманы үш күн терді. Ол бірінші күні шығарманың 40%-ін, ал екінші күні 21 бетін терді. Үшінші күні шығарманың теретін 25%-і қалды. Шығармада неше бет болған?
Үйге тапсырма: №866 есеп
Рефлесия:
«Білім қоржыны»
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру