5-ке бөлінгіштік белгісі. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ортақ тақырып: «Менің Отаным – Қазақстан», «Адами құндылықтар»

Бөлімше: Сандармен операциялар жасау

Тақырыбы: 5-ке бөлінгіштік белгісі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.4 натурал сандарды 2, 5, 10-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеу

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Оқушылармен «жұп және тақ» сандарды ажырата алады.

Бірқатар оқушылар үшін: натуралды сандарды 2, 5, 10, 100, 1000-ға бөлінгіштік белгілерінің негізінде жіктеуді біледі

Кейбір оқушылар үшін: 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп, натурал сандарды топтастыра алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

натурал сандарды бөлінгіштік белгілері негізінде жіктейді

Пәндік лексика және терминология:

2, 5, 10-ға бөлінгіштік қасиеттері

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

- Есептеудің рационал тәсілдері дегеніміз не?

- Неліктен кейбір 5-ке бөлінетін сандар 2-ге бөлінеді?

- Неліктен кейбір 5-ке бөлінетін сандар 2-ге бөлінбейді?

- 10-ға бөлінетін сандар жұп деп айтуға бола ма? Неліктен?

- Неліктен бөлу кезінде қалдық бөлгіштен кем?

- Егер қалдық нөлге тең болса, онда бұл сан … бөлінеді

Жазу:

көптаңбалы сандарды бір таңбалы санға қалдықсыз бөлу

Тірек білім, білік, дағдылар

5-ке бөлінгіштік

Жоспар

Жоспар

ланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29–37

Ынталандыру

(Ұ.Ж) Кезбе тілші әдісі Сабақты проблемалық жағдаятпен бастау:

-Көшеде келе жатырмын деп есептеңдер, саған газет тілшісі келіп сұрақ қояды:

-2003 жылы Астана қаласының тұрғындарының саны 814 435 болған. Олардың 1/5 бөлігі балалар болуы мүмкін бе?

-Сенің қолыңда ешқандай қағаз -құрал жоқ, қалай есептейсің?

-814 435-тің 5-ке бөлінетінін қалай тез білуге болады?

-Тілшінің сұрағына бірден жауап беру мүмкін бе?

- Қалай ойлайсыңдар, бүгін сабақ не туралы болады?

Оқушылардан көбейту кестесін еске түсіруді сұрау, тақтаға 5-ке бөлінетін сандарды жазып көрсету.

-Сандарға зер салып қараңдар.

-Не байқадыңдар? (Барлық сандар нөл мен 5-ке аяқталады)

-5-ке бөлінетін сандарды тағы да жалғастырып көріңдер.

-Қандай сандардың 5-ке бөлінетіні туралы қорытынды жасауға бола ма?

-5-ке бөлінгіштік белгісін айтып көріңдер.

-Енді газет тілшісінің сұрағына жауап беруге бола ма?

Есте сақта!

5-ке бөлінгіштік белгісі. Жазылуы 0 немесе 5 цифрымен аяқталатын натурал сандар 5-ке бөлінеді.Бұл — сандардың 5-ке бөлінгіштік белгісі болып табылады.Мысалы, 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45 сандары 5-ке бөлінеді. Жазылуы 0 мен 5-тен өзге цифрмен аяқталатын сандар 5-ке бөлінбейді.Мысалы, 6, 7, 11, 13, 28, 31, 32, 46, 49 сандары 5-ке бөлінбейді.

Сандарды тап

(Ұ.Ж) Тапсырма оқушылардың 5-ке бөлінгіштік белгісін түсіну дәрежесін анықтайды. Ойын ұйымдастыру: балалар шеңбер бойына жиналады. Бірінші оқушы тапсырмада берілген сандардың біріншісін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Ол санның 5-ке бөлінетін/бөлінбейтінін айтып, допты келесі оқушыға лақтырады. Тізімдегі соңғы саннан кейін оқушылар өздерінің санын айтып, ойынды жалғастырады.

Тапсырма

5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды тап: 133, 365, 400, 670, 901, 1345, 2555, 14786, 57000. Тағы бірнеше сандарды ата және олардың 5-ке бөлінгіштігін тексер.

Жауабы:365, 400, 670, 1345, 2555, 57000.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Аралықтағы сандарды ата

(Ж.Ж) Оқушылар аралықтағы 5-ге бөлінетін санды кезекпен атап, өзінің таңдауын бөлінгіштік белгісіне сүйеніп дәлелдейді. Бірнеше жұптың жауабын тыңдап, бағалау.

Тапсырма

Берілген аралыққа тиісті 5-ге бөлінетін барлық сандарды ата:

а) 24-тен 52-ге дейін; ә) 1095-тен 1125-ке дейін;б) 3763-тен 3801-ге дейін.

Жауабы:

а) 25, 30, 35, 40, 45, 50;

ә) 1095, 1100, 1105, 1110, 1115, 1120, 1125;

б) 3765, 3770, 3775, 3780, 3785, 3790, 3795, 3800

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Айнымалының мәні

(Ұ.Ж) Бұл материалды игеруге қажет білімді өзектендіруге мүмкіндік береді.

Тапсырма

Өрнектің мәні 5-ке бөлінетіндей айнымалының бірнеше мәнін таңда:

а) 348 + а; ә) 12 ∙ х; б)у – 104 ∙ 3.

Мүмкін жауаптары:

Мысалы: а) а = 2, 12, 17, 22; ә) х = 5, 10, 50; б) у = 322, 337, 357 т.с.с.

Бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізу

Мүмкін бе?

(Ұ.Ж) Есептеу жүргізбей-ақ заттың құнын қалай білуге болатынын сұрау. Жауаптарын түсіндіруге уақыт беру. Екінші есепті де бағыттаушы сұрақтар қою арқылы түсініп шығару.

Тапсырма

а) Дана 5 кг алма сатып алды. Оның құны 95 теңге, 358 теңге, 970 теңге болуы мүмкін бе?

Жауабы:а) құны 95 теңге және 970 теңге болуы мүмкін;

ә) Кітапханашы барлық кітапты әрқайсысына 5 кітаптан бірнеше қорапқа бөліп салды. 56 кітапты, 600 кітапты, 1455 кітапты қораптарға осылай бөліп салу мүмкін бе?

Жауабы:ә) 600 және 1455 кітап болуы мүмкін

Отшашу арқылы бағалау жүргізу

Шығарып көр

(Ж.Ж) Оқушылар есепті 5-ке бөлінгіштік белгісін қолданып шығарады. Алдымен сынып болып талдау:

-Арсланда барлығы неше сурет бар екені белгілі ме?

- Құстардың суреті оның қандай бөлігін құрайды?

- Бөлік деген нені білдіреді?

-Бүтіннің бестен бір бөлігін қалай табуға болады?

-Арсланда сүт қоректілердің неше суреті бар екенін қалай білуге болады?

Талдаудан кейін оқушылар есептің шешуін, жауабын жазады. Жұптар жұмыстарын өзара алмастырып, бірін-бірі тексеріп, бағалайды.

Тапсырма

Асланда 200 жан-жануарлардың суреті бар. Олардың бөлігі құстар, ал қалғандары — сүт қоректілер. Асланда сүт қоректілердің неше суреті бар? Сол сан 5-ке бөліне ме? 5-ке бөлінетін бес санды тап.

Жауабы:

200 : 5 = 40 (сурет)–құстардың суреті;

200 – 40 = 160 (сурет)–сүт қоректілердің суреті

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Ойлан

(Т.Ж) Әр топтан бір оқушы бір мысал келтіріп, топтың жауабын таныстырады.

Тапсырма

Амалдарды орындамастан, өрнектердің мәнінің 5-ке бөлінгіштігін анықта:

а) 210 + 355; б) 540 – 12; г) 235 ∙ 210;ә) 425 + 213; в) 765 – 25; ғ) 814 ∙ 200.

Жауабы:

а) 210 + 355 бөлінеді

ә) 425 + 213 бөлінбейді

б) 540 – 12 бөлінбейді

в) 765 – 25 бөлінеді

г) 235 · 210 бөлінеді

ғ) 814 · 200 бөлінеді

Бағдаршам түстері арқылы бағалау жүргізу

Орындап көр

(Ж.Ж) Тапсырма сандардың бөлінгіштік белгілерін қолдануды бекітуге арналған.

Тапсырма

Төрт санды ата:

а) 2-ге де, 5-ке бөлінгіш;

ә) 5-ке бөлінетін, бірақ 2-ге бөлінбейтін;

б) 2-ге бөлінетін, бірақ 5-ке бөлінбейтін.

Қорытынды жаса: қандай сандар 2-ге де, 5-ке де бөлінеді.

Жауабы: 0 мен аяқталған жағдайда ғана 2-ге де, 5-ке де бөлінеді.

а) 10,20,30,100

ә) 15,25,35,55

б) 12,14,16,28

Фишка арқылы бағалау

Жұмысы дұрыс болған оқушыларға фишка беріледі.

Айналмақ

.Ж) Көптаңбалы сандарды ауызша есептеу.

-Белгісіз қосылғышты қалай табуға болады?

-Белгісіз азайтқышты қалай табуға болады?

Мысалдарды топтағы әр оқушыға беру. Сосын тексеру жүргізу үшін басқа топтарға береді.

Тапсырма

Қызыл нүктемен белгіленген шаршылардан бастап сана.

а) белгісіз қосылғышты тап; ә) азайтқышты тап

Жауабы:

а) 45600 − 400 = 45200;

оңға қарай: 42400, 44300, 43100, 40500, 45000, 38400;

ә) 28900 − 8300 = 20600;

оңға қарай: 1300, 4970, 50700, 9100, 28700, 1700.

Смайлик арқылы бағалау жүргізу

Қалыптастырушы бағалау

Сандарды теріп жаз

(Ө.Ж) Тапсырманы орындағанда оқушылар 5 пен 2-ге бөлінгіштік белгісі бойынша білімін қолданады.

Жауабы:а) 5-ке: 355, 3690, 60, 800, 34975, 5 643 280, 45, 300, 15;2-ге: 68, 3690, 60, 800, 5 643 280, 12, 300, 7658;2-ге де, 5-ке де: 3690, 60, 800, 5 643 280, 300.ә) 55, 60, 65, 70, 75, 80, 85, 90, 95;310, 315, 320, 325, 330, 335, 340,345, 350, 355;900, 905, 910, 915, 920, 925, 930, 935

Сандарды құрастыр

Оқушылар 5-ке бөлінгіштік белгісін пайдаланып, 5-ке бөлінетін сандарды өз бетінше құрастырады.

Жауабы:а) 5820, 5280, 8250, 8520, 2850, 2580, 2805, 2085, 8205, 8025; ә) 700, 710, 720, 730, 740, 750, 760, 770, 780, 790; 2055, 2155, 2255, 2355, 2455, 2555, 2655, 2755, 2855, 2955

Анықта

Оқушылар 5-ке бөлінгіштік белгісін пай-даланып, жасырған сөзді табады. Саралап оқыту үшін осы сандарды бөлуді қосымша беруге болады.

Жауабы:Жанұя

Қосымша тапсырма

Тіктөртбұрыштың ұзындығы 2 м 25 см, ал ені одан 5 есе кем. Периметрі осы фигураның периметріне тең шаршының қабырғасын тап.

Жауабы:

225 см: 5 = 45 см–ені;

(225 + 45) см · 2 = 540 см–периметрі;

540 см: 4 = 135 см = 1 м 35 см–шаршының қабырғасы

Микрафон

2-слайд

3-слайд

доп

5- слайд

6- слайд

7- слайд

8-слайд

9-слайд

10-слайд

11-слайд

12-слайд

38–40

Рефлексия «Тазалық» әдісі

-5-ке бөлінетін жұп сандар қандай цифрмен аяқталады? (0)

-56 мен 62-нің арасында 5-ке бөлінетін қандай сан бар? (60)

-352-ден артық, 374-тен кіші 5-ке бөлінетін жұп сандарды ата.

-5-ке бөлінгіштік белгісі қандай?

13-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу