Бүтін сандар. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пән: математика | Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты- жөні: Шынболатова Ғ.Ж. | ||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Рационал сандар және оларға амалдар қолдану | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бүтін сандар | ||||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Натурал сан, оң және теріс сандар, координаталық түзуде сандарды белгілеу, қарама – қарсы сандар. | ||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сілтеме | 6.1.1.6 - бүтін сан ұғымын меңгеру; | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | -алдыңғы сабақта меңгерген білімді қолдана білу; -қарама-қарсы сандар және бүтін сандар мен рационал сандардың қандай сандарды құрайтынын меңгерте отырып, есептер шығаруда сандарды дұрыс ажырата білуге үйрету. | ||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын біледі; Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын біледі, сандарды ажырата алады; | ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Пәнге қатысты лексика мен терминология:
Диалогқа қажет сөз –тіркестері: Натурал сан, оң және теріс сандардың айырмашылығы, таңбалар ережесі, координаталық түзу, сандарды белгілеу, қарама – қарсы сандар, бүтін сандар | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ауызбіршілік (топтық ережені сақтау) | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | қазақ тілі, геометрия | ||||||||||||||||||||||
Қауіпсіздік ережелері | Локдаун немесе эвакуация кезінде оқушыларды тыныштыққа шақыру, қауіпсіздік ережелерін нұсқауға сәйкес орындау; Көзілдірік киетін оқушыларды тақтаға қарай жақын отырғызу | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, интерактивті тақтада тапсырманы орындау | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңдері | Сабақта орындалатын іс-әрекеттер | Оқыту ресурстары | |||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | Ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен амандасу. Сабаққа дайындықтарын тексеру. |
| |||||||||||||||||||||
5 минут Сабақтың ортасы 3 минут 5 минут 5 минут 3 минут 5 минут 6 минут 3 минут | Актуальдау. Өткен тақырыптар бойынша жеңіл сұрақтар қою:
Оқушыларға тақтадан бірнеше сандар жазылған тізбекті көрсетіп, оларды қандай да бір заңдылықтар бойынша екі топқа бөлуді ұсынамын: Оқушылар өз жауаптарын ұсынады. Мысалы: берілген сандарды оң және теріс сандар деп екіге бөлуге болады. Басқаша қалай топтастыруға болады? І) - бүтін сандар ІІ) - рационал сандар Жаңа сабақ: Сонымен балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? «Бүтін сандар» Сабақты әрі қарай жалғастырмастан бұрын, тақырыпқа қатысты мақсатымызды анықтап алайық: -Бүтін сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз; -Рационал сандар жиынын қандай сандар құрайтынын білу керекпіз және ажырата алуымыз керек; Ұ Қалай ойлайсыздар жоғарыда келтірген мысал бойынша, қандай сандар бүтін сан бола алады? Қандай сандар бүтін сан болмайды? 0 саны бүтін сан болады ма? Оқушылар сұрақтарға өздерінің жауаптарын ұсынады. Әрі қарай тақтадағы презентацияға назар аударайық: Бүтін сандар жиыны Z әрпімен белгіленеді. Натурал сандар, оған қарама – қарсы сандар және 0 саны бүтін сандар жиынын құрайды. Видео көрсету: https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Ж Суретте көп қабатты үйдің (0) – жертөлесі, жоғарыдағы бөлігі мен төменгі жертөледе орналасқан машина қоятын тұрақ көрсетілген. А)Жертөлені (0 – нүктесі көрсетілген) – координата басы ретінде қарастырып, қалған жоғарғы және төменгі қабаттарды оң , теріс сандармен белгілеңіз; Б)Жазған сандарыңыздан ең үлкен оң бүтін санды табыңыз; Сандардың арасынан ең кіші оң бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең үлкен теріс бүтін санды табыңыз; Сандардың ішінен ең кіші теріс бүтін санды табыңыз В)Егер әр қабаттың ұзындығы 3 метр болса, жертөледе орналасқан ең төменгі қабаттан ең жоғарғы қабатқа дейінгі қашықтықты табыңыз; Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табыңыз, үйдің жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігін табыңыз. Жауабы: А) -4; -3; -2; -1; 0; 1; 2; 3; 4; 5; 6 (10 бүтін сан) Б) Ең үлкен оң бүтін сан: 6 Ең кіші оң бүтін сан:1 Ең үлкен теріс бүтін сан:-1 Ең кіші теріс бүтін сан: В) Г)Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігі:, жердің төменгі бөлігіндегі қабаттарының биіктігі: Дескрипторлар: 1)Үйдің жоғарғы және төмендегі қабаттарын сандармен белгілейді; 2) Ең үлкен оң бүтін санды табады; Ең кіші оң бүтін санды табады; Ең үлкен теріс бүтін санды табады; Ең кіші теріс бүтін санды табады. 3) Барлық қабаттың, жалпы қабаттардың ұзындығын табады; 4) Үйдің жер бетіндегі бөлігінің биіктігін табады; Үйдің жер астындағы бөлігінің биіктігін табады. Сергіту сәті: «Сандар шеңбері». Оқушыларға мұғалімнің үстелінде жатқан сандар жазылған қағаздарды таңдап алу ұсынылады. (Сандар әр түрлі түстегі қағазда жазылып, теріс қаратылып қойылады) Оқушылар қолдарындағы сандары бойынша ортаға шеңбер құрады. Натурал сандар отырады.Бүтін теріс сандар қоршайды. Бөлшек сандар партаны қоршап тұрады. Ө Оқушылар тақырыпты қаншалықты игергенін анықтау мақсатында өз бетінше орындайды: №324,330, 333 №324 рационал сандарынан: 1)бүтін оң сандарды; 2)қарама – қарсы сандарды; 3)бүтін теріс сандарды бөліп жазыңдар. №330 2.19 – суреттегі N,Z,Q жиындарының диграммасын дәптерге көшіріңдер. Диаграммада кескінделген жиындарға жиынының элементтерін орналастырыңдар. №333 Қай тұжырымдама тура: 1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі; 2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі; 3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті; 4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті; 5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті? Жауаптары: №324 рационал сандарынан: 1)бүтін оң сандарды: 2)қарама – қарсы сандар: 3)бүтін теріс сандар: №330
Диаграммаға бейнелейді. №333 Қай тұжырымдама тура: 1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі; (дұрыс) 2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі; (дұрыс емес) 3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті; (дұрыс емес) 4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті; (дұрыс) 5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті? (дұрыс) Дескрипторлар:
Оқушылар өз жұмысын тақтадағы жауаппен салыстырып, тексеру арқылы өзінің тақырыпты қаншалықты игергенін анықтайды. Уақыт қалып жатырса, «Миллион кімге бұйырады?» ойынын ойнатуға болады: https://learningapps.org/display?v=pkxqwpbza17 | Презентация https://bilimland.kz/kk/home#lesson=10580 Математика 6 – класс Алдамұратова | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 минут | Үй тапсырмасы: №335 Рефлексия: Өткен тақырып бойынша өзінің қаншалықты меңгергенін «баспалдақ» (саты) арқылы бейнелеп көрсетеді.
|
| |||||||||||||||||||||
Дифференциациялап оқыту – Оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды? | Бағалау – Оқушылардың білімін қалай тексересіз?
| ||||||||||||||||||||||
| |||||||||||||||||||||||
Рефлексия Сабақ мақсаты/оқу мақсаты қаншалықты жүзеге асты? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Дифференциациялап оқыту өз мәнінде жүзеге асты ма? Өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? | |||||||||||||||||||||||
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты). 1: 2: Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға және үйренуге қатысты)? 1: проблемалық оқытуға оқушыларды икемдеу 2: Интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін жоғары деңгейде қолдану Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім? | |||||||||||||||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру