2-ге бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»

Бөлімше: Сандармен операциялар жасау

Тақырыбы: 2-ге бөлінгіштік белгісі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.4 натурал сандарды 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Оқушылармен «жұп және тақ» сандарды ажырата алады.

Бірқатар оқушылар үшін: натурал сандарды 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктей алады.

Кейбір оқушылар үшін: 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

натурал сандарды бөлінгіштік белгілері негізінде жіктейді

Пәндік лексика және терминология:

бөлінгіштік белгісі, жұп сан, тақ сан

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

-Неше жұп шықты?

-Қандай қорытынды шығаруға болады?

-Қалай ойлайсыңдар, қандай сандар 2-ге қалдықсыз бөлінеді?

Жазу:

көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықсыз бөлу

Тірек білім, білік, дағдылар

2, 5, 10-ға бөлінгіштік қасиеттері

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Ынталандыру

(Т.Ж) Алдын ала дайындалған парақтарды тарату. 12 дөңгелек салынған 1-парақты алып, дөңгелектерді жұптастыру. Оқушылармен диалог құру.

-Парақта неше дөңгелек болды? (12)

-Неше жұп шықты? (6)

Енді 2-парақтағы дөңгелектерді жұптастыру.

- Онда неше дөңгелек бар? (13)

-Неше жұп шықты? (толық жұптаспады, 1 дөңгелек артық)

-Қандай қорытынды шығаруға болады?

-Қалай ойлайсыңдар, қандай сандар 2-ге қалдықсыз бөлінеді?

Тексеріп көру. 3-және 4-парақтардағы дөңгелектерді жұптастыру.

- Олардағы дөңгелектердің саны қандай? (16 және 17)

- Не байқадыңдар?

- Неліктен бір парақтағы дөңгелектерді жұптастыруға болады, ал кейбіреуіндегі дөңгелектерді жұптастыру мүмкін емес?

-Неліктен кейбір сандарды 2-ге қалдықсыз бөлу мүмкін де, кейбіреулерін мүмкін емес?

Қорытынды жасау.

12, 16–жұп сандар, сондықтан олар 2-ге бөлінеді, ал тақ сандар 2-ге бөлінбейді.

- Қалай ойлайсыңдар, 2-ге тағы да қандай сандар бөлінеді?

Есте сақта!

2-ге бөлінгіштік белгісі.Жазылуы жұп цифрмен аяқталатын натурал сандар 2-ге бөлінеді.Жазылуы тақ цифрмен аяқталатын натурал сандар

2-ге бөлінбейді.0, 2, 4, 6, 8 — жұп цифрлар; 1, 3, 5, 7, 9 — тақ цифрлар деп аталады.

Сандарды тап

(Т.Ж) «Ойынды жалғастыр» жаттығуды ойнау. Бір оқушы бірінші санды атайды, екінші оқушы оның 2-ге бөлінгіштігін тексереді. Жауабын айтқан соң ол тізімдегі екінші санды топтағы келесі оқушыға айтады. Барлық сандарды атап шыққан соң оқушылар ойынды өздері ойлаған сандармен жалғастырады.

Тапсырма

2-ге бөлінетін сандарды тап: 121, 256, 453, 689, 890, 1287, 2444, 12982, 78645.Тағы бірнеше сандарды ата және олардың 2-ге бөлінгіштігін тексер.

Жауабы:256, 890, 2444, 12982

Бас бармақ арқылы бағалау жүргізу

Сандарды ата

(Ж.Ж) Оқушылар жұп және тақ сандарды анықтап жаттығады. Сұрақ қою:

-Қандай сан жұп сан деп аталады?

-Қандай сан тақ сан деп аталады?

- Сандардың 2-ге бөлінгіштік белгісін айтыңдар?

Тапсырма

Берілген аралыққа тиісті 2-ге бөлінетін барлық сандарды ата:

а) 31-ден 52-ге дейін; в) 2450-ден 2459-ға дейін;ә) 95-тен 115-ке дейін;

г) 9999-дан 10009-ға дейін;б) 372-ден 393-ке дейін; ғ) 10111-ден 10120-ға дейін.

Жауабы:

а) 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52;

ә) 96, 98, 100, 102, 104, 106, 108, 110, 112, 114;

б) 372, 374, 376, 378, 380, 382, 384, 386, 388, 390, 392;

в) 2452, 2454, 2456, 2458;

г) 10000, 10002, 10004, 10006, 10008;

ғ) 10112, 10114, 10116, 10118

Бағдаршам түстері арқылы бағалау

Жұп па, әлде тақ па?

(Ұ.Ж) Оқулықтағы суретке мұқият қарау. Есептемейақ оқушылардан санының жұп немесе тақ сан екенін қалай білуге болатынын сұрау. Жауабын түсіндіруге уақыт беру. Өз сыныбындағы оқушылардың саны қандай сан екенін сұрау.

Жауабы:Тақ, себебі бір оқушының жұбы жоқ

Фишка арқылы бағалау

Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі.

Шығарып көр

(Ұ.Ж) Тапсырманы орындар алдында жұпта кезекпен сандардың 2-ге бөлінгіштік белгісін дауыстап айтуды сұрау. Оның осы есептерді шығарғанда қолданылатындарын ескерту.

Ойын түрінде өткізу: егер жауабы дұрыс болса, оқушылар қолын көтереді. Оқушылардың жауабын тыңдап, бағалау.

Тапсырма

а) Анасы дүкеннен 2 кг жарма сатып алды. Оның құны 87 теңге, 146 теңге, 408 теңге болуы мүмкін бе?

Жауабы:а) 146 тг, 408 тг–мүмкін, 87 тг мүмкін емес;

ә) Қоймадағы 135 жәшік печеньені 2 дүкенге жіберу керек болды. Жәшіктерді екі дүкенге жөнелтетін санын бірдей қылып бөлу мүмкін бе?

Жауабы: ә) Жоқ, болмайды. 135 тақ сан, 2-ге бөлінбейді.

б) Сатушы бірдей 2 кітапқа 643 теңге төлеу керек екенін айтты. Сатушының қа-телескенін дәлелде.

Жауабы: б) 643 тақ сан, 2-ге бөлінбейді;

в) Әжесі екі немересіне жаңажылдық сыйлық әкелді. Екі сыйлықта барлығы 68 кәмпит болуы мүмкін бе? 137 кәмпит, 260 кәмпит болуы ше? Мүмкін болған жағдайда әр сыйлықта неше кәмпит болған?

Жауабы: в) 68 мүмкін (әр сыйлықта 34 кәмпиттен), 137 мүмкін емес, 260 мүмкін (әр сыйлықта 130 кәмпиттен).

Отшашу арқылы бағалау жүргізу

Ойлан

(Ж.Ж) Есепті шығаруға жеткілікті уақыт беру.Есепті талдау.

-Есеп не туралы?

-Нені табу керек?

- Есептің сұрағына бірден жауап беруге бола ма?

- Оқушылардың бірінші күні неше бөтелке жинағанын қалай білеміз?

- Екінші күні неше бөтелке жинағандарын білу үшін не істеу керек?

Өз бетінше есептеуді тапсыру. Соңында бір жұп тақтаға шығып, есептің шешу жолын түсіндіреді.

Тапсырма

Мектеп оқушылары «Таза қала» бастамасына қатысты. Бірінші күні

4-сынып оқушылары 263 пластикалық бөтелке жинағанда, 5-сынып оқушылары олардан 26 бөтелке кем жинады. Екінші күні 4-сынып 186 бөтелке, ал 5-сынып олардан 2 есе артық бөтелке жинады. Оқушы-лардың жинаған барлық бөтелкелерін екі қоқыс жәшігіне теңдей бөліп салуға бола ма?

Жауабы:

263 – 26 = 237 (б) 1-күні 5-сынып оқушыларының жинаған саны;

263 + 237 = 500 (б) 1-күні барлық жинаған саны;

186 · 2 = 372 (б) 2-күні 5-сынып оқушыларының жи-наған саны;

572-сабақ186 + 372 = 558 (б) 2-күні барлық жинаған саны;

500 + 558 = 1058 (б) 2 күнде барлық жинаған саны;

1058–жұп сан, екі қоқыс жәшігіне бөліп салуға

Бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізу

Орындап көр

(Т.Ж) Сандарды параққа жазады.Жетекші сұрақтар қою.

-Егер олар тек ұлдар немесе қыздар болса, үш раз-рядты көрсете ала ма? (жоқ, ұлдар тек бір разряд-ты, ал қыздар — басқа).

-Ұлдар көрсеткен разрядта қанша бірлік болады? (4)

-Қыздарда ше? (1)

Топтарда жасалған модельдерге көрсетілім жасау. Әр топ өз таңдауын түсіндеді.

-Санда қанша класс бар?

- Бірінші класта қанша бірлік бар?

-Екінші класта қанша бірлік бар?

-Қай разрядтың бірліктері жоқ?

Мүмкін жауаптары:

14000, 10400, 10040, 10004, 41000, 40100, 40010, 40001

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Қалыптастырушы бағалау

Сандарды жаз

(Ө.Ж) Тапсырманы орындау арқылы оқушылар санның 2-ге бөлінгіштік белгісін қолдануды үйренеді.

Жауабы:ә) 72, 74, 76, 78, 80, 82, 84, 86, 88, 90;214, 216, 218, 220, 222, 224, 226;998, 1000, 1002, 1004, 1006, 1008, 1010

Сандарды құрастыр

Оқушылар берілген цифрлар арқылы төрт таңбалы жұп сандарды құрастыруы керек. Олар тапсырманы орындау арқылы жаңа тақырыпты бекітумен қатар комбинаториканы қайталайды.

Жауабы:

а) 3926, 3962, 9326, 9362, 3296, 3692, 9236, 9632, 2396, 2936, 6392, 6932;

ә) 760, 762, 764, 766, 7682050, 2052, 2054, 2056, 20584906, 4916, 4926, 4936, 4946, 4956, 4966, 4976, 4986, 4996.

Математикті таны

Оқушыларға есептің шартын түсіндіру. Амалдарды орындап болған соң, әріптерді жазып, бөлінгіштік белгілерін ашқан математикті біледі. Тапсырма оқушылардың танымдық дағдысын дамытады.

Жауабы:Паскаль

Қосымша тапсырмалар

3, 4 және 8 цифрларын қолданып, 2-ге бөлінетін барлық үш таңбалы сандарды жазып көрсету.

Жауабы:384, 348, 438, 834

Фишка арқылы бағалау

Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі.

1-параққа–12,

2-параққа–16,

3-параққа–13,

4-параққа–17 дөң-гелек.

3-слайд

4-слайд

4-слайд

5-слайд

6-слайд

7-слайд

8-слайд

38–40

Рефлексия «Жүрек жылуы»

-Жұп сандар қандай цифрлармен аяқталады?

-Тақ сандар қандай цифрлармен аяқталады?

-Бөлуді орындамастан санның 2-ге бөлінетінін қалай білуге болады?

-Тақ сан жұп санға бөліне ме? Жауабыңды түсіндір.

9-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Рамазанға 21 күн қалды 🌙
» ҰБТ ұзақтығы — төрт сағат болады
» 1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 31 тамызға дейін ұзартылды
Пікір жазу