Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.3А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу

Мектеп: Тараз қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Атамбаева Ж.А.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Санды теңдіктер және олардың қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.1

тура санды теңдіктердің қасиеттерін білу және қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • санды теңдіктер анықтамасымен, тура санды теңдіктер анықтамасымен танысады;
  • тура санды теңдіктердің қасиеттерін есептер шығаруда қолдана алады.

Бағалау критерийлері

Оқушы: егер

  • санды теңдіктердің қасиеттерін білсе;
  • оларды есеп шығаруда қолдана алса, оқу мақсатына жетті.

 Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • ауызша тура санды теңдіктердің қасиеттерін айқындайды;
  • ауызша тура санды теңдіктердің қасиеттерін тұжырымдайды;
  • есептеулерде санды теңдіктердің қасиеттерін қолдануды тұжырымдай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • санды теңдік;
  • тура санды теңдік;
  • тепе-тең түрлендіру;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • санды теңдік – бұл екі жағында да сандар және/немесе санды өрнектер болатын теңдіктерді айтады;
  • тура санды теңдік алу үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

Топтық және жұппен жұмыс жасата отырып оқушыларда өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Санды теңдік пәндермен және өмірмен байланысы. Информатика: Интернет ресурстарымен жұмыс жасау дағдысын дамыту.

Бастапқы білім

Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

Сабақ басында:

1) оқушылардың зейінін шоғырландыру, түгелдеу.

2) оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын /ОМ анықтап алу. 3) сабақ соңында күтілетін нәтижелерді анықтау.

Сабақтың ортасы

«Миға шабуыл»

«Мағынаны тану»

Өткен тақырыпты бекіту.

Әртүрлі фигуралар арқылы оқушыларды топқа бөлу.

Постер қорғау.

1 топ. Тура санды теңдіктердің 1, 2 қасиеттері.

1.Егер және болса, онда болады. Мысал келтіру.

2.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігіне де бірдей санды қосқанда тура санды теңдік шығады.

болса, онда

Демек, тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғыштың таңбасын қарама-қарсы таңбаға өзгертіп, оны теңдіктің екінші жақ бөлігіне көшіруге болады.

2 топ. Тура санды теңдіктердің 3,4 қасиеттері.

3.Тура санды теңдіктің екі жақ бөлігін де нөлден өзге бірдей санға көбейткенде немесе бөлгенде тура санды теңдік шығады.

болса, онда , , с

4. Екі тура санды теңдікті мүшелеп қосқанда тура санды теңдік шығады.

және с=d болса, онда a+c=b+d .

3 топ. Тура санды теңдіктердің 5 қасиеті.

5. Екі тура санды теңдікті мүшелеп көбейткенде тура санды теңдік шығады.

және с=d болса, онда ac=bd болады.

Мысал келтіру.

Тапсырма береміз.

850. Тура санды теңдіктердің , қасиетін пайдаланып, берілген өрнектерден үш тура санды теңдік құрастырыңдар:

1) 14,4:0,2 100-28

2) 15·1,4 8,4:0,4

3) 2,5·12 4,5:0,15 8·3+6.

Тура санды теңдіктер туралы қорытынды жасауға оқушыларды жетелейміз.

854 * Туристер үш күнде барлығы 460 км жол жүрді. Олардың бірінші күні жүрген жолының екінші күні жүрген жолына қатынасы 7:5 қатынасындай. Ал екінші күні жүрген жолының үшінші күні жүрген жолына қатынасы 3:2 қатынасындай. Туристер бірінші күні, екінші күні, үшінші күні неше километр жол жүрді?

Оқушылармен бірігіп есептің шығарылу жолының алгоритімін құрамыз:

  • Санды теңдіктердің қасиетін білу;
  • Оларды есеп шығаруда қолдана алу;
  • Жауабын жазу.

Осы дескриптор бойынша оқушылар өзара бағалау жұмысын орындайды.

Топтық жұмыс: Топ оқушылары тапсырманы тақтада орындап болған соң, тапсырмаларын алмастырып дескриптор бойынша және тілек жазу арқылы бағалайды.

851. Тура санды теңдіктерді мүшелеп қосуды орындаңдар:

1-топ

1) 13+(-) =7 (-2) және -13=6: (-1,2)

2-топ

2) (-7)2 -30= +3 және 51-=(-4)2 +15

3-топ

3) (-25) + (-4)2 = 80(-5) және 84(-7) = (-5)2 -37

Жұптық жұмыс:

853. Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді орындаңдар:

1) + = және 8 = 1,6 · 5

2) - = және 6 = 2,4 + 3,6

3) - = және 12 = ·15

4) + = және 6 = 1,2 · 5

Жұптағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийі бойынша бағалайды.

Бағалау критерийлері:

1) Санды теңдіктердің қасиетін біледі;

  • Тура санды теңдіктерді мүшелеп көбейтуді біледі;
  • Жауабын жазады.

Ережелерді есептер шығаруда қолдана алады.

Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардан көзге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.

«Көзге арналған жаттығу».

Жеке жұмыс: (Шығармашылық тапсырма)

Бұл тапсырманың жауабын мұғалім бағалайды

7. Бетіне дейін сумен толтырылған ыдыс салмағы 5 кг, ал жартысына дейін толтырылса 3кг 250 г. Ыдысқа қанша су сияды?

852. Сыйымдылығы 5 л және 8 л ыдыстарды пайдаланып, 12 л сүтті қалайша тең бөліп құйып алуға болады?

849* Семей мен Өскемен қалаларының арасы масштабы 1:7 500 000 картада 2,3 см. Осы қалалардың арасы масштабы 1:1500000 картада неше сантиметр?

Тиімді тәсілмен орында:

а)274+1537+463 ә) 756-(356+235)

8. Мұғалім бір санды ойлады, одан 40-ты азайтып, нәтижесіне 2000 қосылды және 3250 деген сан алды. Мұғалім қандай сан ойлады?

Бекіту сұрақтары:

  • Санды теңдік дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
  • Тура санды теңдіктің бір жақ бөлігіндегі қосылғышты екінші жақ бөлігіне қалай ауыстыруға болады?
  • Екі тура санды теңдік қалай қосылады?
  • Екі тура санды теңдік қалай көбейтіледі?

http://festival.1september.ru/articles/599748/

Қосымша 1.

Т.А. Алдамұратова, Е.С. Байшоланов. Математика 6, Алматы «Атамұра» 2015.

Қосымша 2.

Қосымша 3.

Сабақтың соңы

Рефлексия

Рефлексия: БББ

Сабақты қорытындылау:

  • Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды?
  • Бағалау критерийі қандай?
  • Қалай талдау керек?

Үйге тапсырма: қосымшадан

463+а-253, егер а=97

181-с+19, егер с=163

х-у, егер х=196. у=87

х+у, егер х=88, у=412 өрнекті ықшамдап, мәнін табу керек.

Қосымша 4.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. АКТ-мен байланыстар

Топтық жұмысты бақылай отырып, қиындықтар кездескенденде бағыт беремін. Әлсіз оқушыларға жеке консультация алуға мүмкіндік беремін.

Оқушылардың тапсырманы орындаудағы белсенділіктерін бақылау арқылы формативті бағалаймын. Сабақты бекіту кезінде оқушыларды жеке –жеке бағалаймын, оқушылар тапсырманың 80% дұрыс орындауы қажет

Сабақты бекіту кезеңінің алдында презентацияға қарағандықтан ұзақ уақыт міндетті түрде «көз жаттығуын» жасатамын.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу