Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу
Оқыту мақсаты:
6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийі: Оқушы:
- координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз; 2. Осы нүктені - в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге; - в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз; 3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Сыныппен жұмыс:
Мұғалім оқушылар осы сабақта координаталық түзудің көмегімен бүтін сандарды қосу және азайтуға байланысты есептер шығарып, білімдерін толықтыратынын ескертіп айтады. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық деп бағалау критерийлерін айтып өтеді.
Бағалау критерийі: Оқушы:
- координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
Өткен сабақты еске түсіру мақсатында келесі есептерді ауызша есептейді. Өтілген тақырып бойынша теориялық материалды еске түсіру мақсатында есепті орындау алгоритмін айтуды талап ету ұсынылады.
№1. Координаталық түзудің көмегімен сандарды қосып, азайтыңыз (Слайд 3-5):
5+2 -6+4 -3+(-3) 5+(-6) -2+0
Жауабы: 5+2=7 -6+4=-2 -3+(-3)=-6 5+(-6)=-1 -2+0=-2
№2. Қандай сандар
а) 6 санынан 3 бірлікке;
ә) -3 санынан 5 бірлікке;
б) -1 санынан 4 бірлікке қашық орналасқан?
Жауабы: а) 3 және 9; ә) -8 және 2; б) -5 және 3.
№3. Бос орындарды толтырыңыз:
-4+ ?=5 5+ ? = -1 -7+?=-5 -3+?= - 8
Жауабы: 9; -6; 12; -5.
Сонымен
1. Координаталық түзуді пайдаланып екі бүтін санды қалай қосамыз?
2. Екі санның айырмасын қосынды түрінде қалай жазуға болады?
(Слайд 7-8)
Жұптық жұмыс:
Тақырып бойынша есептер (жұптық жұмыс) шығару. Есепті шығару жолын талқылау және оқушылар өздерін тақтадан тексеріп бағалау үшін тақтаға оқушы шығару.
Есептерге дескриптор:
1. Координаталық түзуді дұрыс сызады;
2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;
3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.
№1. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+5, а+(-3), а-1, а-4 сандарын кескіндеңіз.
Жауабы:
№2. Түсте ауа температурасы -2°С болды. Кешке ауаның температурасы -3°С-қа, ал түн ортасында -5°С-қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?
№3. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін -42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да -27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?
№2. Шешуі: -2+(-3)+(-5)=-10 Жауабы: -10°С болды.
№3. Шешуі: 270-(-42)-(-27)=339 Жауабы:339 м тереңдікте жүзді.
Сонда үш санды координаталық түзуде қалай қосады екенбіз?сұрағын қою арқылыоқушыларға бірнеше санды қосу үшін орындалатын амалдар тізбегін құрғызу (оқушылар жауабын талқылаймыз, қорытынды жасаймыз: координаталық түзуде үш санды қосу үшін алғашқы екеуін қосып алып нәтижесіне үшінші санды қосамыз. Үштен де көп сандар үшін қосындыны дәл осындай жолмен табамыз)
Келесі есепте жұптағы оқушылардың біріне а) нұсқасын екіншісіне ә) нұсқасын есептеп өзара салыстыруға кеңес беру. Нәтижелерін талқылап, қорытынды жасайтынын ескертіп айту:
№3. Келесі сандарды координаталық түзуді пайдаланып қосыңыз: а) 3, -4, 5; ә) -6, -2, 1.
Қосылғыштардың орнын ауыстыруға болады ма? Есептеп көріңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер?
№5. Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5 млн. тг, екінші айда -3 млн. тг, ал үшінші айда +1 млн. тг болды. Фирманың үшінші айдағы ақша есебінің өзгерісі неше теңге? Фирма зиян шеккен ба, әлде пайда тапқан ба?
Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау. Прогресс, жұппен жұмыс кезіндегі жауап реакциясы әр оқушының үлесін бағалау.
Жауабы: Үшінші айда +1 млн. тг болды. Фирма пайда тапқан.
Қосымша есептер:
№6. Ұялы телефон бағасы алғашқыда 4500, келер айда тағы 3000 теңгеге арзандатылды. Ұялы телефонның алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?
Шешуі: х-4500-3000=x-7500
Жауабы: х-7500
№7. Ауа шары Жер бетінен 400 м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды?
Шешуі: 400-70-130+100=300
Жауабы: 300м
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2015
«Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру