Мүмкіндіктер ағашы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Жиындар.Пікірлер.

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Есмурзина А

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

150 сабақ. Тақырыбы:

Мүмкіндіктер ағашы.

Оқу мақсаты:

3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу,күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар жасай алады:

Мүмкіндіктер ағашын құрастыруды біледі.

Оқушылардың көпшілігі:

Мүмкіндік ағашын құрастыруды және оны есептерді шығару барысында қолдануды біледі.

Оқушылардың кейбіреулері:

Есептер бойынша мүмкіндіктер ағашын құрады.

Ғылыми тіл

Оқушылар мүмкіндіктер ағашын құрастырады.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Мүмкіндік ағашы қалай құрылады.

Құндылықтар

Өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сандар жиыны.Ішкі жиындар

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Топқа бірігу.

(Ұ.Ж) Ой шақыру.

Оқушыларға бес түсті және бес түрлі фигуралар тарату.

Таратылған түрлі – түсті фигуралардың қасиеттеріне байланысты топтарға бірігеді.

Оқушылардың айтқан нұсқалар бойынша тақтаға фигураларды жапсырады.

  • Тағы басқа да нұсқалары болуы мүмкін?
  • Барлық нұсқа саны қанша болады?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

(Т.Ж) Жасырын сөзді тап

Өрнектердің мәнін анықтап, өсу ретімен орналастыру арқылы жасырын сөзді табады.

1 – 2 слайд

3 – слайд

4 – слайд

5 – слайд

6 – слайд

Бірінші топ Төртінші топ

Екінші топ Бесінші топ

Үшінші топ

Жасырылған сөздер

Бірінші топ – терек

Екінші топ - қайың

Үшінші топ - шырша

Төртінші топ – шетен

Бесінші топ – үйіңкі

  • Жасырылған сөздерді қандай жиынға біріктіруге болады?

Бағалау.

Оқушыларға өзін - өзі бағалау парақтарын тарату.

10 ұпайлық жүйемен алдымен өзін – өзі бағалайды. Екінші топтағы өзінің белсенділігін, соңынан топпен жасалған жұмыстың нәтижесіне қосқан үлесін бағалайды.

(Ж.Ж) Мүмкін нұсқаларын анықта

Оқушыларға алдыңғы тапсырмада анықталған ағаштарды аулаға, бақшаға, көшеге отырғызу керек болса, қай қай жерге отырғызылуы мүмкін екенін анықтау үшін мүмкіндіктер тармағын қолдануды ұсыну.

Тапсырма.

Ағаш атауларын латын әріптерімен белгілеп, ал отырғызылатын орынды 1, 2, 3 цифрларымен белгіле.

Мүмкіндіктер тармағын құрастырып, қанша отырғызу нұсқасы бар екенін анықта.

Бағалау.

Дұрыс орындаған жұптарды ауызша «Жарайсыңдар!» «Жақсы жұмыс!» «Керемет жауап!» тіркестері арқылы бағаланады.

(Ө.Ж) Тест

Дұрыс жауапты белгіле.

Бағалау.

Орындаған тестті бір – бірімен алмастыру арқылы тексеріліп, бағаланады.

Бағалау критерийі

«4» дұрыс жауап - «Жарайсың»

«2– 3» дұрыс жауап - «Жақсы»

«1 – 0» - дұрыс жауап - «Әлі де ойлан»

.Ж) «Қатесін тап» дидақтикалық ойыны

Арман сурет бойынша мүмкіндіктер тармағын құрастырды. Арманның жұмысында қате бар. Қатені тап. Себебін түсіндіріңдер.

Бағалау.

Дұрыс жауаппен өз жауаптарын салыстырады.

Дұрыс орындаған топтар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.

(Т.Ж) Математикалық эстафета

Оқушылар үш топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады.

Берілген тапсырма бойынша топтың әр мүшесі мүмкін болатын бір нұсқа жазады. Белгіленген уақыт аяқталғанша шеңбердегі оқушылар кезекпен кезек жазуды жалғастырады

Бірінші айналым

«Шерлок Холмс хикаялар» кітабының авторы Конан Дойль билеп жүрген адамдарға ұқсайтын құпия әліпби тапты. Берілген төрт әріптен неше сөз құрастыруға болады?

Бағалау.

Бірінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.

Барлық мүмкін жауап саны – 60 нұсқа. Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі.

Екінші айналым

Асқар өз үйінің есігінің құпия кодын ұмытып қалды. Ол тек құпия кодтың екі таңбалы тақ сан екенін есіне түсіре алды. Есіктің құпия кодының мүмкін нұсқаларын құрастыр.

Бағалау.

Екінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.

Барлық мүмкін жауап саны – 25 нұсқа. Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі.

Үшінші айналым

Майрада 2 ойыншық пирамида, 3 доп және 2 қуыршақ бар. Ол осы ойыншықтарынан бір пирамида, бір доп және бір қуыршақ таңдап алғысы келеді. Мүмкіндіктер тармағын құрастыр.

Бағалау.

Үшінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.

Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі.

Үшінші айналымнан кейін үш айналым бойынша барлық ұпай саны қосып, жеңімпаз топ мадақталады.

7 – слайд

8 – слайд

9 – слайд

10 – слайд

11 – слайд

12– слайд

13 – слайд

14 – слайд

15 – слайд

16 – слайд

17 – слайд

18 – слайд

19 – слайд

20 – 23 слайд

24 – 25 слайд

26 - 27 слайд

28 – слайд

Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға қызыл және жасыл түсті алма суреттерін тарату. Оқушылар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін алманы тандап, ағашқа іледі.

– сабақтағы өз – өзімнің белсенділігіме көңілім толады.

- сабақтағы белсенділігіме көңілі толмады.

29 – слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Білім алушыларды сөздік бағалау

«Алма ағашы» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалаут.б

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу