Рационал сандарды салыстыру. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


 Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 

 Рационал сандарды салыстыру.

 Оқыту мақсаттары:

  •  6.1.2.8 бүтін сандарды салыстыру;
  •  6.1.2.12 рационал сандарды салыстыру.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

 Бағалау критерийлері: Оқушы:

  •  бүтін сандарды салыстырады;
  •  рационал сандарды салыстырады.

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

  •  Екі оң санның қайсысының модулі үлкен болса, сол сан үлкен.

 Мысалы: ; 4; 0,8 ; 16 15,9.

  •  Кез келген оң сан 0-ден үлкен.

 Мысалы: 0; 4; 0,8 ; 16 0.

  •  Кез келген теріс сан 0-ден кіші және кез келген оң саннан кіші.

 Мысалы: - 0; - 4; - 0,8 ; - 16 0 2

  •  Екі теріс санның қайсысының модулі кіші болса, сол сан үлкен.

 Мысалы: - ; - 4; - 0,8 .

 

 Ескерту:

 

 Рационал сандарды салыстыруды пайдаланғанда:

 

  •  Егер « а – оң сан» болса, ол жалпы түрде былай жазылады: а > 𝟎
  •  Егер « b – теріс сан» болса, ол жалпы түрде былай жазылады: b < 0

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

 Сыныппен жұмыс:

 Мұғалім оқушыларға «Рационал сандарды салыстырудың қандай тиімді тәсілі бар?» деген сұрақ қояды. Оқушылардың өздері шешу жолдарын ұсынуға мүмкіндік берілу керек.

 Мұғалім дер кезінде кері байланыс беріп, рационал сандарды салыстырудың алгоритмін құруға жетелейді. Бұл олардың өз күшіне деген сенімін арттырады.

 

 1-тапсырма.

 Бұл тапсырманы орындауда, алдында құрылған рационал сандарды салыстыру алгоритмін қолдану керек. Оқушылардан әр кезде өз шешімдерін негіздеп отыруы сұралады. Бұл тапсырма ауызша орындалады.

 

  1) | - 15| және |3,5| ; 2) | 10| және | - 10|; 3) | - 1,6| және |1,5|

 4) - 3,4 пен – 1; 5) – 0,99 бен -100; 6) - пен - 2 ;

 7) - пен - ; 8) - пен - .

  Жауабы:

 

 

  •  Өткен сабақта қандай тақырыптарды оқыдық?

 Оң және теріс сандар, координаталық түзу, қарама-қарсы сандар, санның модулі.

 Координата түзуін еске түсірелік.

 -Координаталық түзуге анықтама беріңіз.

 Координаталық түзу дегеніміз санақ басы болатын О нүктесі және бірлік кесіндісі таңдап алынған, оң бағыты көрсетілген түзу.

 Оң және теріс сандарды еске түсірейік.

  •  Оң сандарға мысал келтіріңіздер.
  •  Теріс сандарға мысал келтіріңіздер.
  •  Оң және теріс санның арасындағы айырмашылық қандай?

 Координаталық түзудің О нүктесінен (санақ басынан) оң бағытта оң сандар кескінделеді.

 Координаталық түзудегі оң бағытқа қарама-қарсы (солға қарай) бағыт теріс бағыт деп аталып, ол бағытта теріс сандар кескінделеді.

  •  0 саны жайлы не білесіз?

 0 (нөл) саны оң санға да, теріс санға да жатпайды.

 

 Осы алынған мәліметтерді пайдаланып оқушылар тапсырманы орындауы керек.

 

 2-тапсырма.

 Келесі тапсырманы оқушылар орындау барысында теріс сандар және теріс сандардың модулі (абсолют шамасын) ажырата алуылары керек. Бұл тапсырманы оқушылар жазбаша орындайды.

 

  •  (-5) (-5,7), онда | - 5| |-5,7| ;
  •  (-7) (-6,3), онда | - 7| |-6,3| ;
  •  (-2) (-1,25), онда | - 2| |-1,25| ;
  •  (-9) (-8,7), онда | - 9| |-8,7| ;

 Жауабы:

 1) (-5) >(-5,7), онда | - 5| < |-5,7| ;

 2) (-7) <(-6,3), онда | - 7| > |-6,3| ;

 3) (-2) < (-1,25), онда | - 2| > |-1,25| ;

 4) (-9) < (-8,7), онда | - 9| > |-8,7| .

 

 Қарама-қарсы сандар және санның модулі тақырыптарын қайталайық.

 -Қарама-қарсы сандардың анықтамасын айтыңыз және оған мысалдар келтіріңіз

 -а санының модулі дегеніміз не?

 -Оң санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

 -Теріс санның модулі неге тең? Мысалдар келтіріңіз

 - 0 санының модулі неге тең?

 

 

 

 

 

 

 

 3- тапсырма.

 Оқушылар сандардың координаталық түзуде орналасуын және қарама-қарсы сандар ұғымын білгені дұрыс. Мұғалім оқу ортасының қандай екенін үнемі назарда ұстағаны дұрыс. Өйткені келесі тапсырмада координаталық түзуде сандардың орнында әріптер қойылған.

 Координаталық түзуде берілген сандарды салыстырып, нәтижесін теңсіздік арқылы көрсетіңдер. Мұндағы х пен у сандары – қарама- қарсы сандар:

  •  Координаталық түзудің санақ басы (О нүктесі) болатын нүктені табыңдар:

 

  •  Салыстырыңыздар: а) m саны мен n санын;

  ә) d саны мен k санын;

  б) d саны мен n санын;

 Жауабы: а) m < n ә) d < k б) n<d

 Бірнеше оқушылардан тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған оқушылардан сұрап талқыланады.

 

 Мұғалім оқушыларды қажеттіліктеріне қарай ( үлгермеушілерді үлгерушілер қатарына шығаруға) көмектесу үшін келесі ережелерді ұсынуға болады.

  Координата түзуіндегі О нүктесінің оң жақ бөлігіндегі сандар өспелі болса керісінше сол жағындағы сандар кемімелі болып табылады. Екі оң саннын қайсысы оң жақа көбірек жақын болса сол сан үлкен болады және екі теріс санның қайсысы сол жаққа жақын болса сол сан кіші болады. Екі рационал сандардың арасында координат түзуінде оң жағында сан солға жағындағы саннан үлкен болады.

 

 Сабақты бекіту кезеңінің алдында 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.

 «Дем алу» жаттығуынан бастаймыз. Ендеше көзімізді жұмып жаттығуды бастаймыз

 

  •  Дем алу - дем шығару - үзіліс
  •  2 рет дем алу - 2 рет дем шығару - үзіліс
  •  3 рет дем алу - 3 рет дем шығару - үзіліс

 

 1-тапсырма.

 Бұл тапсырманы орындау барысында оқушыларға модулі бар өрнектерді ықшамдау әдістерін білгені дұрыс.

 Салыстырып, жұлдызшаның орнына тиісті теңсіздік белгісін қойыңыздар:

 

  •  | -1,5| + | 8| |1,5 + 8| ;
  •  | 7| + | - | |7 - | ;
  •   | - 1| + | -4 | | 1 + 4 | ;
  •   | 2| + | - 0,8| | 2 - 0,8 | .

 Жауабы:

 1) | -1,5| + | 8| = |1,5 + 8| ;

 2) | 7| + | - | > |7 - | ;

 3) | - 1| + | -4 | = | 1 + 4 | ;

 4) | 2| + | - 0,8| > | 2 - 0,8 | .

 

 

 

 

 

 2-тапсырма.

 Бұл тапсырмада оқушылар берілген суреттегі сызба мен шарттарды байланыстыру керек.

 

 

 Суреттегі m және n сандары үшін мына тұжырымдарды сәйкестендіріңіз.

  •  m және n – оң сандар, мұндағы | m | | n |
  •  m және n – теріс сандар, мұндағы | m | | n |
  •  m – теріс сан, n – оң сан, мұндағы | m | | n |
  •  m – оң сан, n – теріс сан, мұндағы | m | | n |

 

 1

 

 а)

 2

 

 ә)

 3

 

 б)

 4

 

 в)

 

 

 3-тапсырма.

 Келесі тапсырмада оқушылар берілген сандарды өсу және кему ретімен жазулары керек. Егер оқушыларға тапсырма қиындық тудырған жағдайда, мұғалім сандарды координаталық түзуде орналастырып орындауына болатынын ескерткен жөн..

 

  •  Сандарды өсу ретімен жазыңыз:

  - ; 3; - 2 ; 1,7; - 8; 9,5; - 4.

  •  Сандарды кему ретімен жазыңыз:

  3,5; 4,1; - ; 2; 0; - .

 Жауабы: 16) -8,-4,-2,-,1,7,3,9,5;

 

 

 Презентациядағы дайын жауаптар бойынша өзін-өзі тексеріп, дескриптор боынша өзін бағалайды.

 

 Мысалы:

  •  егер барлық жұмыс дұрыс орындалса, «өте жақсы»,
  •  егер жауаптары дұрыс, кейбір түсіндірмелер қиындық тудырса «жақсы»,
  •  егер барлық жұмыстың 70-ы дұрыс болса, онда «тәжірибе қажет»
  •  егер барлық жұмыстың 70-нан азы дұрыс болса, онда «көмек қажет» деп бағалауға болады.

 

 

 

 

 Бағалау критерийі

 Дескриптор

 -бүтін сандарды салыстыра алады;

 -рационал сандарды салыстыра алады

 Оң және теріс сандардың модулін табады

 Модулі бар өрнектің мәнін табады

 Рационал сандарды салыстыра алады

 Сандар мен координаталық түзудің сәйкестіктерін орнатып, өз жауабын түсіндіріп бере алады.

 Рационал сандарды өсу ретімен жаза алады

 

 Рационал сандарды кему ретімен жаза алады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

 google.kz

 https://bilimland.kz/kk/courses/math-kz/arifmetika/butin-sandar/lesson/sannyng-moduli



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу