Бөлшектерді қысқарту. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Бөлшектер және пайыз

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

Бөлшектерді қысқарту

Оқу мақсаты:

4.1.1.6 бөлімдері немесе алымдары бірдей жай бөлшектерді салыстыру/ сан сәулесінде салыстыру, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сандарды ажырату

4.1.2.14аралас санды бұрыс бөлшекке және бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру;

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер:

бөлшек;

дұрыс бөлшек;

бұрыс бөлшек;

аралас сандар

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

Құндылықтар

Өзіне өзі құрмет, өмір бойы білім алу

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Бөлшектердің қасиеттерін біледі

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ)«Сыңарын тап» жаттығуы.

Оқушылар алдыңғы сабақта өткен бөлшектің негізгі қасиеттерін еске түсіріп, ойын сабаққа оң екпін береді. Осыдан кейін оқушыларды Жолазық тапсырмасын талқылауға жұмылдыру. Алдымен, тапсырма мәтінімен танысу. Жұптарда талқылауына да болады. Өз ойларын айту. Енді оқушылардан «қысқарту» сөзінің мағынасын сұрау. Бөлшекті қысқарту ұғымымен таныстыру. Мысал келтіріп көрсету.

Есептерге сәйкес суреттер

Сабақтың ортасы

(Ө)Шығарып көр. Жұлдызшаның орнына тиісті сандарды жазу. Тапсырма бөлшектің негізгі қасиетін, сонымен бірге бөлшекті қысқартуды қолдануға жаттықтыру. Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындау. Дәптерлеріндегі жазбаларды бақылау. Көмек керек болған оқушыларға нұсқау жасау.

Бөлшектерді қысқарту. Жай бөлшектің алымы мен бөлімін 0-ден өзге санға көбейтсе немесе бөлсе, онда оған тең бөлшек шығады. Егер бөлшектің алымы мен бөлімін 0-ден өзге санға бөлу керек болса, онда бұл жағдай бөлшекті қысқарту деп аталады.

(Ж)Сан сәулесі

ә) Сан сәулесіндегі тең бөлшектерді белгілеу және жазу. Бұған дейін оқушылар көбіне аудан бөліктері арқылы тең бөлшектерді оқуға, жазуға үйренді. Енді сан сәулесі арқылы да осыған жаттығуы керек. Оқушыларға ойлануға уақыт беру. Нәтижесіне қарай оқушыларға өзара көмек беруді ұйымдастыру. Оқушылар әр тапсырмадағы бір ғана жұп бөлшектерді жазу. Сондықтан, басқа қандай нүктелердің бірдей орында тұрғанын сұрау. Бір тапсырманы талдаған соң оқушылар қалғанын өздері орындау. Олардың дәптерлеріндегі жазбаларды ішінара қарап, кері байланыс беру. Ол оқушыларға басқалардың жұмысын тексеруді ұсыну.

(Т)Ойлан. Тапсырма бөлшектің негізгі қасиетін қолдануға үйретеді. Оны орындау үшін оқушы есеп мәтінін түсінуі, бөлшектің негізгі қасеитін білуі және есеп шартына сай сұраққа нақты жауап беруі қажет. Тапсырманы шағын топтарда орындау. «Топ атынан сөйлеуші», «хатшы», «уақыт сақшысы», «топ басшысы» ролін атқаратын оқушылар болуы керек. Оқушылардың жеке ерекшеліктерін біліп, онда топ мүшелерін тағайындау. Топтар өзара ақпарат алмасқаннан кейін, топ жұмысын бағалау. Әр топқа бағалау критерийлерін беру. Топтар сол бойынша өзге топ жұмысы нәтижесін бағалау

. Жауабы: «Құстар — біздің досымыз» және «Судың да сұрауы бар …»

(Ж)Орындап көр. Оқушылардың оқыту ойынын орындау қызығушылығын тудырады. Кейбір тұйық оқушылар осы ойын кезінде түсінбеген тұстарын жұптағы жұмыс кезінде түзетуі әбден мүмкін. Оқушы бұл тапсырманы орындауда бөлшектің негізгі қасиетін қолдану техникасына жаттығады. Айталық, бір оқушы тиынды лақтырып, бір шаршыға түседі. Онда 4 /8 деп жазылған болса, келесі оқушы осы бөлшекке тең бөлшекті бөлшектің негізгі қасиетін қолдана отырып анықтайды да, сол шаршыға оның тиыны түсуі керек. Мысалы, ол 1 /2 шаршыға түскен болса, онда есеп оның жағында болғаны. Болмаса, алдыңғы оқушыда. Әрқайсы 10 мәрте лақтырған соң, есеп түгенделіп, кім жеңіске жеткені анықталады. Ойын арқылы екі оқушы да өз әрекетін реттеп, келісімге келу сияқты дағдыларын жетілдіреді.

)«Jot Thoughts» («Ойларыңызды жазыңыз») тәсілін қолдану: төрттіктегі оқушылар ойдан шығарылған бөлшекті атайды, оны параққа жазып, үстел ортасына бетін жоғары қаратып қояды. Кезекті ұстану арқылы әрбір оқушы 4 парақты толтыру керек (1 – дұрыс бөлшек, 1 – бұрыс бөлшек, 2 – аралас сан). Нәтижесінде үстел ортасында 16 парақ пайда болады.

Топтар парақтармен алмасады және оларды өсу ретімен қойып шығады. Тапсырманы орындауға болады ма? Неліктен?

Бөлшектердің бірдей алымдары немесе бірдей бөлімдері болуы маңызды

Есептер жазылған қима қағаздар

https://youtu.be/ut2Xjv-NpSA

Сабақтың соңы

Кері байланыс

Сабақтың рефлексиясы.

Сабақ соңында оқушылар стикерлерге:

- Сабақтағы екі жақсы түсінген екі терминді;

- Сабақтағы түсінбеген бір есепті жаз (не туралы?)



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу