Бүтін сандар. Рационал сандар. Математика, 6 сынып, презентация.


Бүтін сандар. Рационал сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

6.1.2.9

координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеу;

6.1.2.11

рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеу;

Сабақ мақсаттары

- координаталық түзуде рационал сандарды кескіндеуді үйренеді;

- рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеудей алады.

Бағалау критерийлері

- координаталық түзуде оң сандарды кескіндейді;

- коордианталық түзуде теріс сандарды кескіндейді;

- рационал сандардың ішкі жиындарын Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндейді.

Практикалық жұмыс 1.

, , , нүктелерін кескіндейік:

Координаталық түзуде аралас сандарды кескіндейік. Бірлік кесінді ретінде төрт тор көз аламыз, себебі аралас санның бөлшек бөлігінің бөлімі 4 – ке тең. Демек бір тор көз бөлшекке тең, екі тор көз , үш тор көз бөлшекке тең, ал төрт тор көз 1- ге тең.

, демек бөлімі 2 болатын бөлшектерді де кескіндеуге болады.

,

,

,

Жеке жұмыс

№1.

Суреттегі нүктелердің координаталарын жазыңыз:

2.

Координаталық түзуде келесі нүтелерді белгілеңіз: А(-3); В(-5,2); С(0,2); D(3,2); E ; К .

Пракикалық жұмыс 2.

Оқушылар:

- Қандай сандар натурал сандар;

- Қандай сандар бүтін сандар;

- Қандай сандар рационал сандар деп аталады?

Егер В жиынының әрбір элементі А жиынына тиісті болса, онда В жиыны А жиынының ішкі жиыны деп аталады.

Осыған дейін өзіміз білетініміздей, натурал сандар жиыны (N) бүтін сандар жиынының (Z) ішкі жиыны, ал бүтін сандар жиыны рационал сандар жиынының (Q) ішкі жиыны.Осыларды Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы көрсетейік, N⊂Z⊂Q

Мысалы: 2; -2,6; -9; ; 0; -1; -10; 56 сандарынан:

1) N-натурал сандар жиынын;

2) Z- бүтін сандар жиынын;

3) Q-рационал сандар жиынындарының Эйлер-Венн дөңгелектерін құрыңыз.

Жеке жұмыс

№1. Эйлер-Венн дөңгелектерін пайдаланыңыз.

Қалада көп балалы жанұя тұрады. 7 бала капустаны,

6 – сәбізді, 5 – бұршақты, 4 – капуста және сәбізді,

3 - капуста және бұршақты, 2 – сәбіз және бұршақты,

1 – капуста, сәбіз және бұршақты жақсы көреді. Жанұяда неше бала?

№2.

Шет елге баратын 100 туристің 30 – ы неміс тілін,

28 – і ағылшын тілін, 42 – і француз тілін, 8 – ағылшын және неміс тілдерін, 10 – ы ағылшын және француз тілдерін, 5 – уі неміс және француз тілдерін, 3 – уі үш тілді де біледі. Неше турист бірдебір тілді білмейді?

Рефлексия:

Үйге тапсырма:

Топта 29 студент бар. Олардың 14 – і классикалық әуенді, 15 – і джазды, 14 – і халықтық әуенді, 6 – ы классикалық әуенді және джазды, 7 – уі халықтық әуенді және джазды, 9 – ы классикалық және халықтық әуенді, 5 – уі кез келгенін тыңдайды, ал басқалары ешбір әуенді тыңдамайды. Олардың саны қанша?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу