Рационал сандарды бөлу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Нурсеитова З.Р.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды бөлу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.16

рационал сандарды бөлуді орындау;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • рационал сандарды бөлуді орындайды;
  • ауызша бөле білу машықтарын дамытады.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • рационал сандарды бөлуді орындайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушы:

  • берілген сабақтың математикалық терминологиясын қолданады;
  • рационал сандарды бөлуді ауызша айқындайды;
  • рационал сандарды бөлу ережелерін тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • оң сан;
  • теріс сан;
  • бүтін сан;
  • рационал сан;
  • санның модулі;
  • таңбалары бірдей сандар;
  • таңбалары әртүрлі сандар;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • таңбалары әртүрлі сандарды бөлу үшін;
  • таңбалары бірдей сандарды бөлу үшін;
  • таңбалары әртүрлі екі санды бөлу үшін;
  • таңбалары бірдей екі санды бөлу үшін.

 Құндылықтарды дарыту

Бір-бірін сыйлауға, тындауға, өзара мәдениеттілікке және жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

 Пәнаралық байланыстар

География. Химия.

Бастапқы білім

Оқушылар жай бөлшек, бүтін сан, рационал сан ұғымдарын біледі; рационал сандарды қосу мен азайту амалдарын орындай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу.

1) Оқушылардың сабаққа қатысуын, сабаққа дайындығын тексеру.

2) Сабақтың мақсаттарымен, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

4) Үй тапсырмасын тексеру.

5) Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.

6) Мысалдарды шешу.

6) Ауызша орында.

№1. Бөлу дұрыс орандалған ба?

№2. Дұрыс теңдік орындалатындай -тің орнына қандай сан қою керек?

№3. Теңдеуді шеш:

7) Эстафета ойыны.

Слайдтар 1-5.

Қосымша 1.

Слайд 6.

Қосымша 2.

Слайдтар 7-8.

Қосымша 3.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақта өтілген материалды бекіту

Тақтада және өз орында әрбір оқушы рационал сандарды бөлуге байланысты сөзді есептер шығарады.

№1. Қыздырылған сұйықты суытқанда 3 минутта оның температурасы-қа өзгерді. 1 минутта қыздырылған сұйықтың температурасы неше градусқа өзгерді (төмендеді)?

«А»

№2. Хауыздағы су құбырдан сыртқа қарай ағып жатыр. Хауыздағы судың деңгейі 3 минутта сантиметрге өзгерді. Хауыздағы судың деңгейі 1 минутта неше сантиметрге өзгерді?

«В»

№3. Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.

Меруерт бір сан ойлап, оны тақтаға жазды. Айнұр ол санға 14-ті қосты, ал Айман оған Меруерттің ойлаған санын 20 %-ке арттырып, тағы да қосты. Сонда қосынды -ға тең болды. Меруерт қандай сан ойлады?

«С»

№4. Поездың жылдамдығы км/ сағ. Уақыт болғанда поезд Алматы мен Ақтөбенің арасындағы Қызылорда қаласында тұрады. Ақтөбеден Алматыға баратын бағытты оң бағыт деп есептеп, сурет бойынша есеп құрастырыңдар:

Сергіту сәті. Мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.

«Арқаға арналған жаттығу».

Оқушылар өз орындарында тапсырмаларды орындайды. Орындап болған соң дайын жауаптар арқылы бір бірін тексереді.

№5. Бөлуді орында.

№6. Есепте.

Слайдтар 9-12.

Қосымша 4.

Қосымша 4.

Слайдтар 13-15.

Қосымша 5.

Слайдтар 16-17.

Қосымша 6.

Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау. Оқушыларға сұрақтар қою.

  • Көбейтуге кері амал қандай?
  • Бөлу амалында көбейту амалының таңбалар алгоритмі сақтала ма? Тексеріп көріңдер.
  • Бөліндінің мағынасы әрдайым бола ма?
  • Бөліндінің мәні қай жағдайда теріс сан болады?
  • Санның модулі нөлге тең бола ма:
  • Рационал сандарға амалдар қолданудағы санның модулі ұғымының алатын орны қандай?
  • Бөлшек сандарды бөлу ережелерін еске түсіріп, қайталаңдар.
  • Рационал сандарға амалдар қолдануға мысалдар келтіріңдер.

Үйге тапсырма беру, түсіндіру. Оқушылар білімін бағалау. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны ауызша/жазбаша жүргізуге болады. Дөңгелектерге сәйкес өз ойларын айтады немесе орналастырады.

Рефлексия

Слайдтар 18-19.

Қосымша 7.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

АКТ-мен байланыстар

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Сабақта әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру арқылы саралау қарастырылған. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Әрбір оқушы өзін өзі бағалайды және бір-бірін жұпта бағалайды.

Сабақта сергіту сәті ретінде арқаға жаттығу қарастырылған.

Сабақта сыныпта қозғалып жүруге арналған белсенді іс-әрекет түрлері қарастырылған.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу