17- сабақ. Масса. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Ф.К

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Тақырыбы:

17- сабақ. Масса

Оқу мақсаты:

4.1.3.3** шамалар мәндері ұзындық: (мм, см, дм, м, км)/

масса: (г, кг, ц, т)/

көлем (сыйымдылық): (л, мм3, см3, дм3, м3)/ аудан (мм2, см2, дм2, м2, га, а) бірліктерін салыстыру;

Бағалау критерийлері

Массаның жаңа өлшем бірлігі- миллиграмм туралы біледі және масса бірліктерін салыстыруды үйренеді.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: 1 грамнан кіші массаны өлшеу үшін миллиграмм деп аталатын массаның ұсақөлшем бірлігін қолданады. 1 г=1000мг; 1 кг=1000 000 мг

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланатын тіл.

-Заттардың массасы қандай?

-Қай заттың массасы ең жеңіл?

-Грамнан да кіші масса бірлігі қалай аталады?

Талқылау: 1 тонна 1 центнерден 10 есе артық; 1 центнер 1 килограмнан 10 есе артық; 1 килограмм 1 грамнан 1000 есе артық.

Құндылықтар

Қоршаған ортаға дұрыс көзқарастарын қалыптастыру

Пәнаралық байланыс

Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Масса туралы және оның өлшем бірліктері туралы біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Кіріспе тапсырма. Массасы көрсетілген заттарды тарату арқылы топқа бірігу.

Әр топ өз заттарының массасы туралы зерттеу жұмысын жүргізу.Заттардың қайсысы ең ауыр және жеңіл екенін атау.

  • (Ж) Массаның бірліктері. Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушылар сызбаның көмегімен масса бірліктерінің байланысын анықтау. Бір оқушы масса бірліктерінің тізбегін оқып, түсініктеме беру. Оқушылар тапсырманы жеке орындап, жауаптарын бірге талқылау, өзін-өзі, бірін-бірі бағалау.

Жауабы: а) 1 тонна 1 килограмнан 1000 есе артық;

ә) 1 центнер 1 грамнан 100 000 есе артық

б) 1 грамм 1 тоннадан 1 000 000 есе кем

 (Ұ)Сәйкестікті орнат. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларды зат пен оның массасын сәйкестендіру арқылы өте жеңіл заттар қайда кездесетіні және оны миллиграммен өлшенетінін білуге бағыттау.

(Кулинарияда, дәрі-дәрмек дайындауда, химияда, т. б.)» Жауабы: Түйе – 5 ц, нан – 400 г, қаламсап – 5 г, вагон – 12 т, мұздатқыш – 90 кг, дәрілік ұнтақ – 500 мг.

(Ж)Жұптарды тап. Бұл тапсырманы орындағанда оқушылар массаның әртүрлі бірліктерінің арақатынасы туралы білімін қолдануын ескерту. Құрамы ауыспалы жұптардың жұмысын ұйымдастыру. Бағалау үшін белгі беретін кеспе қағаздарды пайдалануды ұсыну.

Жауабы: 6060 г = 6 кг 60 г, 4 кг 7 г = 4007 г, 2 г = 2000 мг, 1 кг = 1 000 000 мг

(Т)Масса бірліктерімен амалдар орындау. Оқушылар бірін-бірі тексеру, түсінбеген жерлерін бірге талқылау, оларға қолдау көрсету, көмектестесу.

Жауабы: а) 1т=10 ц, 1 000 000 г;

1 000 200 мг=1000 г 200 мг, 1 кг 200 мг;

305702 кг=3057 ц 2 кг, 305 т 702 кг;

1000г=1 кг, 1 000 000 мг.

ә) 5700 г = 5 700 000 мг;

69 т = 690 ц;

20007 кг < 200 т 7 кг.

б) 15 ц + 7000 г – 5 кг = 1502 кг = 1 502 000 г;

4 т + 120 089 кг – 9000 г = 124 080 кг.

Сен білесің бе? Оқушылар массаның ұсақ бірлігі – миллиграмды қолданатын салалар туралы ақпарат алады. Миллиграммен ұнтақ заттар, дәрі-дәрмек өлшенетінін айту. Халықаралық бірліктер жүйесінде mg арқылы белгіленетінін түсіндіру.

(Ж) Орындап көр. Алматы қаласының символы қандай алма екенін сұрау. Оқушыларға Алматының апорты туралы әңгіме айтып беру. Алматы апортымен атақты екенін, апорт алманың жазғы, күзгі және қысқы сорттары болатынын, олардың ішінде де ең жоғары сорты болатынын айту. Алма ағашының жабайы және дақылды түрлері болатынын, ғалымдар дақылды алманың шамамен 7500 сортын шығарғанын түсіндіру, олардың аттарын сұрау. Тапсырманы жұптасып орындауды ұсыну, оқушылардың бірін-бірі бағалауын ұйымдастыру.Жауабы: апорт

(Ө) Шығарып көр. Сұрақ қою арқылы есептің шартын талдау. Тапсырманы жеке орындауға беру. Қиналған оқушыларға көмектесу, оларға есепті шығарып болған оқушылардың көмектесуін ұйымдастыру. Бағалау үшін жасыл және қызыл кеспеқағаздарды пайдалануды ұсыну. Жауабы:

а) 1) 40 · 5 = 200 (г) – 5 қорап,

2) 470 – 200 = 270 (г) – 2 түйір,

3) 270 : 2 = 135 (г) – 1 түйір.

б) 1 кг = 1000 г,

1) 1000 : 5 = 200 (г) – бір алма,

2) 1000 – 200 + 230 = 1030 (г) = 1 кг 30 г – барлығы.

Рефлексия «Ақиқат», «Жалған» ойынын ойнату.

Тұжырымдарды сыныпқа оқып, жалған болса, орнынан тұруды сұрау:

а) 99 кг 1 центнерден артық. (Жалған);

ә) 11 ц 11 кг-нан артық. (Ақиқат);

б) 7 кг 800 г-нан кем. (Жалған);

в) 600 кг 2000 г-нан артық. (Ақиқат);

г) 80 ц 80 т-дан кем. (Жалған);

ғ) 10 ц 1001 кг-нан артық. (Жалған).

қалтадағы қант,күріш,

жүк машинасы,

піл суреттер

3-слайд

оқулық,сызба

4-слайд

5-6-слайдтар

Қима қағаздар

7-слайд

8-9- слайдтар

10-слайд

11-слайд

масса өлшемдері

қима қағаздар

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу