Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.2А Рационал сандарға амалдар қолдану

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.17

рационал сандарды қосу мен көбейтудің қасиеттерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • рационал сандарды қосудың ауыстырымдылық қасиетін біледі;
  • рационал сандарды қосудың терімділік қасиетін біледі;
  • рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін біледі;
  • рационал сандарды көбейтудің терімділік қасиетін біледі;
  • рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиетін біледі;
  • рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін есеп шығаруда қолданады.

 Бағалау

критерийлері

Оқушы

-Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу және көбейтуге есептер шығарады;

-рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік, үлестірімділік қасиеттерін біледі;

  • - қасиеттерін қолдана отырып, есептер шығара алады.

 Тілдік

 мақсаттар

Оқушылар:

  • рационал сандарды көбейтуді/бөлуді ауызша айқындайды;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыруды түсіндіреді;
  • шексіз периодты ондық бөлшектің периодын табуды түсіндіреді;
  • мәтіндік есептерді шешу қадамдарын айқындайды;
  • сандық өрнектің мәнін табуда амалдарды орындау ретін түсіндіреді;
  • рационал сандарға амалдар орындау қасиеттеріне сүйенеді.

Бөлім бойынша лексика және терминология

  • шектеулі ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодты ондық бөлшек;
  • шектеусіз периодсыз ондық бөлшек;
  • бөлшектің периоды.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • рационал сан жай бөлшек/ондық бөлшек түрінде жазыла алады;
  • жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдыру үшін ... қажет;
  • егер сан периодты/шектеулі ондық бөлшек түрінде жазылатын болса, онда ол рационал сан болып табылады;
  • 2,55 санын «екі бүтін жүзден елу бес» деп оқимыз;
  • 0,(6) санын «нөл бүтін периодта алты» деп оқимыз;
  • 3,1(4) санын «үш бүтін оннан бір периодта төрт» деп оқимыз;

Құндылықтарды дарыту

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Қолданбалы математика есептері

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы білім

Рационал сандарды көбейту, көбейту ережелері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 - 5 мин

Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Көңіл күйлерін смайликтер арқылы білу. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй тапсырмасын тексеру, есепті талдау.

Оқушылар өз жауаптарын негіздейді, түсіндіреді.

Оқушылар көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолданып, есептерді қалай шығарғандарын түсіндіреді.

Сабақтың ортасы

6 – 10 мин

Сабақты бекіту.

Тест тапсырмаларын беру.

1 нұсқа

№1

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-2·1

2

-2

1

А деңгей

-0,7·4=

-2,8

2,8

28

А деңгей

-·(-25)

-10

5

10

В деңгей

-25·+5

-15

15

-20

С деңгей

-0,5·3·(-10)

1,5

15

5

2 нұсқа

№2

Есептеңдер

А

В

С

А деңгей

-3·(-2)=

6

-6

5

А деңгей

0,2·(-6)=

12

1,2

-1,2

А деңгей

-3·(-)=

-4

4

12

В деңгей

-·(-)·5+5

-5

10

5

С деңгей

-0,25·2·(-10)

-10

-5

5

Қосымша 1

11 – 22 мин

Жұптық жұмыс.

Жұпқа бөлу тақырыпқа байланысты сөздердің ағылшынша жұбын табу арқылы жүзеге асады.

А деңгейі

№528. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есептеңдер:

1) - 0,2 (-5); 2) - 2,5 (-1,3);

3) - 0,25 (-0,3); 4) - 4 (-);

5) - (-); 6) - (-5).

№531. Көбейтудің үлестірімділік қасиеттерін пайдаланып, жақшаны ашып жазыңдар:

1) – 0,3(а + 5); 2) – 3(- в -4); 3) 1,4(-3-с);

4) 0,6(а - 8); 5) – 9(0,5 - с); 6) 0,8(- а - 6).

В деңгейі

№541. Тиімді тәсілмен есептеңдер:

1) (- 2) (-

3) (- 4) (-

С деңгейі

4. Жақшаны ашып, ұқсас мүшелерді біріктіріңдер.

а) -3(a+b)+2(a-b); жауабы: -a-5b

б) 2(m-4n)-4(m-2n). жауабы: -2m

5.Теңдеуді шешіңдер:

-2(x-9)+5(x-4)=25 жауабы: х=9

Бағалау критерийі

Дескрипторлар

Әр түрлі таңбалы және бірдей таңбалы рационал сандарды көбейте алады

Әр түрлі таңбалы рационал сандарды көбейтеді

бірдей таңбалы рационал сандарды көбейтіп, бөле алады

Жақшаны аша алады

Көбейтудің терімділік және ауыстырымдылық заңдарын пайдалып, көбейтуді орындайды

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

123 - 124 бет

Қосымша 2

23 – 24 мин

Сергіту сәті. Көзге жаттығу жұмысы.

https://www.youtube.com/watch?v=pjnMgshSBCI

25 – 36 мин

Жеке жұмыс

Тапсырма 1

Көбейтудің қасиеттерін қолдана отырып, есептеңдер:

а)

б)

Тапсырма 2

Өрнекті ықшамдап, оның коэффициенттерінің астын сызыңдар.

а) 5(-1,2х); жауабы: -6 х;

б) - жауабы:

в) -2n жауабы:-0.8 n2

г) жауабы: 3y3

д) жауабы: 16 c2

е)(-0,1d) жауабы:-0.001d3

Тапсырма 3

Жүрдек поезд екі қаланың арасын – 10 сағатта, ал жолаушылар поезды – 12 сағат 30 минутта жүріп өтеді. Жолаушылар поезды жылдамдығы жүрдек поезд жылдамдығына қарағанда 28 км/сағ кем жылдамдықпен жүреді. Екі қаланың арақашықтығы қандай?

Жауабы: Екі қаланың арасы- 1400км.

Оқушыларға сұрақтар:

Барлық тапсырмаларды орындадыңыздар ма?

Қай есептер қиын болды?

ДорофеевГ.В.,Петерсон Л.Г._2010 математика_6 класс_ 2 часть

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38 - 40 мин

Үй тапсырмасы: №543

Рефлексия:

  • Мен сабаққа өте жақсы қатысып, тапсырмаларды толық орындадым.
  • Мен бүгінгі сабаққа жақсы түсініп, қатысып отырдым.
  • Мен жақсы талпындым, бірақ бәрі ойдағыдай емес.
  • Мен бүгін сабаққа араласпадым
  • Мен бүгінгі сабаққа түсінбедім

Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.

3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011

126 бет

Саралауоқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды.

Жұптық жұмыста өз-өзіне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, тапсырманы орындау жолдарын бақылап, үйренеді. Ашық сұрақтар беріледі, себебі білімі жоғары оқушылар оларды кең ауқымды мағынада түсінеді.

Оқушылардың тапсырмаларды орындауға және диалогтарға қаншалықты қатысатындығын бақылау жолымен бағалау.

Жұптар бір-бірін бағалайды , яғни өзара бағалау болады және жеке жұмыста өзін-өзі бағалайды.

Тапсырмалар арасында «көзге жаттығу» жасату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу