Есептер шығару / Аулада демалу мәдениеті. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
148-cабақ.
Тақырыбы: Есептер шығару / Аулада демалу мәдениеті | Мектеп: | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні:Дастанбаева Ф.К | |||||||||||
Сынып:3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||
Оқу мақсаттары | 3.5.1.2 есептерді шығаруда «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса»/ «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын»/ ұзындығы, ені, ауданы ұғымдарының өзара тәуелділігін пайдалану | |||||||||||
Сабақтың мақсаттары |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| |||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | шамалар арасындағы қатынас: «бір заттың массасы», «саны», «жалпы масса» «бір затқа жіберілген шығын», «заттардың саны», «жалпы шығын» ұзындығы, ені, ауданы. | |||||||||||
Жоспар | ||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
0-3 | Ынталандыру. Бүгін біз өзіміздің ауламыз жайлы әңгімелесеміз
| |||||||||||
4-6 | Өзектендіру. «Сенемін», «Сенбеймін» әдісі: 1.Сатып алынған заттың біреуіне төлейтін ақша оның бағасы екеніне сенесің бе? 2.Құны дегеніміз сатып алған барлық затқа төленетін ақша мөлшері екекніне сенесің бе? 3.Заттың санын табу үшін бағасын құнына көбейту керек екеніне сенесің бе? 4.Заттың бағасын табу үшін құнын санына бөлу керек екеніне сенесің бе? | Тақта, карточкалар | ||||||||||
7-11 | Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Бүгінгі сабақта біз қандай есептерді шығарамыз? Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатын нақтылайды. | |||||||||||
12-29 | Өткенмен қолдану. (Т.Ж) «Топтас,ойлан,шығар»1-тапсырманы орындау үшін алдымен шамалар үшбұрышына қарауды сұрайды. Осыдан кейін оқушыларға есептерді оқытылады. Балалар берілген есептерді шығару үшін қандай шамалар үшбұрышын қолданатынын анықтайды. (а) нұсқасын шығару үшін екінші шамалар үшбұрышын, (ә) нұсқасын шығару үшін үшінші шамалар үшбұрышын,(б) нұсқасын шығару үшін бірінші шамалар үшбұрышын қолданады.Есептерді шығарады, тапсырманың орындалу нәтижесін эталонмен салыстырады. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» Өзіндік жұмыс Кесте бойынша есеп құрастыр. (Ө.Ж) 2-тапсырманы өз беттерімен орындайды. а)Оқушылар берілген кесте бойынша есеп құрастырып, оларды шығарады. Есептерді шығаруда бір заттың массасы, саны, жалпы массасы арасындағы тәуелділікті пайдаланып шығаруды үйренеді.Оқушылар өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді. ә)Оқушылар берілген кесте бойынша есеп құрастырып, оларды шығарады. Есептерді шығаруда бағасы,саны ,құны арасындағы тәуелділікті пайдаланып шығаруды үйренеді.Оқушылар өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді. «Бағдаршам» бойынша бағалау. (Ж.Ж) 3-тапсырманы да өз беттерімен орындатуға болады.Қажетті формуланы анықтап, есепті шығарады.Тапсырманы орындауда оқушыларға ауыспалы құрамдағы жұпта жұмыс істеуді ұсынылады.(Қиындық келтірген жұпқа көмек беру) Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» (Ө.Ж) 4-тапсырма функционалдық сауаттылыққа берілген тапсырма. Оқушылар өздерінің периметр, аудан туралы білімдерін ауладағы құмсалғыштың периметрін және ауданын есептеуге қолданады.Тапсырманы орындауда тіктөртбұрыштың ауданы мен периметрін анықтауды қайталайды. «Шапалақ» арқылы бағалау (Ж.Ж)5-тапсырма.Кесте бойынша есеп құрастыр. Оқушылар берілген кесте бойынша жұппен есеп құрастырып, оларды шығарады. Есептерді шығаруда бағасы,саны ,құны арасындағы тәуелділікті пайдаланып шығаруды үйренеді.Оқушылар өздерінің есебімен таныстырады, шығару жолын көрсетеді. Тапсырманы орындауда оқушыларға ауыспалы құрамдағы жұпта жұмыс істеуді ұсынылады. | Оқулық, дәптер 4-слайд 5-слайд 6-7-слайдтар 8-слайд | ||||||||||
30-40 | Өткенмен жұмыс 6-тапсырманы топпен орындатуға болады. Бұл тапсырма оқушылардың математикалық есептеу жылдамдығын дамытуға бағытталған. Ауызша тексеруді ұйымдастыруға болады. Оқулықтағы 6-тапсырманы орындату үшін жұптық жұмыс ұйымдастыруға болады. Әрбір жұп кестедегі өрнектердің мәнін тиімді тәсілмен табады. Мысалы: (12 + 18) + 11 = 30 + 11=41 (17 + 13) + 16 = 30 + 16 = 46 (16 + 14) + 17 = 30 + 17 = 47 Әрбір жұпқа кесте бойынша сұрақтар құрастыруды сұрау. Әрқайсысы өздерінің сұрақтарын құрастырады, оны көрші жұптарға қояды. Олар жауап береді. Оқулықтағы 7-тапсырманы орындау зерттеушілікті талап етеді. Бұл тапсырманы таңдау тәсілімен орындауға болады. Мысалы: 1) 26+32 = 58 – фотосуреттердің жалпы саны. 2) 58 : 2 = 29 - альбомдардың әрқайсысында ауыстырғаннан кейін болатын фотосуреттердің саны. 3) 32 – 29 = 3 – ауыстырылған суреттердің саны. Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр. Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру керек. Мына тәсілдерді қолдануға болады: түймедақ немесе Блум кубигі. | Оқулық, дәптер 9-слайд | ||||||||||
41-45 | Кері байланыс «Кеме» әдісі арқылы кері байланыс жасау. Құмды жағалаудың суреті ілінеді.Сабақты жақсы түсінген оқушылар кемені теңізге орналастырады.Ал,сенімсіз оқушылар кемені құмды жағалауға орналастырады. | 10-слайд |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?