Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жиындар.Пікірлер.

№ 148 сабақ.

Тақырыбы: Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару

Оқу мақсаты: 3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару.

Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Сабақты жұптық жұмыстан бастаңыз.

 Оқушылардың «пікір» ұғымы туралы алғашқы түсінігін еске түсіру мақсатында жұпта жұмыс жасауды ұсыныңыз.

Ой шақыру.

.Ж) «Пікір дегеніміз не?»

 Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Оқушылар кеспе қағаздарға жазылған сөйлемдердің пікір не пікір еместігін анықтау қажет.

Мына сөйлемдердің қайсысы пікір болуы мүмкін?

  • Қазақстан - тәуелсіз, еркін мемлекет.
  • 25 саны 5 санының квадраты бола алады.
  • Бос жиында элемент болады.
  • Ішкі жиын туралы не білесің?
  • 38 саны 3 – ке бөлінеді.
  • Екі сағат жеті жүз секундтан артық
  • Екі дециметр квадратта екі жүз сантиметр квадратқа тең.
  • Үш килограммдық бес гір тасы бес килограммдық үш гір тасынан ауыр
  • 0 саны кез келген натурал саннан кем
  • Сегіз саны белгісіз х тің мәні: х·х x = 56

Оқушылар сөйлемдердің қайсы пікір екенін анықтайды.

Тұжырым: Хабарлы сөйлемнің жалған не ақиқат екенін айтуға болатын болса, онда ол пікір болады.

Пікірлердің жалған не ақиқат пікір екенін анықтайды.

(Ұ.Ж) «Ақиқат немесе жалған»

Оқушыларға сурет бойынша ақиқат және жалған пікір құрастыруды ұсыныңыз.

Пікір айтқан оқушылар ауызша «Жарайсың!» «Дұрыс айттың!» «Жақсы пікір!» тіркестерін пайдаланып бағалаңыз.

Ақиқат пікірлерді пайдаланып есеп шығару үшін кесте құрастырып есептің шешуін табу дағдыларын қалыптастыру мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырыңыз.

(Т.Ж) «Кім нені ұнатады?»

Оқушылар ақиқат пікірлерді пайдаланып кестені толтырады.

Тапсырма.

Айжан өзінің алты досынан кімнің қандай жеміс түрін ұнататынын сұрап жазып алды. Шатасып кетпес үшін кесте құрды. Айжанның достары қандай жеміс ұнататынын анықта. Айжанның кестесі қандай болуы мүмкін? Ақиқат пікірлерді пайдаланып кесте құрастыр.

Алма

алмұрт

Шие

Банан

Апельсин

Айнұр

-

-

-

+

-

Әсел

+

-

-

-

-

Қарлығаш

-

-

-

-

+

Самал

-

-

-

+

-

Айдос

-

+

-

-

-

Жәнібек

-

-

+

-

-

Айжанның достарының пікірлері:

  • Айнұр алманы да, алмұртты да ұнатпайды.
  • Айдос алмұрт жегенді жақсы көреді.
  • Әсел алманы ұнатады.
  • Қарлығаш алмұртты та, шиені де, алманы да ұнатпайды.
  • Самал барлық жемісті ұнатпайды, тек бананды ұнатады.
  • Жәнібек тек шиені ұнататынын айтты.
  • Айнұр мен Қарлығаш алмұрт, шие ұнатпайды, бірақ Айнұр банан ұнататынын айтты.
  • Қарлығаш көп ойланып, апельсин жегісі келетінін жеткізді.

Бағалау

«10 ұпай» әдісі арқылы бағалаңыз.

Алдымен өзін бағалайды.

Содан кейін топты бағалайды

Соңынан жасалған жұмыс нәтижесін бағалайды.

Кесте бойынша сұрақтарға жауап беру дағдыларын арттыру үшін жұпта жұмыс жасауды ұсыныңыз.

(Ж.Ж) Кесте бойынша пікірлерді анықтау

Оқушылар кестедегі тапсырмаларды орындау арқылы сұрақтарға жауап жазады.

Тапсырма

Мерекелік іс – шара ұйымдастыру үшін балалар түрлі - түсті шарларға тапсырыс берді. Кімнің қанша шарға тапсырыс бергенін анықта.

Сұрақтарға жауап жаз

  • Алтынай қанша шарға тапсырыс берді? \
  • Досжан қанша шарға тапсырыс берді?
  • Жадыра қанша шарға тапсырыс берді?
  • Нұржан қанша шарға тарпсырыс берді?
  • Қызыл түсті шарға кім ең аз тапсырыс берді?
  • Қыздардың сары шарларының саны қанша?
  • Кім ең көп шарға тапсырыс берді?
  • Кім ең аз шарға тапсырыс берді?
  • Ұлдардың көк шарлары қыздардың көк шарларынан қаншаға артық?
  • Досжан жасыл шарды басқаларға қарағанда қаншаға артық алды?

Алтынай

46

287

208

98

Досжан

67

312

258

420

Жадыра

19

419

227

89

Нұржан

70

527

567

188

Сұрақтарға жауап жаз

  • Алтынай қанша шарға тапсырыс берді? \ 639шар
  • Досжан қанша шарға тапсырыс берді?\1057 шар
  • Жадыра қанша шарға тапсырыс берді?\ 754 шар
  • Нұржан қанша шарға тарпсырыс берді?\1352 шар
  • Қызыл түсті шарға кім ең аз тапсырыс берді? \ Жадыра
  • Қыздардың сары шарларының саны қанша?\ 706 шар
  • Кім ең көп шарға тапсырыс берді?\Нұржан
  • Кім ең аз шарға тапсырыс берді?\ Алтынай
  • Ұлдардың көк шарлары қыздардың көк шарларынан қаншаға артық?\ 390 шарға артық
  • Досжан жасыл шарды басқаларға қарағанда қаншаға артық алды?\ 322\331\232 артық

Дұрыс жауап бойынша өзін – өзі тексеріп, бағалауды ұсыныңыз.

Бағалау критерийі

«10» дұрыс жауап - «Жарайсың»

«9 – 8» дұрыс жауап - «Жақсы»

«7» - ден кем дұрыс жауап - «Әлі де ойлан»

  • Кесте бойынша екі сұрақ құрастыр.

Дұрыс құрастырылған сұрақтар үшін ауызша мадақтаңыз.

(Ө.Ж) Үйірмеге бару.

Тапсырма:

Кесте құрып есепті шығар. Тапсырманы оқушылар өз бетінше орындамас бұрын есептің берілгенін түсініп оқу, шартын құру, сұраққа қалай жауап беретінін топта талқылау жүргізу.

Болат жүзуге дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі күндері барады. Ал Мәди жүзуге сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі күндері барады. Қай күндері екеуі жүзуде кездеседі?

Жауабы: Мәди мен Болат сейсенбі және сәрсенбі күндері кездеседі.

Бағалау.

Оқушылар бір – бірімен жасаған жұмыстарын алмастыру арқылы дұрыс жауаппен салыстырады.

Дұрыс орындаған оқушылар ауызша мадақтаңыз.

(Ұ.Ж) «Бәрін білгім келеді» викторинасы

Оқушыларды тапсырманың берілгенімен таныстарыңыз.

а) Жер шарында ауа райын болжайтын құстар деп аталатын құстар тіршілік етеді. Олар құмнан ұя жасайды. Жергілікті тұрғындардың бақылауынша, ұяның салыну биіктігі жаздың құрғақ не жаңбырлы болуына байланысты екен. Егер ұя биік жерге салынса, жаз жаңбырлы, ал егер ұя төменге салынса, жаз құрғақ болады деп болжанған. Бұл қандай құстар екенін білу үшін мысалдарды орындап, анықталған әріптерді шеңберден тауып, ретімен оқы.

167 · 4 = 668

368 : 8 = 46

749 : 7 = 107

834 : 6 = 139

605 : 5 = 121

390 : 6 = 65

992 : 4 = 248

96 · 5 = 480

Ауа райын болжайтын құс - қоқиқаз

б) Құрлықта тіршілік ететін ең ірі жануар - африкалық піл. Африкалық пілдің ,биіктігі мен ұзындығы және дене массасын білу үшін тапсырманы орында.

Биіктігі - 350см Ұзындығы – 640cм Дене массасы – 6000кг

Бағалау.

Дұрыс жауап тапқан оқушыларды ауызша «Жарайсың!» «Керемет!» «Өте жақсы!» «Жақсы!» тіркестерін пайдаланып бағалау.

Кері байланыс

«Смайлик» әдісі

Оқушыларға адам бет бейнесінің толық емес нұсқасы салынған сурет таратыңыз. Оқушылар өздерінің сабақтан алған эмоциясын суретке толықтырып салады. Суретті толықтыру кезінде әуе шарлары, гүл шоғын немесе басқа да суреттермен толықтыра алады.

Сұрақтармен де толықтыруға болатынын айтыңыз.

Дайын түрлі – түсті смайликтер тақтаға іліңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу