Графтар құрастыру тәсілімен есептер шығару. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жиындар.Пікірлер.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

149 сабақ. Тақырыбы:

Графтар құрастыру тәсілімен есептер шығару.

Оқу мақсаты:

3.4.2.1 ақиқат немесе жалған пікірлер құру

3.4.2.2 кестелер және графтар құру әдісімен логикалық пайымдауға берілген есептерді шығару.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Графтар құрастыру тәсілімен есеп шығара алады

Оқушылардың көпшілігі:

Графтарды қолдана отырып,ақиқат және жалған пікірлерді анықтайды.

Оқушылардың кейбіреулері:

Дұрыс және бұрыс пікір құрасыра алады.

Ғылыми тіл

Оқушылар графтар құру арқылы есеп шығара алады,жалған ақиқат пікірлерді ажыратады

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есепті графтар құру арқылы шығарудың тиімділігі бар ма?

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сандар жиыны.Ішкі жиындар

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Кіріспе тапсырма.

(Ұ.Ж) Графтың шығу тарихы

Оқушыларды графтың шығу тарихымен таныстыру.

Тапсырма

Кёнигсберг, қазіргі Калинаград қаласының орталығында Канта аралы орналасқан. Аралға өтетін жеті көпір бар. Оларды «Кёнигсберг көпірлері» деп атайды. Қала тұрғындарын мынадай сұрақ мазалады. Бір көпірден тек бір рет өту арқылы барлық көпірмен жүріп өту мүмкін бе?

Осы сұраққа сендер де жауап табуға тырысыңдар.

Оқушылардың болжамдарын тыңдау.

1 – 2 слайд

3 – слайд

4 – слайд

Қала тұрғындарының сұрағына жауап табу үшін атақты математик Эйлер теория жасады. Ең алғаш «граф» ұғымы осы Эйлер теориясында кездеседі.

Эйлер теориясы бойынша бір көпірден тек бір рет өту арқылы барлық көпірмен жүріп өту мүмкін емес.

Осыдан кейін графтар кеңінен қолданыла бастаған.

5- 6 слайд

Сабақтың ортасы

(Ұ.Ж) Граф дегеніміз не?

Графтың элементтерімен таныстыру. Оқушылармен бірге граф құрастырып, элементтерін атап өту.

Оқушыларға кеспе қағаздар тарату.

Кеспе қағазға әр түрлі қашықтықта орналасқан бес нүкте жасауды ұсыну.

Нүктелерді сызықтармен қосады.

Нүктелер – граф төбелері

Нүктелерді қосатын сызықтар - граф қабырғалары.

(Т.Ж) «Дораға көмектес»

Автобус кестесін пайдаланып, граф құрастыруды ұсыну.

Тапсырма.

Саяхатшы Дора Қазақстан қалаларын автобуспен араламақшы. Оған саяхат жоспарын құруға көмектес. Автобустардың жүру кестесін қарау керек.

Үш топқа автобустар кестесін тарату.

  • Дора саяхаттау кестесін жасап бергендерің үшін рахметін айтты.

Дораның «Рақмет» деген сөзін бейнероликтен көрсету.

(Ж.Ж) «Өтінішімді орында»

Оқушылар жұпта граф әдісін сабақ кестесін құрастыруда пайдаланады.

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды.

Өтініштерді ескере отырып, сабақ кестесін құруға көмектес.

  • Математика бірінші немесе екінші сабақ
  • Қазақ тілі бірінші не үшінші сабақ
  • Әдебиеттік оқу не екінші не үшінші сабақ
  • Дене шынықтыру соңғы сабақ
  • Көркем еңбк соңғы сабақ емес

Бағалау

Дұрыс сабақ кестесін құрған оқушыларды «Шапалақ» әдісі арқылы бағалау.

(Т.Ж) Жануарларға көмек қажет.

Оқушыларға графтың бір түрі лабиринтте орындалатын тапсырма жүргізу.

Тапсырма.

Қоян, тиін, қонжық орманда адасып қалды. Оларға үйшікке жету үшін аялдамалардағы тапсырмаларды орындау қажет. Өздерің қалаған жолды таңдап, жолда кездескен аялдама тапсырмаларын орындау арқылы үйшікке тез жетуге көмекстесіңдер. Бірінші топ қоянға, екінші топ тиінге, үшінші топ қонжыққа көмектеседі.

1 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Айнұр мен Динарада 16 кәмпит бар. Айнұр 5 кәмпитті, ал Динара 7 кәмпитті жегеннен соң қыздарда теңдей кәмпиттен қалды. Бастапқыда қыздарда қанша кәмпиттен болған?

2 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Барлық алманың үштен бір бөлігінен шырын дайындады. Егер шырынға жұмсалған алма 50 кг болса, барлығы неше килограмм алма болған?

3 аялдама

Бөлінділерді орында.

192 : 6 =

511 : 7 =

780 : 5=

690 : 6=

4 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Айсұлу саябаққа дейін 18 минутта жүреді, ал оның ағасы Арман саябаққа дейін және қайтар жолға 12 минут жұмсайды. Айсұлудың жылдамдығы ағасына қарағанда қанша кем?

5 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Мәдина мен Құралайдың жастарының қосындысы 23 - ке тең, ал Мәдина мен Гүлнұрдың – 24, ал Құралай мен Гүлнұрдың жастарының қосындысы 25 – ке тең. Қыздардың әр қайсысының жастары нешеде?

6 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Математика пәнінен өткен олимпиадаға төрт қыз қатысты. Олар: Ләйла, Раушан, Толқын және Салтанат. Ләйла 8 тапсырманы, Салтанат 5тапсырманы орындады. Ләйла ең көп, ал Салтанат ең аз тапсырма орындағаны белгілі. Қыздардың әр қайсысы қанша тапсырмадан орындауы мүмкін?

7 - аялдама

Өрнектердің мәнін тап

521 + 197 – 578 246 + (1000 – 327)

(167 – 25) ⋅ 2 859 – 427 + 468

259 – (803 – 544) 3 ⋅ (348 – 256)

8 - аялдама

Теңдеулерді шеш.

х – 87 = 276 : 2

541 – у = 339 : 3

167 + х = 892 : 4

9 - аялдама

Есептің жауабын тап.

Таразыда бес бірдей алмұрт және үш бірдей алма тұр. Барлық жемістің массасы – 480г. Бір алманың және бір алмұрттың массасы қанша?

10 - аялдама

Салыстыр.

11 - аялдама

Белгісіз қосылғыштарды тап.

Бағалау.

Аялдама тапсырмаларын орындап болған соң, әр топ мүшесі жариялайды. Тексеріліп топтар критерий бойынша бағаланады.

Бағалау критерий:

«Барлық аялдама тапсырмалары дұрыс орындалған» - 10 ұпай

«1 – 2 аялдама тапсырмасы қате орындалған» - 8 ұпай

«3 – 4 аялдама тапсырмасы қате орындалған» - 6 ұпай

«5 – 6 аялдама тапсырмасы қате орындалған» - 4 ұпай

«7 – 8 аялдама тапсырмасы қате орындалған» - 2 ұпай

«Барлық аялдама тапсырмалары қате орындалған» - 0 ұпай

(Ө.Ж) Ойлан.

Оқушыларға өз бетінше граф құрастыруды ұсыну.

Тапсырма.

Үш дос- Серік, Талғат, Ернар әр түрлі үш мамандық иесі болды. (дәрігер, инженер, заңгер) Алматыда, Қарағандыда, Көкшетауда жұмыс істейді.

Егер мына мәліметтер белгілі болса:

  • Серік Алматыда, ал Талғат Қарағандыда тұрады.
  • Қарағандылық заңгер емес.
  • Көкшетауда тұратын дәрігер болып істейді.
  • Серік инженер болып істемейді.

Сұрақ:

Әрбір мамандық иесі қай қалада тұрады, қандай жұмыс істейді?

Бағалау.

«Комплимент» әдісі арқылы бағалайды.

Тапсырманың дұрыс жауабымен өз жұмысын салыстырады. Дұрыс орындаған оқушыларға сыныптастары жылы лебіздерін білдіріп мадақтайды. Қателескен оқушыларға үміт артып, қолдау көрсетеді.

7 – слайд

8 – слайд

9 – слайд

10 – слайд

11 – слайд

12 – слайд

13 – слайд

14 – слайд

15 – слайд

16 – слайд

17 – слайд

18 – слайд

19 – слайд

20 – слайд

21 – слайд

22 – слайд

23 – слайд

24 – слайд

25 – слайд

26 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Көңіл – күй картасы» әдісі

Сабақ соңында оқушылар көңіл – күй картасын толтырады.

Сабаққа қатысты өз ойларымен бөліседі.

27 – слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Көңіл күй картасы» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу