Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Рационал сандарды координаттық түзудің көмегімен қосу
Оқыту мақсаты:
6.1.2.10 бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал).
Бағалау критерийлері: Оқушы:
- координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз; 2. Осы нүктені - в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге; - в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз; 3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Сыныппен жұмыс:
Мұғалім алдыңғы өткен сабақ мақсатын еске түсіріп, төмендегідей сұрақтар қою арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен анықтайды.
1. Координаталық түзу дегеніміз не?
2. Координаталық түзуде оң сандар қай бағытта кескінделеді?
3. Координаталық түзуде теріс сандар қай бағытта кескінделеді?
4. Координаталық түзуде сандарды қалай кескіндейміз?
5. Координаталық түзуде бүтін сандарды қалай салыстырамыз?
6. Термометрді координаталық түзу ретінде пайдалана аламыз ба? Неліктен? Термометрдің оң бағыты қалай қарайды?
Келесі тапсырманы ауызша шешуге ұсыну:
Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар? (Оқушылар өз ойларын айтады).
Оқушылардың жауаптарын қорыта келе сабақ мақсатымен таныстырылады.
Сабақтың мақсаты: координаттық түзудің көмегімен рационал сандарды қосу мен азайтуды үйренеді. Олай болса бүгінгі сабақтың мақсатына жету үшін нені білуіміз керек?-деген сұрақ қойылады. (оқушылар өз ойларын айтады). Демек біз бағалау критерийлерін құрдық . Бағалау критерийлерін айтып өту
1. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады.
Жаңа сабақты түсіну.
Жұптық жұмыс:
Мұғалім оқушыларды ойландыру мақсатында 1-тапсырмаға қайта оралалып жұппен талқылауды ұсынады.
Тапсырма 1. Таңертең ауа температурасы 8° болды, ал түсте 3°-қа өзгерді (3°-қа жоғарылады). Түсте ауаның температурасы неше градус болды?
1. Қалай есептеп таптыңыздар?
2. Есепті координаталық түзуде шешіп көрсетер болсақ қалай болар еді?
3. Ал егер есептің шартында бастапқыдағы температура -3°-қа өзгерсе ше? Бұл жағдайда есепті қарай шығарамыз?
4. Бұл жағдайда есепті координаталық түзу көмегімен қалай шығарамыз?
5. Координаталық түзуде берілген санға оң және теріс сандарды қосу алгоритмін құрыңыздар.
Мұғалім оқушыларға берілген тапсырма бойынша фронтальді жұмыс жүргізеді. Оқушылардың жауаптарын талқылау және қорытындылау арқылы жаңа сабақтың мазмұнын ашады.
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына 3 санын қосу үшін А нүктесін оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(11). Яғни 8+3=11.
Координаталық түзуде 8 санын А нүктесімен кескіндейік. 8 санына -3 санын қосу үшін А нүктесін солға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжытамыз. Сонда қосынды В нүктесің координатасына тең болады, В(5). Яғни 8+(-3)=5.
Осы жерде оқушыларда түсінбеушілік тудырмау үшін азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын түсіндіру, мысал келтіру:
а +(- в) = а - в
Мысалы: 8-3=8+(-3)
9-6=9+(-6)
-5-7=-5+(-7)
-11-4=-11+(-4)
Берілген тапсырма бойынша оқушылар қандай ереже құрғандарын айтып өтеді және оқушылардың берген дұрыс жауаптарының негізінде координаталық түзудің көмегімен сандарды қосу алгоритмін құрамыз.
Координаталық түзуде а санына оң в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені оңға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
Координаталық түзуде а санына теріс в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және айырма осы нүктенің координатына тең.
Осы жұмыстың қорытындысы ретінде мұғалім азайтындыны қосынды түрінде жазуға болатынын ескере отырып айтылып өткен екі ережені біріктіріп координаталық түзінің көмегімен сандарды қосу үшін келесі алгоритмді ұсынады.
Координаталық түзуде бүтін а санына бүтін в санын қосу ережесі:
1. А(а) нүктесін белгілейміз;
2. Осы нүктені
- в оң болған жағдайда оңға қарай в бірлік кесіндіге;
- в теріс болған жағдайда солға қарай в бірлік кесіндіге жылжытамыз;
3. Табылған нүктені В деп белгілейміз және қосынды осы нүктенің координатына тең.
Жаңа сабақты меңгеру.
Жұптық жұмыс нәтижесінде сандарды координаталық түзуде қосуға және азайтуға байланысты бірнеше қорытынды жасайтындарын ескертіп айту. Оқушылардың қателесуінің алдын алу үшін есеп мәтініне назар аударту. (қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға бағыт береді. Есептерді оқушыларға дескриптормен ұсынады.
Дескриптор: Білім алушы
- Координаталық түзуде санды белгілей алады;
- Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.
№1. Қосу амалы арқылы жаз:
1.А(5) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
2.В(-6) нүктесі оңға қарай 2 бірлік кесіндіге жылжыды.
3.С(-9) нүктесі солға қарай 4 бірлік кесіндіге жылжыды.
4. D(7) нүктесі оңға қарай 3 бірлік кесіндіге жылжыды.
Жауабы: 1)5+(-4) 2)-6+2 3)-9+(-4) 4)7+3
№2. а) Келесі сандарды координаталық түзуде қосыңыз;
ә) Бірінші қосылғыш пен қосындыны салыстырыңыз.
1) 6 және 3;
2) 2 және 5;
3) -2 және 5;
4) -4 және -3;
5) 6 және 0;
6) -5 және 0;
7) -3 және 3;
8) 1 және -1.
Жауабы: 8)
Қандай қорытындыға келдіңіздер? Сөйлемді аяқтаңыз:
1) Кез келген санға оң санды қоссақ ...( бастапқыдағы сан артады)
2) Кез келген санға теріс санды қоссақ ... ( бастапқыдағы сан кемиді)
3) Кез келген санға нөлді қоссақ ...( бастапқыдағы сан өзгермейді)
4) Қарама-қарсы сандарды қоссақ ... (қосынды 0-ге тең болады)
№1 және №2 есептер нәтижелерін оқушылар дайын жауап арқылы өз-өздерін тексереді. Қорытындылар талқыланады.
Келесі есеп нәтижелерін оқушылар бірін-бірі тақтада жазып қойылған нәтижелер бойынша тексереді. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тақтаға оқушы шығаруға болады.
Жаңа сабақты бекіту.
Жеке жұмыс:
№3. Теңіз деңгейінен -24 метрдегі ойпаттан тереңдігі 74 метр шахта қазылған. Шахта түбіндегі зат теңіз деңгейінен неше метр тереңдікте жатады?
Шешуі: 24+74=98
Жауабы:98м
№4. Сүңгуір қайық -310 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін +36 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық қандай тереңдікте жүзді?
Шешуі: 310-36=274
Жауабы: 274 м.
Сабақ барысында қажет болған жағдайда жекелеген оқушыларға қосымша есептер ұсынуға болады.
Қосымша тапсырмалар:
№5. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+3, а+(-4), а-2, а-7 сандарын кескіндеңіз.
№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?
Жауабы: х-1500
№6. Тауар бағасы 1500 теңгеге арзандатылды. Тауардың алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2015
«Математика» оқулығы 6 сынып, Виленкин
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру