Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару. Математика, 3 сынып, дидактикалық материал.


Дидактикалық материалдар

Тарау: Жиындар.Пікірлер.

148 сабақ. Тақырыбы: Кесте құрастыру тәсілімен есептерді шығару

Сабақта қолдануға ұсынылатын дидактикалық материалдар:

Алма

алмұрт

Шие

Банан

Апельсин

Айнұр

Әсел

Қарлығаш

Самал

Айдос

Жәнібек

Айжанның достарының пікірлері:

  • Айнұр алманы да, алмұртты да ұнатпайды.
  • Айдос алмұрт жегенді жақсы көреді.
  • Әсел алманы ұнатады.
  • Қарлығаш алмұрт та, шие де алма да ұнатпайды.
  • Самал барлық жемісті ұнатпайды, тек бананды ұнатады.
  • Жәнібек тек шиені ұнататынын айтты.
  • Айнұр мен Қарлығаш алмұрт, шие ұнатпайды, бірақ Айнұр банан ұнататынын айтты.
  • Қарлығаш көп ойланып, апельсин жегісі келетінін жеткізді.

Алтынай

Досжан

Жадыра

Нұржан

  • Алтынай қанша шарға тапсырыс берді?
  • Досжан қанша шарға тапсырыс берді?
  • Жадыра қанша шарға тапсырыс берді?
  • Нұржан қанша шарға тарпсырыс берді?
  • Қызыл түсті шарға кім ең аз тапсырыс берді?
  • Қыздардың сары шарларының саны қанша?
  • Кім ең көп шарға тапсырыс берді?
  • Кім ең аз шарға тапсырыс берді?
  • Ұлдардың көк шарлары қыздардың көк шарларынан қаншаға артық?
  • Досжан жасыл шарды басқаларға қарағанда қаншаға артық алды?

167 · 4 =

368 : 8 =

749 : 7 =

834 : 6 =

605 : 5 =

390 : 6 =

992 : 4 =

96 · 5 =

Қосымша

Пікірлердің кейбірі жалған

1

Төрт оқушы: Манат, Нұргүл, Әсел және Дана шаңғы жарысына қатысып алғашқы төрт орынды иеленді. Кім қандай орын алды деген сұраққа, олар әртүрлі жауап берді: 1) Әсел - бірінші орынды иеленді, Нұргүл – екінші, 2) Әсел - екінші, Дана – үшінші, 3) Манат – екінші, Дана – төртінші. Жауап бергендер олардың жауаптарының бір бөлігі – дұрыс, екіншіснің дұрыс еместігін мойындады. Оқушылардың әрқайсысы қандай орынды иеленді?

2

Веложарысқа бес оқушы қатысты. Жарыстан соң бес жанкүйер былай деді: 1) Қуат - бірінші орын,  ал Батыр – төртінші, 2) Серік – екінші орын, ал Батыр – төртінші, 3) Серік – екінші орын, ал Қуат – үшінші, 4) Темір – бірінші орын, ал Темір – бесінші. Жанкүйерлердің кейбірінің айтқандары дұрыс, кейбіреуінікі дұрыс емес екендігі белгілі. Орындардың дұрысында қалай үлестірілгенін тап.

3

Әртүрлі бес қаладан бес оқушы Алматыға математикадан аймақтық олимпиадаға қатысуға келді. Балалардан қайдан екендігін сұрады. Олар былай деп жауап берді. Арынов: «Мен Атыраудан келдім, ал Ғалымов Қарағандыда тұрады». Беріков «Қарағандыда Болатов тұрады, мен Балқаштан келдім». Болатов: «мен Атыраудан келдім, ал Беріков Астанадан». Ғалымов: «мен Қарағандыдан келдім, ал Батыров  - Теміртаудан». Батыров: «Ия, мен Теміртауда, Арынов Балқашта тұрады». Олардың жауаптарының қарама - қайшы екендігіне таң қалғанда, балалар былай түсіндірді: «Әркім бір пікірді дұрыс, ал екіншісін жалған айтты. Бірақ біздің жауабымыз бойынша қайдан келгенімізді әбден анықтауға болады». Оқушылардың әрқайсысы қайдан келді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу