Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Санды теңдіктер және олардың қасиеттері | |||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.1 тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану; | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
| |||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру | |||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ әдебиетімен, өлең шумақтарын пайдалану | |||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Алгебралық өрнектер. Алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендіру. | |||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0 – 3 мин | Ұйымдастыру. Амандасу. Сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін оқушыларға смайликтер таратып, көңіл-күйлерін анықтау. Кәне, кәне тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Тұрсақ енді шеңберге, Алақанды ұрайық. Үй тапсырмасын қатар отырған оқушылар бір-бірінің дәптерін тексереді. | Презентация | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 4 – 8 мин | «Миға шабуыл» - өткен сабақтан сұрақтар қойылып, жауап алынады. С-1: Санды теңдік дегеніміз не? Мысал келтір С-2: Санды теңдіктің 1-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір. С-3: Санды теңдіктің 2-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір. С-4: Санды теңдіктің 3-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір. С-5: Санды теңдіктің 4-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір. С-6: Санды теңдіктің 5-ші қасиетінің айтылуы, мысал келтір. | Презентация смайликтер | ||||||||||||||||||||||||||||
9 – 23 мин | Сыныпты 4 топқа қиындылары бойынша бөлу, қиындылардан сурет құрастыру. Әр топқа өткен сабақ бойынша тапсырмалар беру. 1 топ №1.Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауыстыруға болады? Мысал келтіру. №2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:
2 топ №1.Екі тура санды теңдік қалай қосылады? Мысал келтіру. №2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп азайтуды орындаңдар:
3 топ №1.Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі? Мысал келтіру. №2. Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді орындаңдар:
4 топ №1. Санды тура теңдіктің 3-ші қасиетінің айтылуы? Мысал келтіру. №2. Тура санды теңдіктің пайдаланып, :
а) -4 – ке; б) 0,2 – ге көбейтіңдер.
а) - 3 – ке; б) 2 – ге бөліңдер. | Математика 2-бөлім, Жалпы білім беретін оқулық мектептің 6 - сыныбына арналған, Алматы «Атамұра» 2015, төртінші басылымы. Қосымша 1 | ||||||||||||||||||||||||||||
24 – 28 мин | Топ арасында жарыс «Кім жылдам?»
| Презентация Қосымша 2 | ||||||||||||||||||||||||||||
29 – 30 мин | Сергіту сәті. «Көңілді күн» | |||||||||||||||||||||||||||||
31 – 37 мин | Жеке жұмыс Нұсқа 1 №1. Тура санды теңдікті анықтаңдар: 32 : 4 + 9 = 3 × 5 + 2 (34 – 18) : 4 = 56 : 7 – 28 : 7 400 – 210 + 100 = 600 + 200 – 510 64 : 8 + 25 : 5 = 36 : 6 + 42 : 7 8 × 9 + 30 = 9 × 9 + 20. №2. Берілген өрнектерден тура және тура емес санды теңдік құрастырыңдар:
Тура санды теңдіктер __________________________________ Тура емес санды теңдіктер __________________________________ Нұсқа 2 №1. Тура санды теңдікті анықтаңдар: (47 – 38) × 5 = 36 : 6 × 8 6 × 4 + 2 × 7 = (30 – 2) : 7 72 : 9 × 4 = 12 : 3 × 8 300 + 200 + 6 = 706 – 100 – 100 3 × 8 + 36 = 8 × 8 – 36 : 9 №2. Берілген өрнектерден тура және тура емес санды теңдік құрастырыңдар:
Тура санды теңдіктер __________________________________ Тура емес санды теңдіктер __________________________________ | Қосымша 3 | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы | Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма «Тура санды теңдікке» есеп құрастыру. Рефлесия: «Пантомима» . Қолдарын жоғары көтерсе – сабақ жақсы өтті, Басы төмен - қанағаттанған жоқ, Беттерін қолымен жауып алса – ұнамады. | |||||||||||||||||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар | ||||||||||||||||||||||||||||
Саралау тапсырмалары топтық жұмыста және жеке жұмыстарда беріледі. Топтық жұмыста қабілеті жоғары оқушылар өз жолдастарына көмек жұмысын ұйымдастырады. | Бағалау сабақтың барлық бөлімінде жүреді, ауызша жауап берген оқушыларды мадақтау, топтық және жеке жұмыстарда өзара бірін-бірі бағалайды. | Оқушылармен сергіту сәті жаттығу жұмысы жүргізіледі. | ||||||||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру