Есептер шығару / Аулада демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік нұсқаулық

Тақырыбы:Есептер шығару

Оқу мақсаттары: есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану

Жоспарланған іс-әрекет

Ынталандыру.

Көп күттірген қоңырау соғылды,

Математика сабағы басталды.

Мысалдар мен есептер,

Ойындар да шытырман бәрі сендер үшін!

Барлығыңа табыс тілеп,сәт сапар тілеймін,шын!

Міне, балалар, шын жүректен табыс тілей отырып, сабағымызды жақсы көңіл күймен бастайық!

Өзектендіру.

1-тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Оқушыларға үшбұрыштар тарататыңыз. Оқушылар үшбұрыштарға оқулықта берілген шамалардың ішінен өздері қалаған шамаларды жазады. Шамаларды қалай есептеуге болатынын түсіндіреді. Сол жазған шамаларына қатысты есептер құрастырады.

Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).

1-тапсырманың орындалуын тексергеннен кейін, мұғалім оқушылардан бүгінгі сабақтың мақсатын тұжырымдауды сұрайды (шамаларға байланысты есептер құрастыру және шығару).

Өзіндік жұмыс.

«Құрастыр,шығар» Оқулықтағы 2-тапсырманы оқушылар өз беттерімен орындатыңыз.

Есептеу тәсілдерінен қателік жібермеген оқушылар келесі тапсырмаларды орындауға көшеді. Ал қателіктер жіберген оқушылар дәптердегі бағалауымен тапсырманы орындап, өзара тәуелді шамалар туралы білімдерін нақтылайды.

Бұл тапсырмада есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» шамалары арасындағы тәуелділікті пайдаланады.

Тоқаш -500 г -? дана - ? г

Йогурт -200 г -? дана – 1000 г

Ш:1000:200=5 (дана)

500·5=2500(г)

Ж: тоқаш 2500грамм

Ауданды тап. 3-тапсырма сызбаны пайдаланып, алдын-ала дайындалған тіктөртбұрыштар мен шаршыларды оқушыларға таратыңыз.Алдымен жеке орындайды сонан соң жұппен бір-бірі тексере отырып, ауданын табады.

S=3·4=12 см2 S=5·5=25 см2 S=12+25=37 см2

S=6·4=24 см2 S=2·2=4 см2 S=24-4=20 см2

Өткенмен жұмыс

Осыған дейінгі тапсырмаларды сәтті орындаған оқушыларға 4-тапсырманың (а) нұсқасын ұсыныңыз. Есепті тақтада орындатуға болады. Мұғалім есепке талдау жасатады.

  • Туған күнге барлығы неше шар әкелді? (10 данадан 5 қорап, 10 • 5=50 )
  • Неше қалпақ әкелді? ( шардан 2 есе кем, 50: 2=25)
  • Неше конфетти әкелді? (қалпақтан 5 есе аз, 25:5=5)

Оқушылардың назарын есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын дұрыс жазуларына аудартыңыз.

4-тапсырманың (ә) нұсқасын практикалық жұмыс ретінде орындатыңыз. Оқушылар батпырауықтардың аудандарын анықтайды. Тапсырманы орындау үшін мұғалім жетекші сұрақтар қояды:

Бірінші батпырауық қандай пішінді? (үшбұрыш)

Біз берілген үшбұрыштың ауданын бірден таба аламыз ба? (Жоқ)

Берілген үшбұрыштың ауданын қалай табуға болады?

Екі тікбұрышты үшбұрыш ретінде қарастырып.)

Тікбұрышты үшбұрыш ауданын қандай формуламен табамыз? (S = (a · b) : 2)

Осыдан кейін, оқушылар өз беттерімен батпырауықтардың аудандарын табады.

(Ө.Ж) Амалдар орындау. 5-тапсырманы өзіндік жұмыс түрінде орындатыңыз. Оқушыларға амалдардың орындалу ретін сақтап, есептеуді орындатуды ұйымдастырыңыз.

Дұрыс жауапқа қарап өзін-өзі бағалайды.Әр дұрыс жауап 1 баллмен есептеңіз.

7 – 9 балл «өте жақсы»

4 – 6 балл «жақсы»

1 - 3 балл «талпын»

706-71·2=564 167+58·3=341 (820+170):3=330

37·3+150·2=411 900-349+54=605 (370+180):5=110

630:(401-398)=210 378+452+49=879 (390+290):4=170

Бұл тапсырма есептеу дағдысын дамытуға бағытталған.Тапсырманы орындау алдында оқушылар өрнектегі амалдардың орындалу ретін ескере отырып орындайды.

6-тапсырманы орындау зерттеушілік қасиетті талап етеді. Мұғалім оқушыларға екі алаңқайдың шаршы пішінді екенін ескертеді. Бір шаршының периметрін анықтап, оның цифрларының орнын ауыстырсақ екінші шаршының ауданы шығатынын түсіндіреді және бұл сан 90-нан аспайтын сан екенін айтады. Оқушылар әртүрлі нұсқаны ұсынуы мүмкін. Мысалы: бірінші шаршының периметрі -84 см, цифрларының орындарын ауыстырсақ екінші шаршының периметрі – 48см.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі.

Кері байланыс

«Кеме» әдісі арқылы кері байланыс жасау.

Құмды жағалаудың суреті ілінеді.Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемені теңізге орналастырады.Ал,сенімсіз оқушылар кемені құмды жағалауға орналастырады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу