Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, презентация.


Бүтін сандар. Рационал сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

6.1.1.6

бүтін сан ұғымын меңгеру;

6.5.2.3

шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолдану;

6.1.1.8

рационал сан ұғымын меңгеру;

Сабақ мақсаттары:

бүтін сандар ұғымын білу;

шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданып білу;

рационал сандар жиынын білу.

Бағалау критерийлері

бүтін сандар ұғымын біледі;

шамаларды сипаттау үшін бүтін сандарды қолданады;

рационал сандар жиынын біледі.

Қандай сандар оң сандар деп аталады?

Теріс сандар қандай таңбамен жазылады?

Координаталық түзу анықтамасын тұжырымдаңыз.

Қандай сандарды қарама – қарсы сандар деп аталады?

Натурал сандарға мысал келтіріңіз.

Тапсырма 1.

Алғашқы алты натурал санды жазыңыз;

Оларға қарама – қарсы сандарды жазыңыз;

0 санына қарама – қарсы санды жазыңыз.

Тапсырма 2.

-20; 7; ; 9; -3; 14; -0,6; 0; сандарын өздерің білетін сандар топтарына біріктіріңдер.

Бүтін сандар, оң және теріс бөлшектер рационал сандар жиынын құрайды. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді. «ratio» латын тіліндегі, қазақша «қатынас», «бөлінді» дегенді білдіреді.

Кез келген рационал санды

( m- бүтін сан, n - натурал сан).

Жұптық жұмыс (қарамақарсы сандар бойынша жұпқа біріктіріңіз).

324 -30; 5; ; 9; -1; 13; -0,2; 0; рационал сандарынан

- бүтін оң сандарды;

- қарамақарсы сандарды;

- бүтін теріс сандарды бөліп жазыңыз.

328 Берілген сандарға қарамақарсы сандарды және кері сандарды жазып, кестені толтырыңыз:

Жеке жұмыс

333 Қай тұжырымдама тура:

1) Кез келген натурал сан – бүтін сандар жиынының элементі;

2) Кез келген бүтін сан – натурал сандар жиынының элементі;

3) Кез келген рационал сан бүтін сандар жиынына тиісті;

4) Кез келген бүтін сан рационал сандар жиынына тиісті;

5) 0 саны рационал сандар жиынына тиісті.

335 Бос орындарды (┤) тиісті санмен толықтырып, рационал санды алымы бүтін сан, бөлімі натурал сан болатын бөлшек түрінде жазыңыз:

Сабақты қорытындылау:

Мұғалім оқушыларға сабақ мақсаты мен бағалау критерийлеріне қарауды ұсынады.

Қандай сандар бүтін сандар жиынына тиісті? Мысал келтіріңіз.

Қандай сандар рационал сандар жиынына тиісті? Мысал келтіріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу