Қосу және көбейтудің қасиеттері. Математика, 4 сынып, презентация.


Математика

4 - сынып

1-конвертте: 2637 + 5691 + 63 + 9

2 –конвертте: 56767 • 23 • 0 • 4612

Хат келді

а + b = b + a қосудың ауыстырымдылық

қасиеті;

(a + b) + c = a + (b + c) қосудың терімділік

қасиеті;

а · b = b · a көбейтудің ауыстырымдылық

қасиеті;

(a · b) · c = a · (b · c) көбейтудің терімділік

қасиеті;

а · (b + c) = a · b + a · c қосуға қатысты

көбейтудің үлестірімділік қасиеті.

0-ге және 1-ге көбейту

Санды 0-ге көбейткенде нөл, ал 1-ге көбейткенде өзіне тең болады.

a ∙ 0 = 0 0 ∙ a = 0 a ∙ 1 = a 1 ∙ a = a

Тақырыбы:

Қосу және көбейтудің қасиеттері

Сен

көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдарды орындауда 0 мен 1 сандарының қасиеттерін қолдануды;

көптаңбалы сандармен есептеулер жүргізгенде қосу және көбейтудің қасиеттерін қолдануды үйренесің.

Тексер

Есептеу жүргізбей, тура теңдіктерді анықта.

а) 456 ∙ 2 = 2 ∙ 456

ә) 2313 + 29 = 29 + 2312

б) (34 ∙ 2) ∙ 5 = 34 ∙ (2 ∙ 4)

в) (456 + 242) + 58 = 456 + (242 + 58)

г) (570 + 640) ∙ 2 = 570 ∙ 2 + 640 ∙ 2

Осы теңдіктерде қосу және көбейту амалдарының қандай қасиеттері қолданылған?

Салыстыр

Есептеу жүргізбей, өрнектерді салыстыр.

а) 54 ∙ 17 және 17 ∙ 54

в) (59 + 21) ∙ 3 және 59 ∙ 3 + 21 ∙ 3

ә) 78 ∙ 32 және 32 ∙ 87

г) 12 ∙ (42 ∙ 5) және (12 ∙ 5) ∙ 43

б) 14 + 14 + 14 және 13 ∙ 4

ғ) 67 ∙ 0 және 67 ∙ 1

Тура теңдікке айналдыр

Жұлдызшаның орнына тура теңдік беретін санды жаз.

а) 873 – * ∙ 1 = 0 г) * ∙ 1 – 4593 = 1

ә) 3926 ∙ * + 1 = 1 ғ) 8239 ∙ * + * ∙ 3581 = 8239

б) 60 ∙ 43 ∙ * = 43 ∙ 15 ∙ 60 д) 50 ∙ 69 ∙ * = 6900

в) 698 ∙ 3 ∙ 124 = 3 ∙ * ∙ 124 е) 4 ∙ * ∙ 250 = 82000

Балалардың саны

а) «Жасөркен» жазғы лагеріне балаларды автобустармен 4 рейс жасап жеткізді. Әр рейсте 25 орындық 5 автобус қатынады. Барлық автобус толы болса, лагерьге барлығы неше бала келген?

ә) Төрт адамнан тұратын жанұя демалыс күндері бақта алма жинады. Бір күнде анасы мен қызы 15 кг және әкесі мен ұлы 22 кг алма жинады. Олар екі күнде барлығы неше килограмм алма жинады?

Шығарып көр

Мысалдарды тиімді тәсілмен ауызша есепте.

а) 15 ∙ 6 ∙ 2 ∙ 5

40 ∙ 8 ∙ 2 ∙ 5

25 ∙ 7 ∙ 4 ∙ 20

3 ∙ 200 ∙ 5 ∙ 4

ә) 49 ∙ 34 + 51 ∙ 34

(70 + 25) ∙ 4

973 ∙ 69 + 27 ∙ 69

(184 + 816) ∙ 37

б)(8 ∙ 125) ∙ 4

(11 ∙ 2) ∙ 45

50 ∙ (2 ∙ 534)

20 ∙ (5 ∙ 126)

Ойлан

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы көбейткіштердің көбейтіндісіне жікте. Көбейтудің терімділік қасиетін қолданып, көбейтіндінің мәнін тап.

а) 450 ∙ 12; ә) 150 ∙ 20; б) 1200 ∙ 15; в) 25000 ∙ 14



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу