Шар. Сфера. Математика, 6 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:Шар және сфера
Сабақтың мақсаты:
6.3.1.7 шар және сфера жайында түсінік қалыптастыра алады;
Өткен тақырыпты қайталау.
Сергіту сәті.3 минут
1)Қай фигураның барлық нүктелері О нүктесінен бірдей қашықтықта жатыр.
2) Бұл фигуралардың айырмашылығы мен ұқсастығы неде?
Болат шар, қарбыз, жеңіл атлетикада лақтыратын ядро және т.б шар деп аталатын фигура жайында түсінік береді. Шардың беті сфера де аталады. «Сфера» грек сөзі, ол қазақша «доп» дегенді білдіреді. Баскетбол добы, сабын көпіршігі, теннис добы бізге сфера туралы түсінік береді, себебі олардың іштері қуыс.
Шарды жазықтықпен қиғанда дөңгелек алынса, оның сферасында шеңбер пайда болады. Сфераның барлық нүктелері оның центрі деп аталатын нүктеден бірдей қашықтықта жатады. Шар бетінің кез келген нүктесін оның центрімен қосатын кесінді шардың радиусы деп аталады. Шардың центрі арқылы өтіп, оның бетіндегі екі нүктені қосатын кесінді шардың диаметрі деп аталады. Жер шар тәріздс дене. Сондықтан оны Жер шары деп атайды.
Топтық жұмыс. «миға шабуыл»
R=2 см шар, көлемі қандай кубтың ішіне сияды.
Шешуі: Д =2 · R = 2 · 2 = 4 см.
a = д = 4см.
V = а3 = 43 = 64 (см3) Ж: 64 см3
Велосипед доңғалағының диаметрі 60см. Велосипед доңғалағы 5 айналым жасағанда қанша жерге барады?
8 минут
Жұптық жұмыс.
«Сәйкестендіру»5 минут
«Ойлан, тап»
өздік жұмысы1) АВ= 10 см, СD=2 см. Дөңгелектің боялған бөлігінің ауданын табыңдар
2)Квадраттың қабырғасы 10см. Оның боялған бөлігінің ауданын табыңдар.
Үйге тапсырма
Шыныбеков №220
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру