Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақ өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Рационал сандарды салыстыру.
Оқыту мақсаттары:
- 6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;
- 6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.
Бағалау критерийлері: Оқушы:
- бүтін сандарды салыстырады;
- рационал сандарды салыстырады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Мысалы: ; 4; 0,8 ; 16 15,9.
Мысалы: 0; 4; 0,8 ; 16 0.
Мысалы: - 0; - 4; - 0,8 ; - 16 0 2
Мысалы: - ; - 4; - 0,8 .
| Ескерту:
Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Жұпқа бөлу:
Оқушыларға әр түрлі сандар таратылады. Сандарының қосындысы 0-ге тең оқушылар бірге жұптасады. Мысалы: -19 cанын алған оқушымен, 19 санын алған оқушы бірге жұптасады.
Мұғалім топтық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
1-тапсырма.
Бұл тапсырма өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыруға бағытталған. Бұл тапсырманы ауызша орындайды. Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беруді басты назарда ұстау керек.
- Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?
Оң және теріс сандар, координаталық түзу, қарама-қарсы сандар, санның модулі.
Координата түзуін еске түсірелік.
-Координаталық түзуге анықтама беріңіз.
Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.
Оң және теріс сандарды еске түсірейік.
- Оң сандарға мысал келтіріңіздер.
- Теріс сандарға мысал келтіріңіздер.
- Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?
Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді.
Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді.
- 0 саны жайлы не білесіз?
0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.
13; -7.2; 0; 46; -46 сандарынан мына сандарды теріп айтыңыз:
а) оң сандар;
б) теріс сандар;
в) оң санға да, теріс санға да тиісті емес сан.
Жауабы:
а) 13; 46;
б) -7,2; -46;
в) 0.
2-тапсырма.
Бұл тапсырма теориялық материалдарды қайталауға бағытталған. Бұл тапсырманы жазбаша орындайды.Мұғалім оқушылардың қажеттілігін анықтап, сол арқылы оқушының анағұрлым жоғары деңгейге жылжуын қамтамасыз ете отырып, оқушылардың материалды қаншалықты меңгергеніне сәйкестендіру мақсатында оқытуды бейімдеуге мүмкіндік береді.
а) қарама-қарсы координаталары бар нүктелерді жазып алыңыз
Жауабы: Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер жоқ.
б) Нүктелерді координаталық түзуде бейнелеңіз: М(4); N(-3,5); Р(2,5); К(-2).
Жауабы:
Қарама-қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталайық.
-Қарама-қарсы сандардың анықтамасын айтыңыз және оған мысалдар келтіріңіз
-а санының модулі дегеніміз не?
-Оң санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз
-Теріс санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз
- 0 санының модулі неге тең?
Тарсырмаларды жазбаша орындаңыз.
а) Координаталары қарама- қарсы болатын нүктелерді жазыңыз.
б) берілген сандардың ішінде ең үлкен модульге ие санды жазыңыз -2,6; 2,05; 2,2; -2,22; 2,53
в) Есепте: |-4|1,5; 34 - |- 16|; |+23|+|-8|.
Жауабы:
1. а) Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер жоқ.
б)
- а) Қарама-қарсы координаталары бар нүктелер А және С
б) 2,53
в) 6; 18; 31.
3- тапсырма.
Тапсырма 3.
Оқушылар тапсырманы ауызша орындайды.
Сандарды салыстырыңыз:
- 15 және 28;
- 13,7 және 8,6;
- және ;
- 12,3 және 12,29;
- - 8 және 6.
-Не себепті біз соңғы санды салыстыра алмаймыз?
-Бұл сандар қалай аталады?
-Біз барлық сандарды салыстыра аламыз ба?
-Ендеше сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін анықтайық.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
Соңғы мысалды шешу үшін бізге координата түзуі қажет.
Координата түзуіндегі О нүктесінің оң жақ бөлігіндегі сандар өспелі болса керісінше сол жағындағы сандар кемімелі болып табылады. Екі оң саннын қайсысы оң жақа көбірек жақын болса сол сан үлкен болады және екі теріс санның қайсысы сол жаққа жақын болса сол сан кіші болады. Екі рационал сандардың арасында координат түзуінде оң жағында сан солға жағындағы саннан үлкен болады. Енді біз соңғы сандар жұбын салыстыра аламыз.
Сабақты бекіту кезеңінің алдында 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.
«Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз
- Дем алу - дем шығару - үзіліс
- 2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
- 3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс
4-апсырма.
Бұл тапсырманы оқушылардың алдыңғы білімдерін бекіту үшін жеке орындауға берген жөн. Оқу туралы танымдық теорияға негізделе отырып, бұл оларға өздерінің бар білімдерін толықтырып, жаңа білімдерін, бұған дейінгі қалыптасқан құрылымға кіріктіруге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға бұл білімді өздері игергендігін сезінуге көмектеседі.
№1. Сандарды 0 санымен салыстырып, теңсіздік түрінде жазыңыздар.
а) 4; -7; 8; -1;
б) - ; 2; - ;
с) 8,1; - 3,7; - 9,8.
Жауабы:
а) 40; -70; 80; -10;
б) 20; - 0; - 0;
с) 8,10; - 3,7; - 9,80.
№2. Координаталық түзудегі А және В, С және D, К және L нүктелеріне cәйкес сандарды салыстырыңыздар.
Жауабы:
-2,5-2-1,31,52
№3. Температураны салыстырып, кестені толтырыңыздар:
Температура | 3 пен - 4 | -7,5 пен -1 | 0 мен 2 | 5 пен -3 | 0 мен 8 |
Теңсіздік |
|
|
|
|
|
Жауабы:
Температура | 3 пен - 4 | -7,5 пен -1 | 0 мен 2 | 5 пен -3 | 0 мен 8 |
Теңсіздік | 3 - 4 | -7,5 -1 | 02 | 5-3 | 08 |
№4. Координаталық түзуде мына сандар қандай бүтін сандардың аралығында орналасқан? Қос теңсіздік түрінде жазыңыздар.
а )- ; б) 3,4; в) - 2 ; г) 1,7; д) – 8,3; е) 9,5; ж) - 4.
Жауабы:
а) -1- 0;
б) 3 3,44;
в) -3- 2 -2;
г) 1 1,72;
д) -9 -8,3-8;
е) 9 9,510;
ж) -5 -4-3.
5-апсырма
Тестті орындаңыздар:
1) Екі рационал санның үлкені қай жақ бөлігінде орналасады?
а) оң;
б) сол.
2) Екі рационал санның кішісі қай жақ бөлігінде орналасады?
а) оң;
б) сол.
3) 0, -10, 12, -6 Бұл сандарды қайсысы сол жақ бөлігіне
анағұрлым жақын орналасқан?
а) 0;
б) -10;
в)12;
г) -6.
4) 0, -8, -14, 5 Бұл сандардың қайсысы ең кіші модульге ие?
а) 0;
б) -8;
в )-14;
г) 5.
5) -5, 0, 11, - 2 сандарын өсу ретімен орналастырыңыз
а) 0, 12, -5, 11;
б) 11, 0, -2, -5;
в ) -5, -2, 0, 11.
Жауабы: 1) а
2) б
3) б
4) в
5) в
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
google.kz
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру