Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Жұптық жұмыс.
№ 1. Келтірілген үш жағдайдың дұрыс немесе дұрыс емес екенін тексеріңіз.
Бірінші: Кеше ауа температурасы − 27°С болған, ал бүгін термометр − 20°С көрсетіп тұр. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.
Жауапты теңсіздік, модуль арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.
Екінші. Кеше термометр − 4°С көрсетті, ал бүгін температура 0°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.
Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.
Үшінші: Кеше термометр − 7°С көрсетті, ал бүгін температура 3°С дейін көтерілді. Бүгінге қарағанда кеше салқын болған.
Жауапты теңсіздік арқылы дәлелде, сәйкес ережені айтып шығыңыз.
№2. Сандарды өсу ретімен орналастырыңыз:
4,4; − 3,5; 3,48; 0; − 0,5; 4,01; 3,49; − 5,9.
№3. Қайсысы ең үлкен сан: −9; −30; 9?
№4. −11,35 және −11,34 сандары берілген. Қайсысы ең кіші?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру