Санның модулі. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар

 Оң сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар.

 

 Оқыту мақсаты: 6.2.1.11 өрнегінің геометриялық мағынасын түсінеді.

 Сабаққа қажетті құралдар: тақырып бойынша таныстырылым; таратпа материалдар (дидактикалық материал); сандар жазылған үлестірме қағаздар.

 Бағалау критерийлері: Оқушы:

  •  Модульдің геометриялық мағынасын қолданады;
  •  Санның модулінің анықтамасын есептер шығаруда қолданады.

 

 Негізгі ұғымдар, анықтамалар.

 

  Анықтама: а санының модулі деп координата бас нүктесінен А(а) нүктесіне дейінгі (бірлік кесіндідегі) қашықтықты айтады. Белгіленуі:

 Мысалы:

 

  өрнегінің мәні а мен санына сәйкес нүктелердің арақашықтығын білдіреді.

 Сонда |x+2|=5 теңдеуінің геометриялық мағынасы х пен -2-ге сәйкес нүктелердің арақашықтығы 5 болғандықтан х=2+5=3 немесе х= - 2 - 5= -7 Жауабы: х=3; х=-7.

 

 

 Сабақтың қысқаша түсіндірмесі.

 

 Жұпқа бөлу:

 Оқушыларға қарама-қарсы сандар таратылады, қағаз қиындыларында жазылған қарама-қарсы сандарды дұрыс табу арқылы, оқушылар жұптарға бөлініп отырады..

 Мұғалім жұптық жұмыс пен әр оқушының жұпта атқаратын рөлі туралы ережені жасап, тиімді жұптық қарым-қатынасты ұйымдастырады.

 Мұғаім сабақтың тақырыбын анықтату үшін «Ой қозғау» стратегиясын қолданады. Мұғалім оқушылармен бірге сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін анықтайды. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін оқушылардың түсінуі үшін, сынып ауқымында талқылау пайдаланылады.

 Санның модулінің геометриялық мағынасын түсіну физика пәнінен өтетін траектория, жол, орын ауыстыру сияқты физикалық терминдердің мағынасын түсінуге ықпал ететінін атап өту маңызды.

 1-тапсырма.

 Оқушыларға жұппен келесі тұжырымдардың математикалық моделін жазу ұсынылады.

 Оқушыларға дер кезінде кері байланыс беріледі. Бірақ мұғалім бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Оқушылар тек сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар координаталық түзу жайында ой-түйіндерін айтулары тиіс.

 1. Нүкте санақ басынан оң бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан; (|3|);

 2. Нүкте санақ басынан сол бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан; (|-3|);

 3. Нүкте координатасы 4 –ке тең нүктеден сол бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан;

 (|4 + (-3)|);

 4. Нүкте координатасы 2-ге тең нүктеден оң бағытта 3 бірлік қашықтықта орналасқан; (|2 + 3|);

 5.Нүкте координатасы a-ға тең нүктеден b бірлік қашықтықта орналасқан; (|ab|).

 Мұғалім оқушылармен бірге шыққан жазбаларды талқылау және өрнегінің геометриялық мағынасын түсінуін бағалау.

 2-тапсырма.

 Бұл тапсырма оқушылардың зерттеушілік (шығармашылық) қабілеттерін дамытуға бағытталған. Мұғалім кері байланыс берген кезде баланың зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек.

 1 - топ координаталық түзуде оң таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді;

 2 - топ координаталық түзуде теріс таңбалы сандардың арақашықтығын зерттейді;

 3 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі үлкен);

 4 - топ координаталық түзуде 0 мен оң таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді;

 5 - топ координаталық түзуде 0 мен теріс таңбалы сандардың арасындағы қашықтықты зерттейді;

 6 - топ координаталық түзуде таңбалары әртүрлі сандардың арақашықтығын зерттейді (оң таңбалы санның модулі кіші).

 Әр топ осы тапсырманы орындаудың алгоритмін немесе ережесін тұжырымдайды. Бүкіл сыныппен барлық жағдайлар үшін ортақ ереже анықталады.

  өрнегінің мәні а мен санына сәйкес нүктелердің арақашықтығын білдіреді.

 Сонда |x+2|=5 теңдеуінің геометриялық мағынасы х пен -2-ге сәйкес нүктелердің арақашықтығы 5 болғандықтан х=2+5=3 немесе х= - 2 - 5= -7 Жауабы: х=3; х=-7.

 Бағалау: Топтан бір оқушы тақтаға шығып өз жауаптарымен бөлісулері сұралады. Жауаптардың дұрыс па жоқ па екенін қалған топ оқушыларынан сұрап талқыланады.

 Мұғалім оқушылар жауабына сай кері байланыс береді.

 Сабақты бекіту кезеңінің алдында 1 минут «Сергіту сәтін» жасатқан абзал.

 Бәріміз тұрамыз, жаттығу жасаймыз (егер тұжырымдамамен келіссеңіздер –аяқтың ұшымен тұрып, қолымызды жоғары көтереміз, егер келіспесеңіздер – қолымызды алға созып, тізерлеп отырамыз.)

 3- тапсырма.

 Бұл 4-тапсырмадағы есептер оқушылардың назарын пәнге қатысты лексика мен терминология мен диалогқа/жазылымға қажетті тіркестерге (ғылыми тілге) аударуға бағытталған.

 1.Қай теңдеудің шешімі бар, қай теңдеудің шешімі жоқ, не себепті:

 

 

 

 

 Жауабы: Шешімі барлар: 2,3,7

 Шешімі жоқтар: 1,4,5,6,8

 Себебі: Модульда теріс сан бола алмайды

 Дескриптор: Білім алушы

  •  санның модулінің анықтамасын қолданады;
  •  модулі бар теңдеудің шешімдерін бағалайды.

 Барлық оқушыларға өздерінің білімін тереңдетуге мүмкіндік беру.

 Оқушылардың өздерінің қазіргі даму деңгейіне сәйкес келетін бағалаудан өтуге мүмкіндік беру.

 2. х-тің қандай мәнінде теңдік орындалады:

 

 

 

 

 

 

 Жауабы: 1) х=-4,4 2)x=6,-6 3)x=6,-6 4)x=5,-5 5)x=2,-2

 6)x=4,-4 7)x=4,-4 8)x=6,-6 9)x=3,5;-3,5

 Дескриптор: Оқушы

  •  санның модулінің анықтамасын қолданады;
  •  модулі бар теңдеудің шешімдерін табады

 Бағалау

 Оқушылар жеке орындап болған соң дайын жауаптар мен дескрипторлар бойынша бағалайды.

 

 Оқушылар нәтижелерді салыстырады. Жіберілген қателерді талдайды.

 

 

 

 

 Пайдалы әдебиеттер мен сілтемелер:

 «Математика» оқулығы 6-сынып, Т.А.Алдамұратова, Т.С.Байшоланов, «Атамұра» 2011

 google.kz

 https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580

 https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу