Есептер шығару / Аулада демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


149-cабақ.

Тақырыбы: Есептер шығару / Аулада демалу мәдениеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К

Сынып:3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

есептерді шығаруда шамалардың арасындағы тәуелділікті пайдалану.

Көптеген оқушылар:

шамалардың арасындағы тәуелділікті кескіндейтін әріптік өрнектерді өз бетінше жазу.

Кейбір оқушылар:

шамалардың арасындағы тәуелділік туралы білімді күнделікті өмірде қолдану.

Тілдік мақсаттар

Дағдыларын дамыту:

Шамалардың өзара байланысын түсіндіре алады. Мысалдардың төрттігі қалай құрылғанын түсіндіре алады.

Пәндік лексика және терминология:

шамалардың арасындағы тәуелділік,шамалардың арасындағы өзара қатынасты орнатушы теңдік ретіндегі формулалар, амалдар реті, көбейту кестесі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Жанама түрде тұжырымдалған есеп дегеніміз не?

Кері есепті қалай құрамыз?

Жазу :

Сандық және әріптік өрнектерді, формулаларды жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Көбейту амалдарының орындалу тәртібі.

шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»,уақыт өлшем бірлігі: мин, сағ, секунд.

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-3

Ынталандыру.

Көп күттірген қоңырау соғылды,

Математика сабағы басталды.

Мысалдар мен есептер,

Ойындар да шытырман бәрі сендер үшін!

Барлығыңа табыс тілеп,сәт сапар тілеймін,шын!

Міне, балалар, шын жүректен табыс тілей отырып, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық!

4-6

Өзектендіру.

Оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды

ұсынылады. Оқушыларға үшбұрыштар таратады. Оқушылар үшбұрыштарға оқулықта берілген шамалардың ішінен өздері қалаған шамаларды жазады. Шамаларды қалай есептеуге болатынын түсіндіреді. Сол жазған шамаларына қатысты есептер құрастырады.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Шамалар үшбұрыш –тары

4-слайд

7-11

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

1-тапсырманың орындалуын тексергеннен кейін, мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды (шамаларға байланысты есептер құрастыру және шығару).

12-29

Өзіндік жұмыс.

«Құрастыр,шығар» 2-тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындайды. Кесте бойынша есеп құрастырып,шығарады.

Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі бағалауымен тапсырманы орындап, өзара тәуелді шамалар туралы білімдерін нақтылайды.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Ауданды тап. 3-тапсырма сызбаны пайдаланып, алдын-ала дайындалған тіктөртбұрыштар мен шаршыларды оқушыларға тарату.Алдымен жеке орындайды сонан соң жұппен бірін-бірі тексере отырып, ауданын табады.

«Шапалақ» арқылы бағалау

Егер жауап толық болса үш рет шапалақ ұру

Жартылай толық болса екі рет шапалақ ұру

Толық емес жауап болса бір рет шапалақ ұру арқылы бағалау

Оқулық, дәптер

5-6-слайдтар

7-8-слайдтар

30-40

Өткенмен жұмыс

Осыған дейінгі тапсырмаларды сәтті орындаған оқушыларға 4-тапсырманың (а) нұсқасын ұсынуға болады. Есепті тақтада орындатуға болады. Мұғалім есепке талдау жасатады.

  • Туған күнге барлығы неше шар әкелді? (10 данадан 5 қорап, 10 • 5=50 )
  • Неше қалпақ әкелді? ( шардан 2 есе кем, 50: 2=25)
  • Неше конфетти әкелді? (қалпақтан 5 есе аз, 25:5=5)

Оқушылардың назарын есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын дұрыс жазуларына аудартады.

4-тапсырманың (ә) нұсқасын практикалық жұмыс ретінде орындайды. Оқушылар батпырауықтардың аудандарын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін мұғалім жетекші сұрақтар қояды:

Бірінші батпырауық қандай пішінді? (үшбұрыш)

Біз берілген үшбұрыштың ауданын бірден таба аламыз ба? (Жоқ)

Берілген үшбұрыштың ауданын қалай табуға болады? (Екі тікбұрышты үшбұрыш ретінде қарастырып.)

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын қандай формуламен табамыз? (S = (a · b) : 2)

Осыдан кейін, оқушылар өз беттерімен батпырауықтардың аудандарын табады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

(Ө.Ж) Амалдарды орындау. 5-тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындау ұсынылады.. Оқушыларға амалдардың орындалу ретін сақтап, есептеуді орындайды.

«Өзара бағалау» Жұптар жұмыстарын ауыстырады да бір- бірінің жұмыстарына бағалау жасайды.Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептейді

7 – 9 балл «өте жақсы»

4 – 6 балл «жақсы»

1 - 3 балл «талпын»

6-тапсырманы орындау зерттеушілік қасиетті талап етеді. Мұғалім оқушыларға екі алаңқайдың шаршы пішінді екенін ескертеді. Бір шаршының периметрін анықтап, оның цифрларының орнын ауыстырсақ екінші шаршының ауданы шығатынын түсіндіреді және бұл сан 90-нан аспайтын сан екенін айтады. Оқушылар әртүрлі нұсқаны ұсынуы мүмкін. Мысалы: бірінші шаршының периметрі-84см, цифрларының орындарын ауыстырсақ екінші шаршының периметрі – 48см.

«Смайликтер» арқылы кері байланыс беру

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Оқулық, дәптер

9-слайд

10-11-слайдтар

41-45

Кері байланыс

«Кеме» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Құмды жағалаудың суреті ілінеді.Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемені теңізге орналастырады.Ал,сенімсіз оқушылар кемені құмды жағалауға орналастырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу