Уақыт өлшем бірліктерін қолдану. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Пән:математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4 В бөлім: Уақытты анықтауға берілген есептер

Күні:19.04.18

Сынып: 4В

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика- математикалық бағыттағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Уақыт өлшем бірліктерін қолдану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.1.3.4 - уақытты: секунд, мин, сағат, тәулік, жыл, ғасыр олардың арасындағы арақатынастар негізінде түрлендіру.

4.5.1.4 нәтижесін есеп шартына сәйкестігін бағалау.

Сабақ мақсаттары

Есеп шартына сәйкес нәтижені анықтап үйрену.

Бағалау критерийлері

Уақыт өлшем бірліктерін қолданып есептер шығарады;

Есептің шартын түсінеді және нәтижені анықтайды.

Тілдік мақсаттар

Уақыт өлшем бірліктерін қолданып сөздік қорды дамыту.

Миссия. Пайымдау. Жаһандық азаматтық.

Ертегі желісі бойынша адами қасиеті жоғары тұлға қалыптасуына ықпал ету.

Құндылықтарды дарыту

Уақытты үнемдеу керектігін түсінеді.

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі және әдебиеті, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады.

Бастапқы білім

Уақыт өлшем бірліктерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

(Ұ) Күлше қыз ертегісін (үзінді)еске түсіру.

«Стоп кадр» әдісі.

Сабақтың ортасы

35 минут

Күлше қыз ханзаданың сарайынан түнгі сағат он екіде шығып кету керек еді, бірақ сарйдағы сағаттар бір сағат артқа ауыстырлып қойылған еді. Карета сағат нешеде асқабаққа және Күлше қыздың сәнді киімі қарапайым киімге айналады?

Жауабы: сағат 23.00

Осы мультфильмдегі басты кейіпкері Күлше қызға қандай мінездеме берер едіңдер?

Болжамды жауап: еңбекқор, жауапкершілікті, 5мейірімді, төзімді, көркіне ақылы сай жағымды кейіпкер, өнерлі.

, Б) Оқушылардың алдына есептер жазылған тапсырмалар беріледі, әр оқушы орындай алатын тапсырмасының шешуін табады.

1-тапсырма

Күлше қыз 100 картоп отырғызуы керек. Әр картопты отырғызуға 2 минут кетеді. Ол 08.30-да жұмысты бастайды. Ол жұмысын қашан бітіреді?

2-тапсырма

Күлше қыз 1 күнде 63 тоқаш пісіруі тиіс.2 сағат жұмыс істегеннен кейін оның пісіруге тиісті 45 тоқашы қалды.Егер 1 сағатта пісірілетін тоқаштар саны өзгермесе, ол қалған тоқаштарды неше сағатта пісіреді?

3-тапсырма

Күлше қыз бен ханзада бір-біріне қарама-қарсы сағат 16.00–де шығып, сағат 19. 00. да кездессе, онда олардың әрқайсысы кездескенше жолда қанша уақыт болды?

14 күнде Күлше қыз 560 орамал кестелеп тікті. Кейінгі күндері әр күн сайын 5 орамал артық тігіп отырды. Айдың алғашқы 20 күнінде Күлше қыз қанша орамал тігіп шығарады?

(Ж) Жұпта тапсырмаларды тексереді.

(Дифф.) В тобы.

(Ұ) Белгілі оқиға барысында қанша уақыт өткенін білу үшін тапсырма түрлерін талқылау.

Егер ақпанда 29 тәулік болса, онда бір жылда _____ тәулік бар.

2000 жылдың 1 қаңтары – бұл _______ ғасыр.

Тәуліктің үштен бір бөлігі _______ сағатқа тең.

Егер бамбук тәулігіне 38 см 4 мм – ге өсетін болса, онда ол 4 сағатта _______ мм –ге өседі.

Сабақтың соңы

2 минут

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандайміндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

В тобының оқушыларына кестемен жұмыс беріледі.

Оқушылардың өздік жұмыстары бағаланады.

Ертегі желісі бойынша талдау кезінде қауіпсіздік ережелері еске түсіріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу