Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Математика, 6 сынып, презентация.


Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу.

Қарама – қарсы сандар.

Оқу мақсаттары:

6.1.1.4

координаталық түзудің анықтамасын білу және координаталық түзуді салу;

6.1.1.7

қарама-қарсы сандар ұғымын меңгеру, оларды координаталық түзуде белгілеу;

Сабақ мақсаттары:

- қарама-қарсы сандарды білу;

- координаталық түзу анықтамасын білу;

- координаталық түзуді салады, координаталық түзуде санақ басын және бірлік кесіндіні анықтай алу;

- координаталық түзуде оң сандар мен теріс сандарды кескіндеп білу.

Проблемалық оқыту

Тиін ағаш бұтасындағы ұясынан шығып жоғары, төмен жүгіре берді. Егер тиін ұясынан 3 м қашықтықта болса, қай жерде болады?

Бұл сұраққа қанша жауап беруге болады?

Тиіннің орнын анықтау үшін не білуіміз керек?

Ұяға дейінгі қашықтықты анықтасақ жеткілікті ме?

Оқыту практикалық жұмысы 1.

- Горизонталь түзу жүргізіңіз;

- О нүктесін белгілеңізбұл нүктені санақ басы деп атаймыз;

- Бірлік кесінді алыңыз, оны санақ басының оң жағына, сол жағына бір-бірімен жалғастырыла, қажетінше бірнеше рет салыңыз;

- Әр нүктеге сәйкес келетін санды жазыңыз;

- Координаталық түзуде А(-3) және В(3) нүктелерін белгілеңіз;

- Теріс санға қарамақарсы сан оң сан болады.

Мысалы: -2 және 2; -0,6 және 0,6; ...

- Оң санға қарамақарсы сан теріс сан болады.

Мысалы: 2 және -2; 0,6 және -0,6; ...

Жеке тапсырма

№1.

2.

а) А; В; С нүктелерінің координаталарын табыңыз;

в) координаталары осы нүктелердің координаталарына қарамақарсы сан болатын E; F; K нүктелерін белгілеңіз.

Жұптық жұмыс

№1. Саяхатшылар жорыққа шығып, К, М, Р пункттерінде болды. Бұл пункттер лагерьден қандай қашықтықта?

2.

а санын координиталық түзуде нүктемен кескіндеңіз:

а) а = -6; +3; -5; -8; +10;-2; +7.

в) а = 2; -1; 4; -7; 8; -10; -9; +9.

№3.

Үшбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы -2, төртбұрышты жалауша тұрған нүктенің координатасы +2. Санақ басын, бірлік кесіндіні белгілей отырып, В, С, D нүктелерінің координаталарын жазыңыз.

Көзге жаттығу жүргізу

Зерттеу (шығармашылық) тапсырма

7, 8, 3 және 5 цифрларынан 7 - ге аяқталып, 3 – ке бөлінетіндей әр түрлі төрт сан құрастырыңыз.

Өз қалауыңмен бірлік кесіндіні таңдап алып, кез келген екі санды координаталық түзуде кескіндеңіз

Сабақты қорытындылау:

1) Координаталық түзу дегеніміз не?

2) Санақ басы болатын О нүкесінің координатасы неге тең?

3) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің оң жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

4) Координаталық түзу бойындағы О нүктесінің сол жағындағы нүктелердің координаталары қандай сандар?

Рефлексия

Мен бүгінгі сабақта не білдім:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу