Рационал сандар. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша-1

Сабақтың тақырыбы: Рационал сандар

Сабақтың мақсаты: Эйлер-Венн шеңберінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсету

Бағалау критерийі

Дескриптор

Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсету

Ішкі жиын ұғымын біледі

Эйлер-Венн шеңберлерінің көмегімен рационал сандар жиынын көрсете алады.

Тапсырма 1.

Натурал сандар жиыны бүтін сандар жиынының ішкі жиыны екнін Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз.

Тапсырма 2.

Ауылдағы отбасылары мүшелерінің жиыны-А. Ауылдағы мектепте оқитын ауыл отбасылары балаларының жиыны -В. А және В жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеңдер.

Тапсырма 3.

А В; С және D жиындарының қайсысы F жиынының ішкі жиыны? Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, белгіленуін пайдаланып жазыңыз.

Тапсырма 4.

Берілген А және В жиындарының бірігуіD жиыны элементтерін жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектерімен кескіндеп, олардың ішіне жиын элементтерін тиісінше орналастырыңдар. D жиынының элементтрер санын көрсетіп жазыңдар.

1) А; В;

2) А; В

Тапсырма 5.

6; -3,5; 8 -9; -2; 0; 1; -100; 99 сандарынан:

1) N-натурал сандар жиынын;

2) Z- бүтін сандар жиынын;

3) Q-рационал сандар жиынын құрастырыңдар.

Тапсырма 6. (Қосымша есеп)

Кітап сөресінде әңгімелер жинағы, өлеңдер жинағы, ертегілер жинағы және өлке тану туралы-барлығы 26 кітап бар. Ондағы әңгімелер жинағы, өлеңдер жинағы - 23кітап. Өлеңдер жинағы, ертегілер жинағы және өлке тану кітаптары - 17 кітап. Әңгімелер жинағы мен өлеңдер жинағы - 13 кітап. Кітап сөресінде неше ертегілер жинағы бар?

Қосымша 2

Үй жұмысы:

№1. Берілген:

1) -7 және 9; 3) -2 және 4; 5) -8 және -1;

2) -2 және 5; 4) -5,6 және 3,8; 6) -6 және -3,5 сандарының арасындағы сандардан:

1) натурал сандар жиынын;

2) бүтін сандар жиынын жазыңдар.

№2. 1) Бір таңбалы бүтін сандар жиынын А әріпімен белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар;

2) Бір таңбалы натурал сандар жиынын В әріпімен белгілеп, оны элементтерімен жазыңдар;

3) А және В жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектерімен көрсетіңдер.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу