Бекіту / Судың балықтар үшін қажеттілігі. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жазбаша көбейту және бөлу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Қыдырбаева Роза Анешовна

3-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

136-сабақ

Тақырыбы:

Бекіту / Судың балықтар үшін қажеттілігі

Оқу мақсаты:

3.1.2.13 бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың барлығы:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін танып біледі

Оқушылардың көпшілігі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолданады.

Оқушылардың кейбірі:

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритміне мысал келтіре алады.

Бағалау

критерийлері

Ғылыми тіл

бөліндінің бір разрядында нөл болатын кезде үш таңбалы санды бір таңбалы санға бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмінің орындалу ретін түсіндіре алады

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Бірлік, ондық, жүздік, көбейту алгоритмі, бөлу алгоритмі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

- Көбейтуді қалай орындауға болады?

- Көбейтуді қалай орындағаныңды түсіндіре аласың ба?

- Бөлуді қалай орындайды?

Жазу:

Баған түрінде орындау.

Тірекбілім, білік, дағдылар

Жазбаша көбейту, бөлу амалдарының алгоритмі.

Жоспарлан

ған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0-2

Ынталандыру.

«Жақсылық тамшысы»

Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін немесе өзінің бойындағы жақсы қасиеттерін стикерге жазып жеткізеді. Іліп жатқанда әрқайсысы өзгелерге, айналасына өзі жасаған жақсылықтарын, қасиеттерін жария етеді.

Астана мұхитбағы жайында әңгіме жүргізу.

ТМД елдері ішіндегі алғашқы жəне жалғыз мұхитбақ Астана қаласында ашылды. Бұл – мұхиттан 3000 шақырымнан аса қашықтықта жатқан əлемдегі жалғыз океанариум. Мұхитбақтың сыйымдылығы – 3 миллион литр. Мұхитбақтың ең қызықты бөлігі – үлкен аквариум. Оның түбінде жылжымалы жолмен жабдықталған 70 метрлік əйнек туннель бар. Əйнегінің қалыңдығы – 7 см. Осы суасты туннелі арқылы теңіз түбімен жыртқыш акулалардан қол созым қашықтықта серуендеп жүре аласыз. Мұнда мұхитбақтың ең үлкен мекендеушілері – акулалар, алып теңіз алабұғасы жəне басқа да үйірлі балықтарды көріп тамашалауға болады. Көрме бөлімдеріндегі аквариумдардан таңғажайып теңіз жануарлары мен балықтарының жекелеген түрлерін кездестіресіз.

https://kk.wikipedia.org/wiki/

Астана_мұхит-бағы

2-слайд

3-слайд

3-5

Өзектендіру.

107∙2 өрнегін жазып, оқушыларға түсіндіре отырып баған түрінде көбейтуді орындату. Тексеру жасауды, яғни түсіндіре отырып баған түрінде бөлуді орындату

Оқулық

6-10

Мақсат қою (проблемалық жағдаят)

Өткен сабақта үйренген жаңа жазбаша көбейту және бөлу алгоритмін еске түсіру.

Бүгінгі сабақта осы алгоритмдерді қолдану. Оларды қалай меңгергендерін тексеру.

Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай?

Оқулық , суреттер

11-28

(Ө.) 1-тапсырма

а) Астана мұхитбағында жыртқыш балықтар-қоңыр паку мен мұртты күтуші-акула тіршілік етеді. Қоңыр пакудің ұзындығы 1м8см, ал күтуші акула одан 4 есе ұзын.Күтуші-акула қоңыр пакуден неше сантиметр ұзын?

Қысқаша жазылуы:

Қоңыр паку-1м8см

Күтуші-акула-?,4 есе ұзын, ? ұзын

Шешуі:

108∙4=432см

432-108=324 см

Жауабы: күтуші-акула 324 см ұзын

ә) Астана мұхитбағында улы балықтар-қанатты зебралар және тасбалықтар тіршілік етеді. Қанатты зебранын массасы шамамен 816г. ал әлемдегі ең улы балық -тасбалықтың массасы одан 4 есе жеңіл. Қанатты зебра тасбалықтан неше грамм ауыр?

Қысқаша жазылуы:

Қанатты зебра- 816г ? г ауыр

Тасбалық-?,4 есе жеңіл,

Шешуі:

816:4=204г

816-204=612г

Жауабы:қанатты зебра 612грамм ауыр

Смайликтермен бағалау

Тапсырмаларын тексеріп, смайликтермен бағалау

Қиындықтарды түзету

Тапсырманың орындалу дұрыстығын тексеру.

– Кімде қиындық туындады?

– Кім қай жерде қателік жіберді?

– Жіберілген қателіктің себебі неде?

– Өзіндік жұмыс кезінде қиындық туындамаған балалар өз іс-әрекетіңіздің мақсатын құрастыру

(Қосымша тапсырманы орындау).

– Қиындық туындаған балалардың алға қойған мақсаты қандай?

(Қатені түзету).

– Қателерді түзету алгоритмін қолдану.

– Әркім өзінің оқу мақсатын айту.

(Ж.) 2-тапсырма "Мен саған, сен маған"әдісі

Оқушылар өрнекті шығарып, жұбына береді. Жұбы тексереді.

103∙5=515 104∙6=624

307∙2=614 105∙4=420

636:6=106 742:7=106

436:4=109 915:3=305

Жұлдызша арқылы бағалау

Жұптарын тексеріп, жұлдызша арқылы бағалау

(Ұ.) 3-тапсырма

Есепке оқушыларға талдау жасату. Есептің шартын, сұрағын, шешуін, жауабын жаздырып тақтада орындату.

Хайуанаттар бағының үш үлкен аквариумында 485 балық бар. Біріншісінде 109 балық, екіншісінде одан 2 есе артық балық бар. Қалған балықтар -үшінші аквариумда. Үшінші аквариумда неше балық бар?

Қысқаша жазылуы:

Біріншісінде-109 б

Екіншісінде-?, артық2 есе

Үшіншісінде-?, қалғаны

Барлығы-485 б.

Шешуі:

109∙2=218 б

485-(109+218)=158 б.

Жауабы: Үшіншісінде 158 балық бар.

Бұдан кейін оқушылар топпен өздері осындай есептер құрастырады. Әр топ өздері құрастырған есептерін шығарады.

"Бағдаршам" арқылы бағалау

Оқушылар бағдаршам көзіне сәйкес сигналды карталарды көтеру арқылы бағалайды.

Жасыл түс- "Түсіндім"

Сары түс-"Сұрағым бар"

Қызыл түс- Түсінбедім

(Т.) 4-тапсырма «Алтын балық» әдісі

Екі кестенің де бірінші бағанын бірінші топқа, екінші бағанын екінші топқа, үшінші бағаның үшінші топқа бөліп беру. Өрнектердің мәнін дұрыс тапқан топқа алтын балық беріліп отырады. Қай топ алтын балықтарды басқалардан бұрын жинаса, сол топ жеңімпаз болады.

(86+19)∙5=525 318:3∙6=636 208∙(32:8)=832

(516+340):8=107 648:(2∙3)=108 204∙3:6=102

Шапалақ арқылы бағалау

Тапсырманы дұрыс орындаған топқа шапалақ соғу арқылы бағалау

(Т.)5-тапсырма

Алдымен өрнектер құрастыру, содан кейін олардың мәндерін табу. Әр топқа бір сызбадан берілсе жеткілікті. Бірінші сызба бойынша өрнекті қалай құрастыруға болатыны туралы оқушылармен жұмыс жүргізу. Тапсырманы орындау алгоритмін беру.

Мысалы:

  • 5 • 109 = 545 бірінші сызбада есептеліп берілген.
  • 5• 110=550 болатынын есептеп аламыз.
  • 550-ден қандай санды азайтсақ 545 саны шығады? (5, мұны 550-545 азайтуын орындап анықтаймыз)

Әрбір топқа өрнектерді құрастыру барысында осы алгоритмді басшылыққа алуларын ескерту.Сонымен қатар, амалдардың орындалу реті бағыттауыш сызықпен көрсетіліп тұрғанын айту.Алгоритм бойынша бірінші алынған көбейтіндіден екінші алынатын көбейтінді үлкен болуы қажеттігін түсіндіреді Бос орынға жазылатын екінші көбейткіш өтілген тақырыпқа сәйкес ондық разряды нөл болатын үш таңбалы сан болады. Тапсырманы тақтада орындатуға болады.

5∙110-5∙109=5 9∙110- 9∙109=9

4∙201-4∙200=4 3∙301-3∙300=3

Жұлдызшамен бағалау

Әр топтың топ басшылары топтардың тапсырмасын тексеріп, жұлдызшамен бағалайды.

Оқулық, дәптер,

балықтардың қималары, сызба

4-слайд

5-слайд

Смайлик

Оқулық

Жұлдызша

Сигналды карталар

Кесте

6-слайд

7-слайд

Сызба

Жұлдызша

29-37

Өткенді қолдану.

(Ұ.) 6-тапсырма

практикалық жұмыс ретінде берілген. Тапсырманы орындамас бұрын, оқушыларға жетекші сұрақтар беру:

  • Су тасбақасының өзінің аквариумнан алатын орнының ауданын қалай табамыз (4см • 5 см = 20 см2)
  • Аквариум еденінің ауданы қанша? (50 см • 20 см = 1000 см2)
  • Есептің шарты бойынша аквариум еденінің ауданы қандай болуы қажет? (Су тасбақасының өзінің аквариумнан алатын орнының ауданын 5 есе артық болуы қажет, яғни 20 •5 = 100 см2)
  • Берілген аквариумға су тасбақасын орналастыруға бола ма? (Болады, себебі 1000 см2>100 см2 . Берілген аквариумға осындай өлшемдегі екі су тасбақасын орналастыруға болады.

(Ө.) 7-тапсырма

Амалдардың орындалу реті бойынша қажетті өрнектерді жазу.Ұзындық өлшем бірліктерін сантиметрмен және миллиметрмен өрнектеу.

1000-204∙3+198=586

912:3+108∙4=736

"Отшашу"арқылы бағалау

Оқушылар орындарынан тұрып,еңкейген қалпында шапалақ ұрады, бойларын бірте-бірте көтерген күйі шапалақ соғуды жалғастырады.Соңында тік тұрған бойы үздіксіз шапалақ соғады.

(Ж.) 9-тапсырма

Бұл тапсырма зерттеуді талап етеді. Оны практикалық тапсырма ретінде орындатуға болады. Ретін анықтау үшін оқушылар фишкаларды (қағаздан қиылған дөңгелектерді) қолдануы мүмкін. Фишкаларға тапсырмадағы қыздардың есімдерін жазады. Тапсырманы жұппен орындаған ыңғайлы.

Жұлдызшамен бағалау

Жұптар бір-бірін жұлдызшамен бағалайды.

Сабақтың тақырыбы бойынша сұрақтар құрастыр.

Әр жаңа сабақта немесе бекіту сабағында оқушылар сұрақтар құрастырады. Бұл тақырыпты ұғынып, дұрыс қабылдауға мүмкіндік береді. Оқулықта берілген сөздермен сұрақтар құрастыру.

Конверт – сұрақ»

 2-3 сұрақ жазып, конвертке салады. (оқу мақсатына қарай). Әрбір оқушыда өзінікі болатындай етіп, бірнеше конверт дайындау. Әрқайсысына екі минут беру: оқушы стикерде атын және жауабын жазады; екі минут өткен соң конверт келесі оқушыға беріледі, осылай бұл 2-3 сұраққа барлығы жауап бергенше жүре береді. Стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқу (аттарын атамастан); сынып белгілі бір сұрақтың қаншалықты дұрыс болғанын талқылау..

Оқулық, фишкалар немесе дөңгелек қағаздар

8-слайд

Аквариум суреті

9-слайд

10-слайд

11-слайд

Жұлдызша

Конверт

38-40

Рефлексия.

- Бүгінгі сабаққа қандай мақсат қойдық?

- Ол мақсатқа жеттік пе?

- Сабақ барысында қандай қиындықтар кездесті?

- Ол қиындықтар енді қайталанбас үшін не істеуге болады?

12-слайд



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу