Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды салыстыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

6.1.2.8

бүтін сандарды салыстыру.

6.1.2.12

рационал сандарды салыстыру.

Бағалау критерийі:

бүтін сан, теріс сан, рационал сан ұғымдарын біледі;

сандарды классификация жасай алады;

координаталық түзуде бүтін және рационал сандарды салыстырады.

Математикалық диктант.

1. Координаттық түзуде төмендегі нүктелерді белгілеңіз: – 4; – 2; 5; 1; .

2. Рационал сандарды салыстыру ережелерін пайдаланып, дұрыс салыстыру таңбасын қойыңыз:

а) – 4 … 0;

б) – 2,5 … 0;

в) … 0.

3. Сөйлемді аяқтап, қорытынды шығарыңыз:

Нөл саны кез келген теріс саннан ..................................

Жұптық жұмыс.

№ 1. Келтірілген үш жағдайдың дұрыс немесе дұрыс емес екенін тексеріңіз.

Бірінші: Кеше ауа температурасы − 27°С болған, ал бүгін термометр − 20°С көрсетіп тұр. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік, модуль арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

Екінші. Кеше термометр − 4°С көрсетті, ал бүгін температура 0°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

Үшінші: Кеше термометр − 7°С көрсетті, ал бүгін температура 3°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.

Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.

№2. Сандарды өсу ретімен орналастырыңыз:

4,4; − 3,5; 3,48; 0; − 0,5; 4,01; 3,49; − 5,9.

№3. Қайсысы ең үлкен сан: −9; −30; 9?

№4. −11,35 және −11,34 сандары берілген. Қайсысы ең кіші?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу