Санның модулі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар
Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар
Оқыту мақсаты: координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеуді үйренеді.
Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.
Бағалау критерийлері: Оқушы:
- Санның модулі анықтамасын біледі;
- Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады.
Негізгі ұғымдар, анықтамалар.
Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі: Мысалы:
| Модуль латынша modulus - қазақша "мөлшер" деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда "модульдің" орнына абсолюттік шама деп те атайды. Бұл терминді 1806 жылы француз Математикгі Жорж Аргон енгізген.
|
Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.
Жұпқа бөлу:
Оқушыларға қарама-қарсы сандар таратылады, қағаз қиындыларында жазылған қарама-қарсы сандарды дұрыс табу арқылы, оқушылар жұптарға бөлініп отырады..
Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.
Мұғаім сабақтың тақырыбын анықтату үшін «Ой қозғау» стратегиясын қолданады.
1-тапсырма.
Бүінгі сабақтың тақырыбын білу үшін берілген сандарға қарама-қарсы сандарды тауып, екінші кестеден сол сандарға сай келетін әріптерді сәйкестендіріңіз.
Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.
Мұғалім таныстырылым арқылы санның модулі ережесін береді. Санның модулі ұғымын қалыптастыру физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал ететінін атап өткен маңызды..
Модуль латынша modulus - қазақша "мөлшер" деген мағынаны білдіреді. Кейбір жағдайда "модульдің" орнына абсолюттік шама деп те атайды. Бұл терминді 1806 жылы француз Математикгі Жорж Аргон енгізген.
1.А ,В және С нүктелерінің координаталары қандай?
2.Координаталар бас нүктесінен А, В және С нүктелеріне дейінгі қашықтық неге тең?
3.- 5 санының модулі 5-ке тең, -3 санының модулі 3-ке тең, 4 санының модулі 4-ке тең.
Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі:
Мысалы: ;
Мұғалім фронтальды түрде есептерді оқушылармен талқылайды.
2-тапсырма.
Проблемалық оқыту.
Тапсырма 2.
Нөл санының модулі неге тең? Не себептен?
Қандай сан, санның модулі бола алмайды?
Оң санның модулі неге тең?85
Теріс санның модулі неге тең? 56
Берілген сандар: 4 және - 4; 94 және - 94; - 42 және 42
1) Осы сандар қалай аталады?
2) Сандардың әрқайсысының модулін табыңыз.
3) Модульдерін салыстырыңыз.
4) Қандай қорытынды шығарасыз?
Жауабы: |4|=4 және |-4|=4; |94|=94 және |-94|=94; |-42|=42 және |42|=42.
|-а|=|a|
Ара қашықтық оң санмен немесе нөл санмен жазылатыны белгілі. Онда санның модулі координаталық түзуде берілген санды кескінейтін нүктенің санақ басынан қашықтығы болатындықтан, модуль теріс санмен жазылмайды.
Координаталық түзуде о санын кескіндейтін нүкте санақ басы мен (О нүктесімен) беттеседі. Онда . Нөл санының модулі 0-ге тең.
Оқушылар нәтижелерді салыстырады. Жіберілген қателерді талдайды.
Сабақты меңгеру кезеңінің алдында «көз жаттығуын» жасату абзал. https://www.youtube.com/watch?v=dz7bggLAjwM
3- тапсырма.
Оқушыларға жұппен орындауға тапсырма беріледі. Әр жұпқа екі түрлі тапсырма беріледі, тапсырмалар саны мен күрделілігі бойынша айырмашылықтары бар. Бұл тапсырмаларды саралап беруге болады. Бұл тапсырманы орындау барысында «Темп бойынша саралау» түрі қолданылады.
1. Сандардың модулін табыңыз:
1);
7).
Жауабы:
2. Сандық осьте кескінделген А, В, С, К нүктелерінің координаталарын табыңыз және модуль белгісін қолданып санақ басынан нүктеге дейінгі қашықтықты жазыңыз.
Жауабы:
Тапсырма 4.
Бұл тапсырма оқушыларға санның модулінің анықтамасын қолдану дағдыларын үйренуге бағытталған. Оқушылар тапсырмаларды өз бетінше аяқтауы керек.
Өрнектерді жеңілдету үшін.
1. Өрнектің мәнін табыңыз:
1) |-8|-|-5| ; 2) |-10|*|-5|; 3)|240|:|-80| ; 4)|-710|+|-290|
Шешуі: 1)|-8|-|-5|=8-5=3 2) |-10|*|-5|=10*5=50
3)|240|:|-80|=240:80=3 4)|-710|+|-290|=710+290=1000
Жауабы:1) 3 2) 50 3) 3 4) 1000
2. х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады:
1) 3; 2) 5; 3) ;
4) ; 5) 6)1,5
Шешуі: 1) 3 2) 5; 3) 4) ;
x=-4 x=4 x=6 x=9 x=16,3
5) x=6 x=-6 6)1,5 x=3
Жауабы: 1)-4,4 2) 6 3) 9 4) 16,3 5) 6,-6 6) 3
3. 1) Модульдері 5-тен кіші бүтін сандардың А жиынын жазыңдар. А жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар.
2) Модульдері 5-тен кіші натурал сандардың В жиынын жазыңдар. В жиынының элементтерінің санын көрсетіп жазыңдар.
3) А және В жиындарының қайсысы ішкі жиын екенін көрсетіп жазыңдар.
Бағалау критерийі | Дескриптор | |||||
Санның модулі анықтамасын біледі және оны есептер шығаруда қолданады |
| |||||
|
|
Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:
«Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011
google.kz
https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580
https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру