Қосу және көбейтудің қасиеттері. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.
Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар» Бөлімше: Сандармен операциялар жасау Тақырыбы: Қосу және көбейтудің қасиеттері | Мектеп: | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Айдаболова Қаракөз Батырхановна | |||||||||
Сынып: 4 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||
Оқу мақсаттары | 4.1.2.2 көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау кезінде 0 және 1 қасиеттерін қолдану; 4.1.2.3 көптаңбалы сандармен арифметикалық амалдар орындау кезінде қосу және көбейту қасиеттерін қолдану. | |||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | валюта | |||||||||
Жоспар | ||||||||||
Жоспар ланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||
0–2 3-5 6-10 11–28 29–37 | Ынталандыру (Т.Ж) «Хат келді» ойынын ойнату. Алдымен 1-конверттегі тапсырманы 1 минутта орындау. Алғашқы болып бітірген топ жауабын түсіндіреді. Оқушыларды өз бетінше қорытынды жасауға итермелейтін бірнеше сұрақ қою. 1-конвертте: 2637 + 5691 + 63 + 9 -Осы мысалды тез есептеу үшін нені пайдаландыңдар? (қосудың терімділік қасиеті) -Сендер тағы да басқа қандай математикалық қасиеттерді білесіңдер? -Оларды не үшін қолданамыз? Топтарға 2-конверттегі тапсырманы орындауға уақыт беру және олардың жауабын тексеру. 2 –конвертте: 56767 • 23 • 0 • 4612 - Көбейтудің қандай қасиетін пайдаланған?( Санды 0-ге көбейткенде нөл шығады) Тексер (Т.Ж) Осы тапсырма жасырылған 3-конверт бар екенін айтып, оқушыларды қызықтыру. Теңдіктерде қосу мен көбейтудің қандай қасиеттері қолданылғанын сұрау. Оқушылармен бірге қосу мен көбейтудің барлық қасиеттерін еске түсіріп, қайталауды ұйымдастыру. Тапсырма Есептеу жүргізбей, тура теңдіктерді анықта. а) 456 ∙ 2 = 2 ∙ 456 ә) 2313 + 29 = 29 + 2312 б) (34 ∙ 2) ∙ 5 = 34 ∙ (2 ∙ 4) в) (456 + 242) + 58 = 456 + (242 + 58) г) (570 + 640) ∙ 2 = 570 ∙ 2 + 640 ∙ 2 Осы теңдіктерде қосу және көбейту амалдарының қандай қасиеттері қолданылған? Жауабы: а) 456 · 2 = 2 · 456 тура; ә) 2313 + 29 = 29 + 2312 тура емес; б) (34 · 2) · 5 = 34 · (2 · 4) тура емес; в) (456 + 242) + 58 = 456 + (242 + 58) тура; г) (570 + 640) · 2 = 570 · 2 + 640 · 2 тура. Бағдаршам тістері арқылы бағалау Салыстыр (Т.Ж) Оқушылар шағын топтағы жұмысты жалғастырады. Қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдаланып, берілген өрнектерді салыстырады. Тапсырманың жауабын сынып болып бағалайды. Тапсырма Есептеу жүргізбей, өрнектерді салыстыр. а) 54 ∙ 17 және 17 ∙ 54 в) (59 + 21) ∙ 3 және 59 ∙ 3 + 21 ∙ 3 ә) 78 ∙ 32 және 32 ∙ 87 г) 12 ∙ (42 ∙ 5) және (12 ∙ 5) ∙ 43 б) 14 + 14 + 14 және 13 ∙ 4 ғ) 67 ∙ 0 және 67 ∙ 1 Жауабы: а) 54 · 17 = 17 · 54 ә) 78 · 32 < 32 · 87 б) 14 + 14 + 14 < 13 · 4 в) (59 + 21) · 3 = 59 · 3 + 21 · 3 г) 12 · (42 · 5) < (12 · 5) · 43 ғ) 67 · 0 < 67 · 1 Смайлик арқылы бағалау жүргізу Тура теңдікке айналдыр (Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы жұпта орындап, бірін-бірі тексеріп, бағалайды. Тапсырма Жұлдызшаның орнына тура теңдік беретін санды жаз. а) 873 – * ∙ 1 = 0 г) * ∙ 1 – 4593 = 1 ә) 3926 ∙ * + 1 = 1 ғ) 8239 ∙ * + * ∙ 3581 = 8239 б) 60 ∙ 43 ∙ * = 43 ∙ 15 ∙ 60 д) 50 ∙ 69 ∙ * = 6900 в) 698 ∙ 3 ∙ 124 = 3 ∙ * ∙ 124 е) 4 ∙ * ∙ 250 = 82000 Жауабы: а) 873 – 873 · 1 = 0 ә) 3926 · 0 + 1 = 1 б) 60 · 43 · 15 = 43 · 15 · 60 в) 698 · 3 · 124 = 3 · 698 · 124 г) 4594 · 1 – 4593 = 1 ғ) 8239 · 1 + 0 · 3581 = 8239 д) 50 · 69 · 2 = 6900 е) 4 · 82 · 250 = 82000 Смайлик арқылы бағалау жүргізу Балалардың саны (Ж.Ж) Есептің шартын мұқият оқып, есепті сызба, сурет немесе қысқа жазба түрінде жазды. - Балаларды лагерге жеткізу үшін неше рейс жасаған? (4) - Әр рейсте неше автобус бар? (5) -Әр автобуста неше орын бар? (25) - Әр автобустағы орындардың саны белгілі болса, 5 автобустағы орын санын табуға бола ма? - Оны қандай амал арқылы есептейміз? (Көбейту амалы) - 4 рейсте қанша орын болғанын қалай білуге болады? -Есептің сұрағына жауап берудің басқа қандай тәсілі бар? Жұптар жауабын параққа жазып көрсетуіне болады. Екінші тәсілді табуға көбейтудің қандай қасиеті көмектескенін сұрау. Екі тәсілдің нәтижесінде алған жауаптарын салыстыру. Жауаптары беттеспеген жұптардың есебін тексеріп, талқылау. Тапсырма а) «Жасөркен» жазғы лагеріне балаларды автобустармен 4 рейс жасап жеткізді. Әр рейсте 25 орындық 5 автобус қатынады. Барлық автобус толы болса, лагерьге барлығы неше бала келген? Жауабы: а) Терімділік қасиеті. 1-тәсіл: 4 · (5 · 25) = 500 бала 2-тәсіл: (4 · 25) · 5 = 500 бала ә) Төрт адамнан тұратын жанұя демалыс күндері бақта алма жинады. Бір күнде анасы мен қызы 15 кг және әкесі мен ұлы 22 кг алма жинады. Олар екі күнде барлығы неше килограмм алма жинады? Жауабы: ә) Үлестірімділік қасиеті. 1-тәсіл: (15 + 22) · 2 = 74 алма 2-тәсіл: 15 · 2 + 22 · 5 = 74 алма Бағдаршам түстері арқылы бағалау Шығарып көр (Ұ.Ж) Оқушылар мысалдарды ауызша есептеп, нәтижесін ламинатталған параққа жазып көрсетуіне болады. Тапсырманың әр бөлігін орындауда көбейтудің пайдаланылатын қасиетін қайталайды. Оқушылардың математикалық тілде дұрыс сөйлеуін қадағалау. Жауабы: а) 15 · 6 · 2 · 5 = 900 40 · 8 · 2 · 5 = 3200 25 · 7 · 4 · 20 = 14000 3 · 200 · 5 · 4 = 12000 ә) 49 · 34 + 51 · 34 = 3400 (70 + 25) · 4 = 380 973 · 69 + 27 · 69 = 69000 (184 + 816) · 37 = 37000 б) (8 · 125) · 4 = 4000 (11 · 2) · 45 = 990 50 · (2 · 534) = 53400 20 · (5 · 126) = 12600 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. Ойлан (Ж.Ж) Оқушыларға жеткілікті уақыт беру. Бірнеше жұпты тақтаға шығарып, жауабын тыңдап, бағалау. Жауабы: а) 450 · 12 = 450 · 2 · 6 = 900 · 6 = 5400 ә) 150 · 20 = 150 · 2 · 10 = 3000 б) 1200 · 15 = 1200 · 5 · 3 = 6000 · 3 = 18000 в) 25000 · 14 = 25000 · 2 · 7 = 350 000 Бағдаршам түстері арқылы бағалау Қалыптастырушы бағалау Есепте. (Ө.Ж) Мысалдарды орындау арқылы оқушылар қосу мен көбейтудің қасиеттерін пайдалану дағдысын бекітеді. Жауабы: а) 75 + 34 + 25 = (75 + 25) + 34 = 134 59 + 43 + 11 + 27 = 140 54 + 82 + 72 + 46 = 254 ә) 5 · 84 · 20 = (5 · 20) · 84 = 8400 25 · 12 · 5 · 4 = 6000 15 · 18 · 6 · 5 = 8100 б) 7 · 27 + 7 · 13 = (27 + 13) · 7 = 280 26 · 25 + 24 · 25 = 1250 12 · 76 + 36 · 76 + 76 · 52 = 7600 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. Кестені толтыр Тапсырма оқушылардың қосу мен көбейтудің негізгі қасиеттерін түсіну деңгейін бағалауға мүмкіндік береді. Жауабы: a +32 + b = 42 47 · а + b · 47 = 470 (a + b) · 76 = 760 а · 123 + 123 · b = 12303 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. Теңдеуді шеш Теңдеулерді шешу үшін оқушылар көбейтудің терімділік қасиетін қолданады. Жауабы: х = 7; х = 4. Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. Кинотеатр Оқушыларға көбейтудің үлестірімділік қасиетін пайдалану керек екенін түсіндіру. Жауабы: 1-тәсіл. 24 · 9 + 26 · 9 = 450 2-тәсіл. (24 + 26) · 9 = 450 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі Қосымша тапсырмалар Өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен есепте (250 + 25) · 4 25 · 68 · 46 · (150 + 17) 2 · 502 · (437 – 432) 7 · 11 + 7 · 39 250 · 2 · 40 Жауабы: (250 + 25) · 4 = 1100 25 · 68 · 4 = 6800 6 · (150 + 17) = 1002 2 · 502 · (437 – 432) = 5020 7 · 11 + 7 · 39 = 350 250 · 2 · 40 = 20000 Фишка арқылы бағалау Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі. | 2-слайд Қосу мен көбейту қасиеттері таныстырылымы http://900igr.net/prezentatsii/matematika/Svojstva-umnozhenija-i-slozhenija/004-34.html 6 – слайд 7- слайд 8-слайд 9- слайд 10- слайд 11- слайд | ||||||||
38–40 | Рефлексия БББ әдісі Көбейтудің қасиетінің формуласы жазылған кеспеқағазды (немесе экраннан/тақтадан) көрсетеді, оқушылар оның қандай қасиет екенін айтады.
| 12- слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?