Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №1

 

Пән:

Математика

Мұғалім АТӘ:

Дата:

Класс: 6

Оқушы саны:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі

Рационал сандар және оларға амалдар қолдану

Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу

Бастапқы білім

координаттық түзуде рационал сандарды кескіндей алады; рационал сандарды салыстыра алады;

Оқыту мақсаттары

6.1.2.10

координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды орындау;

Бағалау критерийлері

координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды орындайды;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- есептің шешу жолдарына түсініктеме жасау;

Пәндік лексика және терминология:

- бүтін сандар;

- оң сандар;

- теріс сандар;

Құндылық-тарды

 дарыту

- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

 Пәнаралық байланыстар

 

Пән

физика

Этап

Сабақ ортасы

Дифференциация

Есепті тез және дұрыс шығарған жұптарға арнайы деңгейлік тапсырмалар беріледі.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, bilimland.kz

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың жасайтын жұмыс түрлері оқушылардың әр түрлі қимыл қозғалыс жасауларына бағытталған;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған этаптары

Сабақты жоспарлау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Ұйымдастыру сәті.

Сәлемдесу. түгендеу.

 Психологиялық ахуал. Сабақтың тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау.

Оқушыларға қажетті білім мен дағдыларды актуалдандыру.

Өтілген материал бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру үшін теориялық сұрақтар, сонымен қатар ойлау мен шапшаңдықты тексеру..

Жеке тақталардың көмегімен жұмыс.

Әр оқушыға шағын тақталар таратылады.

Мұғалім оқушыларға бірнеше сұрақтар ұсынады, оқушылар жауаптарын жекелеген шағын тақталарына жазып, топ болып жауаптарын мұғалімге көрсету қажет.

Ұсынылатын сұрақтар:

  • Мына сандардың арасында қандай бүтін сан бар:

  • Өрнектің мәнін табыңыз:

а)

б)

в)

г)

д)

е)

  • Салыстырыңыз:

а)

б)

в)

Мұғалім оқушылардың берген жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың барлығының жауаптарының дұрыстығын және өтілген материалды білетіндіктері туралы қорытынды жасайды. Әрбір жауаптан кейін бір оқушы тұрып дауыстап дұрыс жауапты айту міндетті, бұл олардың есту арқылы еске сақтау дағдысына көмектеседі.

Презентация, минитақта

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

1. Жаңа тақырыпты меңгеру. «Бүтін сандарды сандық түзуде қосу» тақырыбында видео қарау.

https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193

К

Тақырыпты талқылау. Қорытынды:

Бүтін сандардың қосындысы.Бүтін сан + Бүтін сан = Бүтін сан

Екі бүтін санның қосындысы бүтін сан.Оң бүтін сандардың қосындысы.Оң бүтін сан + Оң бүтін = Оң бүтін

Екі оң бүтін санның қосындысы оң бүтін сан.

Теріс бүтін сандардың қосындысы.Теріс бүтін сан + Теріс бүтін = Теріс бүтін

a+(−b)=−(a+b)

Екі теріс бүтін санның қосындысы теріс бүтін сан.

Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы.

Оң және теріс бүтін сандардың қосындысы оң немесе теріс бүтін сан немес ноль болуы мүмкін.Мысалдар:(−24)+89=89−24=6524+(−89)=−(89−24)=−6524+(−24)=(24−24)=0Таңбалары әртүрлі бүтін сандарды қосу үшін модулі үлкеннен модулі кішісін азайтып алдына модулі үлкен санның таңбасын қоямыз.

«Бүтін сандарды сандық түзуде азайту» тақырыбында видео қарау.

https://bilimland.kz/ru/#lesson=11193

К

Тақырыпты талқылау. Қорытынды:

ab=a+(−b)a−(−b)=a+b(−a)−b=(−a)+(−b)а бүтін санынан b санын азайту  –b және а сандарын қосу сияқты орындалады.Бүтін сан – Бүтін сан = Бүтін сан

Бекіту

Жұптық жұмыс

«Көз түйістіру».

Қатысушылар шеңбер бойына тұрып, төмен қарайды. Мұғалімнің бұйрығымен олар көздерін ашып, біреумен көз түйістіруге тырысады. Егер бұл іске асса, онда сол жұп шеңберден шығады.

Ойын барлық жұптар құрылғанша жалғасады.

№ 1020. Координаттық түзудің көмегімен сандарды қосуды орындаңыз:

а) -1 және 2;

б) 3 және -4;

в) -3 және 6 ;

г) 1 және -5;

д) -5 және 6 ;

е) -3 және -2;

Дескрипторлар:

  • Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;
  • Координаттық түзуде сандарды қосуды дұрыс орындайды.

№1091

Координаттық түзудің көмегімен сандарды азайтуды орындаңыз:

а) 10-(-3);

б) 12-(-14);

в) -21-(-19);

г) 9-(-9);

Дескрипторлар:

  • Координаттық түзуде нүктелерді дұрыс бейнелейді;
  • Координаттық түзуде сандарды азайтуды дұрыс орындайды.

Ф. Өзара бағалау

Ф. Мұғалімнің бақылауы.

bilimland.kz

bilimland.kz

Математика. 6 класс: учеб. для общеобразовательных учреждений / Н.Я.Виленкин, В.И.Жохов и др. – М.: Мнемозина, 2012. – 288 с.

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия.

Тіркесті толықтырыңыз:

«Бүгін мен сабақта ... білдім»

«Бүгін мен сабақта ... үйрендім»

«Бүгін мен сабақта ... таныстым»

«Бүгін мен сабақта ... қайталадым»

«Бүгін мен сабақта ... бекіттім»

Үй тапсырмасы

  •  п.31, № 1039, 1032, 1040, 1042(а).

Математика. 6 класс: учеб. для общеобразовательных учреждений / Н.Я.Виленкин, В.И.Жохов и др. – М.: Мнемозина, 2012. – 288 с.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен?

Дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Бұл сабақтан мен келесі сабағыма әсер ететін, сынып туралы немесе оқушылар жайында нені білдім?

Дифференциация

  •  Таңертең ауа температурасы 80 болды. Күннің бірінші жартысында ол 40 ке өзгерді, ал екінші дартысында тағы – 70 ге өзгерді. Кешке ауа температурасы қандай болды?

8 + 4 + (– 7) = 5

  •  – 5 + 3 + (– 7);3 + (– 6) + 2;– 4 + (– 3) + (– 2); 6 + (– 4) + (– 5)
  • Координаттық түзуде А нүктесіне а+4 саны сәйкес келеді, ал В нүктесіне – а+(-4). АВ кесіндісінің ортасына қандай сан сәйкес келеді?
  • Координаттық түзуде (бірлік кесінділермен) келесі координаталармен берілген нүктелердің арақашықтығы қандай?

а) 0 және а; б) –а және а; в) –а және 0; г) а және -3а.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу