Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, презентация.
Рационал сандарды салыстыру
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:
6.1.2.12
рационал сандарды салыстыру.
Бағалау критерийі:
бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;
сандарға классификация жасай алады;
координаталық түзуде рационал сандарды кескіндей алады және салыстырады.
Өткенді қайталау.Сауалнама: «Оң және теріс сандар»
Координаталық түзудегі сандарды көрнекі түрде салыстыру.
Координаталық түзу көлденең орналасады. Оң таңбалы сандар нөл санынан оңға қарай орналасады, теріс таңбалы сандар нөлден солға қарай орналасады.Есте сақта!
Координаталық түзуде орналасқан екі нүктеден үлкені оңға қарай кескінделеді, ал кішісі – сол жақта кескінделеді.Рационал сандарды салыстыру бойынша қорытынды:• Кез келген оң сан нөлден және кез келген теріс саннан артық;• Кез келген теріс сан нөлден және кез келген оң саннан кіші.Мысал.Есте сақта!
Екі оң таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі үлкен сан үлкен болып табылады.
Координаталық түзуде екі теріс таңбалы сандардың арасынан үлкені оңға қарай, нөлге жақын орналасады. Себебі ол санның модулі кіші болып табылады.
Есте сақта!
Екі теріс таңбалы сандарды салыстырғанда, модулі кіші сан үлкен болып табылады.
Мысал. «−6» және «−12» сандарын салыстырыңыз.
Координатасы «−12» тең нүктемен салыстырғанда координатасы «−6» тең нүкте нөлге жақын орналасқан.
«|−6| < |−12|», сондықтан, «−6 > −12».
Жұптық тапсырма.
Көп нүктенің орнына дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз:
1. … 0
2. 0 … 0,58
3. …
4. –2,1 … -0,6
5. … 0
6. –9,9 … 0,1
7. …
8. –0,48 … -4,8
9. –5,7 … -5,6
10. 0 …
Сыныппен жұмыс.
№1. 3; 2,5; − 5,6; 0,25; − 6,89; 0 сандары берілген.
- берілген сандарға карама-қарсы сандарды табыңыз.
- әр санның модулін табыңыз.
- модулі ең үлкен санды; модулі ең кіші санды таңдаңыз.
№2. Бөлшектерді салыстырыңыз:
1/5 және 1/8;
2/5 және 3/4;
5/6 және 3/8;
№3.
а) Өсу ретімен орналастырыңыз:
-2,01; -2,1; -2,001; -2,009; -2,011.
в) Кему ретімен орналастырыңыз:
; -0,625; ; ; -0,605.
Өз бетімен жұмыс.
№1. Салыстырыңыз:
№2. Берілген сандарды: 2,8; 0,5; 0; -1; -1,1; 0,1; -1,6
а) өсу ретімен;
в) кему ретімен орналастырыңыз.
Шығармашылық тапсырма жұппен жұмыстану
Сөйлемнің мағынасын түсіндіріңіз:
а) температураның өзгерісі t 0C, егер t = 28; -30; -8; 4,5; -1,7.
в) серіппе ұзындығы өзгеріcі х мм, х = -10; 12; -9; -4.
Жұптар арасында пікірлерін тыңдау, талқылау жүргізіледі
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру