Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. Математика, 6 сынып, презентация.
Тақырыбы:
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы.
Шар. Сфера.
Оқу мақсаттары:
6.3.3.2
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін білу;
6.3.3.3
шеңбер ұзындығының формуласын білу және қолдану;
6.3.3.4
дөңгелек ауданының формуласын білу және қолдану;
6.3.1.7
шар мен сфера туралы түсінігінің болуы
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
шеңбер ұзындығын таба алады;
дөңгелек ауданын есептей алады;
шар мен сфера туралы түсінеді;
шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасы тұрақты сан екенін біледі;
- шеңбер ұзындығының формуласын біледі және қолдана алады;
- дөңгелек ауданының формуласын біледі және қолдана алады.
Ой-қозғау:
Қатынас дегеніміз не?
Пропорция дегеніміз не?
Пропорцияның негізгі қасиеттерін айт?
Қандай шамаларды тура пропорционал шамалар деп атайды?
Қандай шамаларды кері пропорционал шамалар деп атайды?
Масштаб дегеніміз не?
Шеңбер дегеніміз не?
Дөңгелек дегеніміз не?
Шеңбердің радиусы дегеніміз не?
Шеңбердің диаметрі дегеніміз не?
11. Диаметр радиустан неше есе ұзын?
Жаңа сабақ
Практикалық жұмыс №1.
Картон қағазда радиусы 25 мм, содан кейін радиусы екі есе артық болатын шеңберлерді салу қажет. Салынған шеңберлерді қиып алу. Шыққан дөңгелектердің әр қайсысын қағаз жолықтармен . Қағаз жолықтарды алып тастап, олардың ұзындықтарын сызғышпен 1 мм дәлдікпен өлшеу; өлшеулерді бірнеше рет жүргізу және C, D және С/D нәтижелерінің арифметикалық орталарын кестеде жазу.
Пракикалық тапсырма№2.
Радиусы 8 см-ге тең шеңбер салады; салынған шеңберді қиып алады, диаметрінің бойымен бүктейді және қияды. Шыққан әрбір жарты дөңгелекті екіге бөледі, содан кейін бүктеп тағы екіге бөледі және осылай тағы бір рет орындайды. 16 бөлік пайда болады. Оларды суретте көрсетілгендей тіктөртбұрыш тәрізді етіп құрастырады.
S = R2
Берілген (О) нүктесі шардың центрі деп аталады.
Шардың кез келген нүктесін центрмен қосатын кесінді шардың радиусы (R-шар радиусы) деп аталады..
Шардың кез келген нүктесін қосатын және оның центрі арқылы өтетін кесінді шардың диаметрі деп аталады. D=2R.
Шар сегменті
Мұндағы h биіктік болып табылады.
Сфера және шар
“сфера” сөзі гректің “сфайра” сөзінен қазақшаға аударғанда, “доп” деген мағынаны білдіреді.
ШАР-болашақ символы.
Шар символы жер бетінің мәңгі жасайтынын, өмірдің жойылмайтынын көрсетеді.
Планеталар да шар тәрізді
Жұптық жұмыc
«Сұрақтар шеңбері » стратегиясы. Оқушылар «сұрақтар шеңбері» парағына бір есеп немесе сұрақ жазып, келесі топқа береді. Ол жұп жауабын айтады. Осылай жалғасып жұппен отырған қатар аяталғанша жалғасады, әр жұп өздерінің сұрақтарының дұрыстығын тексереді.
Үйге тапсырма:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера. №165 есеп
1. Сабақтың мақсаты қандай болды?
2. Мен мақсатқа жеттім бе?
3. Мен не білдім?
4. Мен нені үйрендім?
5. Мен нені түсінбедім?
6. Мен не бойынша әлі де жұмыс істеуім керек?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру