Мәтінді есептерді шығару. Математика, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.3B Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану | Мектеп: Орал қаласындағы физика - математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Кибасова А.Т. | ||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы: | Мәтінді есептерді шығару | ||||||
Сабақ түрі: | Білімді бекіту | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 5.5.2.5 бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептер шығару; - ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдана алады; - ондық бөлшектермен берілген мәтін есептерді шығара алады; - ондық және жай бөлшектермен берілген сандық өрнектердің мәнін таба алады. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолданып мәтін есептерді шығару | ||||||
Бағалау критерийлері | Білу: Ондық бөлшекке амалдар қолдануды біледі; Түсіну: Мәтінді есептің шартына байланысты математикалық моделін құрай алады; Қолдану: Мәтінді есептің шартына байланысты есеп шығаруда ондық бөлшектерге амалдарды дұрыс қолдана алады; Талдау: Мәтінді есептердің шартын талдай отырып, тиісті амалды орынды қолданады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтін есептердің шешімін түсіндіреді. - Мәтінді есеп шығару барысында талқылау жүргізеді; Пәнге тән лексика мен терминология: - ондық бөлшек, жылдамдық, уақыт, жол, жұмыс Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: орындалған жұмыс ...; уақытты (жылдамдықты) табу үшін ...; белгісіз жұмыс өнімділігі ... қатынасы арқылы анықталады; өнімділігі ... болғандықтан, жұмыс ... бітеді | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұптық жұмыста - өзара сыйластық, бір-бірін құрметтеу, адамгершілік, бағалауда -шыншылдық, жарқындылық. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Экономика, физика | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Activ Board –та орындау арқылы интерактив тақтамен жұмыстану дағдыларын дамыту. Сабақтың әр кезеңінде презентациямен тиімді жұмыс жасау дағдылырын қалыптастыру. | ||||||
Бастапқы білім | Ондық бөлшектерге амалдар қолдану, есептің математикалық моделін, әріпті өрнектерді құру | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 2 минут 7 минут 2 минут Сабақтың ортасы 2 минут 8 минут 15 минут 6 минут Сабақтың соңы 3 минут |
Мұғалімнің әрекеті: Үй жұмысын тексеру әдісін айтады. Үй тапсырмасын орындауда туындаған сұрақтарға жауап береді. Оқушының әрекеті: оқушылар бір-бірден жауаптарын айтады, қалғандары өз жауаптарымен салыстыра отырып, талдау жасайды. Бағалау: оқушылар тапсырмаларының орындалу дұрыстығына белгі қою арқылы өзін-өзі бағалайды.
Жұмыстың мақсаты: Оқушылардың өткен сабақта алаған білімдерін тексеру, бекіту, тапсырмаларды орындай білу дағдыларын қалыптастару. Мұғалімнің әрекеті: Тапсырмалар бойынша жұпқа бөлінуін қадағалайды. Оқушының әрекеті: Жұпқа бөлінеді. Топшамалардағы есептерді амалдап орындайды. Дұрыс жазылған жауабымен сәйкестендіреді.
Мұғалім қызметі: жұптарға есептер тарату. Оқушы қызметі: Жұптық жұмыстары өзара ауыстырылып, бірін-бірі бағалайды. Бағалаудан кейін жұмыстарды тексеру үшін мұғалімге тапсырады.
Мұғалім қызметі: есептерді әр оқушыға таратады, қабілеті жоғары оқушыларға өздері шешуге мүмкіндік береді, қабілеті төмен оқушылармен орындарынан не тақтада бірге жұмыстанады. Оқушы қызметі: берілген есептердің шешімін табады
№1451, Т. Алдамұратова 5 сынып Жұмыстың мақсаты: Өзбеттерімен алға білімдерін бекіту, есеп шығаруда дағдыларын қалыптасытыру. Мұғалімнің әрекеті: Қосымша сұрақтар қою. Оқушылардың оқу мақсатына еткендігін бақылау. Оқушының әрекеті: Тапсырманы дәптерлеріне орындау, сұрақтарға жауап беру.
Т. Алдамұратова 5 сынып №1468-1472 (129бет)
Бүгінгі сабақ аяқталды және менің айтарымМен осы жұмысты жақсы істедім______________Өзіңді не үшін мақтағың келеді? __________Сыныптастарыңды не үшін мақтағың келеді?_____Бүгінгі сабақтан өзіңе не ала алдың?____________Бүгінгі сабақта нені істей алмадыңдар? Неге? Болашақта нені ескеру керек?_______Менің сабақтағы жетістігім.....________________ |
Қосымша №1 Презентация Қосымша №2 Үлестірмелі карточкалар Қосымша №4 Т. Алдамұратова, 5 сынып, 2010 Алматы Атамұра, 365 бет | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
– Сұраққа жауап беруде қабілетті оқушылардын жауаптарын математикалық жолмен дәлелдеулерін талап етіледі; -Қабілетті оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалды; | - Жұптық жұмыс кезінде ынталандыру, қолдау көрсету -Ауызша сұрақтар-жауап арқылы бағалау. - Рефлексия арқылы өзін, сыныптасын бағалау. | Сабақ үстіндегі оқушылардың көңіл-күйін қадағалап отыру | |||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылардың жұп ішіндегі пікір таласта мәтінді есептерді шешуде амалды дұрыс таңдауға мүмкіндік берді. 2: Есептің шартын түсініп, тапсырманы орындады. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:. Оқушылардың өзара бағалауға мүмкіндік алады. 2: Жұптық жұмыс, есептер шығару кезеңінен бекіту тапсырмасын өзбетімен қатесіз шығаруға мүмкіндік берді. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Д-нің сұрақтары топ ішіндегі жұмыстың ілгері, дұрыс бағытта қозғалуға мүмкіндік берді., |
Қосымша 1
0,14 + 0,06 | 3,18 – 1,08 | 0,2 | 2 |
0,42 : 7 | 5,7 + 0,13 | 0,6 | 6,83 |
2,4 * 3 | 4,8 : 6 | 7,2 | 0,8 |
Қосымша 2
1) Өзенде ағыспен жүзген қатар 2,4 сағатта км қашықтыққа барды. Ағыс жылдамдығы 2,5 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығын табыңдар.
2) Ұзындығы 10,7 см, ені см тік төртбұрыш сымнан иіліп дайындалды. Егер осы сымнан иіп квадрат дайындасақ, оның қабырғасының ұзындығы неше сантиметр болды?
3) Балықшылар кг балық аулады. Оның 0,71-і сазан, 0,13-і шортан, қалғаны әр түрлі балықтар. Балықшылар шортан мен сазаннан басқа неше килограмм әр түрлі балықтар аулады?
Қосымша 3
- Меншікті жылдамдығы 19,5 км/сағ моторлы қайық ағыс жылдамдығы 2,8 км/сағ өзенде ағыспен 2 сағ, ағысқа қарсы 3 сағ жүзді. Моторлы қайық барлығы қанша қашықтықты жүзіп өтті?
- Екі қаланың арақашықтығы 490 км. Бірінші қаладан 90 км/сағ жылдамдықпен жеңіл машина шықты. Ол 1 сағ 30 мин жүрген соң, екінші қаладан оған қарсы 70 км/сағ жылдамдықпен жүк машинасы шықты. Жүк машинасы 1 сағ 45 мин жүрген соң екі машинаның арақашықтығы неше километр болды?
- Шаруашылық бірлестігінің 70,5 га жерінің -іне бидай, ал қалғанына бақша өнімдері егілді. Бақша өнімдері неше гектар жерге егілді?
- Катер А айлағына 20,4 км/сағ меншікті жылдамдықпен ағысының жылдамдығы 3,2 км/сағ өзенде ағыспен 2,5 сағ жүзді. Сонда келесі айлаққа дейін 16,3 км қалды. Екі айлақтың арасы неше километр?
- Ұн тартатын зауыт бірінші күні т, екінші күні оның 0,9-ындай, үшінші күні екінші күнгіден 1,2 есе артық ұн тартады. Ұн тартатын зауыт үш күнде барлығы неше тонна ұн тартты?
- Периметрі қабырғасы 9,65 см квадраттың периметріндей тік төртбұрыштың ені 8,7 см. Тік төртбұрыштың ұзындығы неше сантиметр? Есепті теңдеу құру арқылы шығарыңдар.
- Бензин құрылған цистернадан ондағы бензиннің 0,3-і құйып алынды. Сонан соң қалған бензиннің -і құйып алынды. Цистернадан 5,88 т бензин қалды. Цистернада алғашқыда неше тонна бензин болған?
Қосымша 4
Қайық 7,85 км/сағ меншікті жылдамдықпен өзенде ағыспен жүзді. Ағыс жылдамдығы 2,6 км/сағ болса, қайық қанша уақытта 12,54 км қашықтықта жүзеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?