Уақыт өлшем бірліктерін қолдану. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Пән: математика 4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер Күні:16.04.18 Сынып: 4В | Мектеп: Талдықорған қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Уақыт өлшем бірліктерін қолдану | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 4.1.3.4 уақытты: секунд, мин, с, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру | ||||
Сабақ мақсаттары | Уақыт өлшем бірліктерін пайдаланып логикалық есептер шығару. | ||||
Бағалау критерийлері | Уақыт өлшем бірліктер арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіруді орындайды; Уақыт өлшемдерінің жүйесін құрай алады. | ||||
Тілдік мақсаттар | Тапсырмаларды орындау барысында математикалық тілді дамыту. | ||||
Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық. | Өз уақытын үнемдей алатын, адами қасиеті жоғары тұлға тәрбиелеу. | ||||
Құндылықтарды дарыту | Сабақ барысында ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа дағдыланады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, өнер пәндері көрініс табады. | ||||
Бастапқы білім | Уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерін пайдаланып, уақытты анықтай білу дағдылары бар. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (Ж/Т) Оқушылардан үш адамнан құралған топта немесе жұпта олар отбасыларымен уақытты есептей отырып күн тәртібін қалай құрғандарын талқылауды сұрау. Өз ойларын флипчартта жазу. |
| |||
Сабақтың ортасы 34 минут | (МК) Уақыт туралы деректер. Сағат жоқ кездегі уақыт өлшемдері Тарихи деректерге сүйенсек, ертедегі халық уақытты анықтауда өзіндік бай тәжірибе жинақтаған. Сондай-ақ, әр уақыт өлшемінің сөз өрнектерін таба білген. Шаруашылыққа сай ыңғайын қарастыра отырып, тәулік, апта, ай, тоқсан, жыл ұғымын қалыптастырды. Сондықтан да, тіліміз мезгіл өлшемдеріне қатысты атауларға бай. Ұлт танымында мерзім – уақыттың шамасын мен ұзақтығын білдіреді. Мәселен, сүт пісірім уақыт, бие сауым уақытт.б. Мезгіл дегеніміз – уақыттың белгілі бір сәтін ғана білдіреді. Айталық, апақ-сапақта, екі кештің ортасында, елең-алаңда, түс кезінде т.б. Көктем, жаз, күз, қыс – мезгіл өлшемі болып саналады. Мерзім өлшемін білдіретін тіркестер: Бір сәт, қас қағым сәтте, ә дегенде – шамамен қазіргі 1 секундты білдірген; Сүт пісірім уақыт – 5-10 минут; Шай қайнатым – 40-60 минут Бие сауым уақыт – 1,5 сағат; Ас пісірім уақыт – 1,5-2 сағат; Ет пісірім уақыт – 2-2,5 сағат; Жарты күн – тәулік, яғни 24 сағат т.б. Сәске – күннің бойы көтерілген мезгіл; Ұлы сәске – түске жақындаған мезгіл; Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл; Ақшам – күн батып, шам жағар мезгіл. Ертеде бабаларымыз күндіз көлеңкеге, түнде жұлдызға қарап уақытты анықтаған көрінеді. (Ө, Дифф.Қ) Оқушылар өз беттерімен жұмыс жасауы үшін басқа логикалық есептер мысалын беру.
(Ө,Қ) Қандай себеппен сағатқа (немесе ұялы телефонның сағатына) жиі қарайтындарын бақылауға оқушыларға үйге тапсырма беру.
| Уақыт сызығын қолданған қарапайым есептер http://nrich.maths.org/4807 | |||
Сабақтың соңы 1 минут | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Логикалық тапсырмаларды деңгейлеріне сәйкес беру. | Логикалық есептерді шығаруы бағаланады. | Есептерді талдау барысында қауіпсіздік ережелері ескертіледі. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?