Бөлшектерді сан сәулесінде бейнелеу. Математика, 4 сынып, презентация.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлшектерді сан сәулесінде бейнелеу

Оқу мақсаты:

4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

жай бөлшек

сан сәулесі

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Қозғалыс пен өнімділікке берілген есептерді шығара алады

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабаққа кіріспе тапсырма. Оқушыларға бірдей бірнеше бөліктерге бөлінген әртүрлі дөңгелек суреттерін тарату. Олар бөліктерді қалауынша бояп, боялған бөлікті бөлшек арқылы атау. Олар атаған бөлшектер арасында алымы немесе бөлімі бірдей бөлшектер бар ма екен, назар аударту. Бүгінгі сабақта алымы немесе бөлімі бірдей бөлшектерді салыстыруды үйренетіндерін ескерту. Келесі жаттығулар арқылы оқушылар бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысының алымы үлкен, сол артық болатынын тұжырымдау. Ал, алымдары бірдей бөлшектердің қайсысының бөлімі кіші, сол — артық бөлшек, ал алымы үлкені — кем бөлшек екенін айта білу. Бұл тұжырымдарды олар сан сәулесіне орналасқан сандарды көре отырып, жасау.

Есептерге сәйкес макеттер

Ламинатталған парақтар

Алма, апельсин немесе шоколадтар суреті

Сабақтың ортасы

Шығарып көр. Айдардағы барлық тапсырмалар алымдары мен бөлімдері бірдей бөлшектерді салыстыру арқылы орындау. Оқушылардың дәптеріндегі жазбаларды қарау немесе ішінара жауаптарды ауызша айтқызу арқылы алғашқы түсіну деңгейіне баға беру.

1. Қайсысы артық? Бөлшектердің алымдары бірдей ме? Бөлімдері ше? Қорытынды жасау: Бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысы артық, қайсысы кем? 2. Қайсысы кем? Бөлшектердің алымдары бірдей ме? Бөлімдері ше? Қорытынды жасау: Сан сәулесіндегі бөлімдері бірдей бөлшектердің қайсысы артық, қайсысы кем? 3. Үлкенін анықтау. Бөлшектерді жазу. Алымдары бірдей ме? Бөлімдері ше? Қорытынды жасау: Алымдары бірдей бөлшектердің қайсысы артық, қайсысы кем? 4. Кішісін анықтау. Сан сәулесінде көрсетілген бөлшектерді жазу. Бөлшектердің алымдары бірдей ме? Бөлімдері ше? Қорытынды жасау: Сан сәулесіндегі алымдары бірдей бөлшектердің қайсысы артық, қайсысы кем?

Сабақта оқушылар дұрыс бөлшектерді фигуралар бөлігі ретінде түсінуін жалғастыру, оларды сан сәулесінде салу, боялған бөлік пен сан сәулесіндегі орналасуына байланысты артық немесе кем деп салыстыруды үйрету. Дұрыс бөлшекті сан сәулесінде көрсетеді және керісінше, сәйкес бөлшекті жазады. Өздері жасайтын қорытынды нәтижесінде жай бөлшектерді салыстыру. Оқушы ішінара зерттеу, сыни ойлауын жетілдіру.

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушыларға стикерлерге мыналарды жазуды ұсыныңыз: - Сабақтағы екі жақсы түсінген екі терминді жаз: - Сабақтағы түсінбеген бір есепті жаз (не туралы?):



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу