Мүмкіндіктер ағашы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Тарау: Жиындар.Пікірлер.

№ 150 сабақ.

Тақырыбы: Мүмкіндіктер ағашы.

Оқу мақсаты: 3.4.4.1 «мүмкіндіктер тармағы» туралы түсінігі болу,күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

Сабақта қолданылатын ресурстар: үлестірме қағаздар, интербелсенді тақта

Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Сабақты оқушылардың логикалық тапсырманы орындау арқылы топтарға бірігуінен бастаңыз

Топқа бірігу.

(Ұ.Ж) Ой шақыру.

Оқушыларға бес түсті және бес түрлі фигуралар таратыңыз.

Таратылған түрлі – түсті фигуралардың қасиеттеріне байланысты топтарға бірігеді.

Оқушылардың айтқан нұсқалар бойынша тақтаға фигураларды жапсырады.

  • Тағы басқа да нұсқалары болуы мүмкін?
  • Барлық нұсқа саны қанша болады?

Фигура түрлеріне байланысты топтарға біріктіруге болады.

Фигура түстеріне байланысты топтарға біріктіруге болады.

(Т.Ж) Жасырын сөзді тап

Өрнектердің мәнін анықтап, өсу ретімен орналастыру арқылы жасырын сөзді табуға берілген тапсырманы орындауды ұсыныңыз. Бес топқа бес түрлі ағаш атауы жасырылады.

Бірінші топ Екінші топ Үшінші топ

Төртінші топ Бесінші топ

Өрнектердің дұрыс жауаптары:

Өсу реті:

Бірінші топ – 4,567,640,760,813

Екінші топ 41,110,170,511,598

Үшінші топ 80,502,720,736,929

Төртінші топ 9,41,533,586,834

Бесінші топ 321,532,593,662,733,970

Жасырылған сөз:

Бірінші топ – терек

Екінші топ - қайың

Үшінші топ - шырша

Төртінші топ – шетен

Бесінші топ – үйіңкі

  • Жасырылған сөздерді қандай жиынға біріктіруге болады? («Ағаштар» жиынына біріктіруге болады.)

Бағалау.

Оқушыларға өзін - өзі бағалау парақтарын таратыңыз.

(Ж.Ж) Мүмкін нұсқаларын анықта

Оқушыларға алдыңғы тапсырмада анықталған ағаштарды аулаға, бақшаға, көшеге отырғызу керек болса, қай ағашты қай жерге отырғызылуы мүмкін екенін анықтауда мүмкіндіктер тармағын қолдануды ұсыныңыз.

Тапсырма.

Ағаш атауларын латын әріптерімен белгілеп, мүмкіндіктер тармағын құрастыр. Ал отырғызылатын орынды 1, 2, 3 цифрларымен белгіле. Мүмкіндіктер тармағын құрастырып, қанша отырғызу нұсқасы бар екенін анықта.

Терек - A

Шырша - B

Қайың - C

Шетен - D

Үйіңкі – F

Жауабы:

Бағалау.

Дұрыс орындаған жұптарды ауызша «Жарайсыңдар!» «Жақсы жұмыс!» «Керемет жауап!» тіркестері арқылы бағаланады.

(Ө.Ж) Тест

Тест арқылы оқушылардың «мүмкіндіктер тармағын» қолданып есептің дұрыс жауабын табу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтаңыз.

Дұрыс жауапты белгіле.

Бағалау.

Орындаған тестті бір – бірімен алмастыру арқылы тексеріліп, бағаланады.

Бағалау критерийі

«4» дұрыс жауап - «Жарайсың»

«2– 3» дұрыс жауап - «Жақсы»

«1 – 0» - дұрыс жауап - «Әлі де ойлан»

.Ж) «Қатесін тап» дидақтикалық ойыны

Құрастырылған мүмкіндіктер тармағыннан қате тауып, себебін түсіндіру дағдыларын арттырыңыз.

Арман сурет бойынша мүмкіндіктер тармағын құрастырды. Арманның жұмысында қате бар. Қатені тап. Себебін түсіндір

Бағалау.

Дұрыс жауаппен өз жауаптарын салыстырады

.

Дұрыс орындаған топтар «Шапалақ» әдісімен бағаланады.

(Т.Ж) «Математикалық эстафета»

Мүмкін нұсқаларын анықтауда «мүмкіндіктер тармағы» әдісімен қатар «комбинациялау» және «кесте құру» әдістерін де қолдану мүмкіндігін көрсетіңіз.

Оқушылар үш топқа бөлініп, шеңбер жасап отырады.

Берілген тапсырма бойынша топтың әр мүшесі мүмкіндіктер тармағының бір нұсқасын жазады. Белгіленген уақыт аяқталғанша шеңбердегі оқушылар кезекпен кезек жұмысты жалғастырады

Бірінші айналым

Комбинациялау әдісін қолданып, мүмкін нұсқаларды анықтайды.

«Шерлок Холмс хикаялар» кітабының авторы Конан Дойль билеп жүрген адамдарға ұқсайтын құпия әліпби тапты. Берілген төрт әріптен неше сөз құрастыруға болады?

Дұрыс жауабы:

Бағалау.

Бірінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.

Барлық мүмкін жауап саны – 60 нұсқа. Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі.

Екінші айналым

Кесте құру арқылы есіктің құпия кодының нұсқаларын анықтайды.

Асқар өз үйінің есігінің құпия кодын ұмытып қалды. Ол тек құпия кодтың екі таңбалы тақ сан екенін есіне түсіре алды. Есіктің құпия кодының мүмкін нұсқаларын құрастыр.

Дұрыс жауабы:

Бағалау.

Екінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.

Барлық мүмкін жауап саны – 25 нұсқа. Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі. Үшінші айналым

Мүмкіндіктер тармағын құрып, әр ойыншықтан бір – бірден алудың нұсқа санын анықтайды.

Майрада 2 ойыншық пирамида, 3 доп және 2 қуыршақ бар. Ол осы ойыншықтарынан бір пирамида, бір доп және бір қуыршақ таңдап алғысы келеді. Мүмкіндіктер тармағын құрастыр.

Дұрыс жауабы:

Бағалау.

Үшінші айналым соңында топ мүшелері жұмыстарын дұрыс жауаппен салыстырып, тиісті ұпайды иеленеді.Әрбір дұрыс нұсқаға бір ұпайдан беріледі. Үшінші айналымнан кейін үш айналым бойынша барлық ұпай саны қосып, жеңімпаз топ мадақталады

Бағалау парағы.

Бірінші айналым бойынша жинаған ұпай саны

Екінші айналым бойынша жинаған ұпай саны

Үшінші айналым бойынша жинаған ұпай саны

Барлық ұпай саны

Иеленген орыны

Бірінші топ

Екінші топ

Үшінші топ

Кері байланыс

«Алма ағашы» әдісі

Оқушыларға қызыл және жасыл түсті алма суреттерін таратыңыз. Оқушылар өз көңіл - күйлеріне сәйкес келетін алманы таңдап, ағашқа іледі.

– сабақтағы өз – өзімнің белсенділігіме көңілім толады

- сабақтағы белсенділігіме көңілі толмады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу