Мүмкіндіктер тармағы. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлімі: Көбейту және бөлу
№ 29 сабақ. Тақырыбы: Мүмкіндіктер ағашы
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) 3.4.4.1. Мүмкіндіктер тармағын құру және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, флипчарт, кеспе қағаздар, маркер.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: Бұл сабақта оқушылар комбинаторикалық есептер түрімен танысады. «Мүмкіндіктер ағашы» өтіп жатқан оқиғаның әртүрлі нұсқаларын таңдауға көмектеседі. Осы «ағаштан» шыққан әрбір жол бір нұсқаға сәйкес келеді. «Ағаштың» ең төменгі қатарындағы нүктелер саны нұсқалар санын көрсетеді.
Сабақ бойынша ұсыныстар:
Кіріспе тапсырма.
Сабақты ұжыммен өткізуді бастаңыз. Алдымен «Бақыт іздеген саяхатшы» ертегісін оқушыларға оқып беріңіз.
Баяғы заманда бір ұста өмір сүріпті. Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді.Ұстаның мазасы кетеді. Күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Шалғай елге жолға шығуға жиналады. Солай бақытты табамын деп саяхатқа шығады. Үйінде қарт әкесі мен шешесі, сұлу әйелі, балалары қалады.
Ұста «Міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын» деп өзін- өзі жұбатып қояды. Сонымен жолға шығып келе жатса, алдында үлкен тас жатыр екен.
Тасқа: «оңға қарай жүрсең- жылқы табасың, солға қарай жүрсең- ДОС табасың, тура жүрсең- бақыт табасың» деп жазып қойыпты.
Оқушыларға ертегіні әрі қарай жалғастырып көруді ұсыныңыз. Пікірлерін тыңдап болған соң, таңдаудың негізінде түрлі жағдайдан қалай шығудың жолын көрсететін нұсқаларды таңдауға болатынын хабарлаңыз.
Ал содан кейін ертегіде айтылған үш жолдың нәтижесінде нені табуға болатыны көрсетілгенін қима қағаздарды таңдау негізінде оқушылар топқа бөлінеді (жылқы, дос, бақыт).
(Ұ.Ж) Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау дағдыларын еске түсіру мақсатында интербелсенді тақтада берілген тапсырмаларды орындатқызыңыз.
- Заңдылықты анықтап, түсіп қалған санды ата.
а) 3, 6, __, 12, 15, 18. (9)
б) 65, 60, 55, ____, 45, 40, 35. (50)
в) 20, ___, 21, 15, 22, 14, 23, 13. (16)
2. Артығын тап. Қияр, шие, алма, жүзім.
Оқушылар бұл тапсырмада түсіне байланысты шиені артық деуі мүмкін немесе жемістер қатарына жатпайтын қиярды артық деуі мүмкін. Әрбір айтылған нұсқада жауаптарын негіздеуді сұраңыз. Тапсырма соңында «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» т.с.с. сөдік бағалаумен жүргізіңіз.
(Т.Ж) Бұл тапсырманы топпен орындауды ұсыныңыз. 1,3,8 сандарын пайдаланып, қанша екі таңбалы сандар құрастыруға болатынын сұрау.Ол үшін топтарға ламинатталған парақтар таратып беріңіз. Екі таңбалы сандардың мүмкін жағдайларын қалай таңдағанын сұраңыз. Оқушылар өз нұсқаларын айтады. Бұл сұраққа қатесіз жауап беру үшін тақтада «мүмкіндіктер ағашы» деген тәсіл барын айтыңыз. Тақтада мүмкіндік ағашын қалай құрастыруға болатынын көрсетіңіз. Ол үшін тақтаның ортасына нүкте қоямыз, бұл ағаштың тамыры болады. Одан төмен 3 нүкте қойып, оларды сызықтармен қосамыз. Таңдаудың әрбір кезеңі ағашқа бұтақтарды салумен белгіленеді.
Топтардың жұмысын көңіл-күйді білдіретін «Смайлик» арқылы бағалаңыз.
Жауабы:
11, 13, 18, 33, 31, 38, 88, 81, 83.
(Т.Ж) Бұл тапсырманы да топпен ұйымдастырыңыз. Оқушыларға «Көңілді жалау» ойыны арқылы берілген таспаларды қайталанбайтындай етіп қызыл, жасыл, ақ түске бояуды ұсыныңыз. Әр топқа мүмкіндік ағашы арқылы берілген тапсырманы орындайтынын хабарлаңыз. Мүмкіндік ағашында орындау қиындық тудырса, алдымен берілген таспаларды А4 парақтағы кестеде бояп алуды ұсыныңыз. Сонан соң мүмкіндік ағашына орналастыруға болатыны айтыңыз. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ сағат тілі арқылы бір-бірінің жауабын тексеріп пікір білдіреді. Бағалауды бағдаршам түстері арқылы жүргізіңіз.
Жауабы:
6 нұсқа
(Ж.Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс». Тапсырманы жұпта ұйымдастырыңыз.
Оқушылар жұбына сары, қызыл, алқызыл түсті гүлдер таратып беріңіз. Оларға гүлдерді орнын ауыстыру арқылы тәжірибе жасап көруді ұсыныңыз. Соңында мүмкіндік ағашына жазуды ұсыныңыз. Оқушылардың жұмыс нәтижесін «Бас бармақ» арқылы бағалаңыз.
Жауабы:
6 нұсқа
(Ө.Ж) Бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау, пысықтау мақсатында оқушылармен жеке жұмыс ұйымдастырыңыз. Жеке тапсырманы орындамас бұрын, тапсырманы оқып шығыңыз. Сонан соң тапсырмаға талдау жүргізіңіз. Талдау барысында мынадай сұрақтар қою ұсынылады.
- Бұл тапсырманы шешу үшін бізге не көмектеседі? (мүкіндік ағашы)
- Мүмкін нұсқалардың түбірі кім болады?
- Олай болса талдау ағашына салып, қанша нұсқа болғанын тексерейік.
Тапсырманы орындау кей оқушыларға қиындық тудырса, тапсырманы орындап болған оқушылардың көмектесуін ұсыныңыз. Жұмыс нәтижесін көңіл-күйді білдіретін «Смайлик» арқылы бағалаңыз.
Жауабы:
6 нұсқа
Кері байланыс
«Бес жолды өлең» құрастыру арқылы сабақты қорытындылаңыз. Бес жолды өлең құрастырмас бұрын оқушыларға төмендегідей бекіту сұрақтарын қойыңыз:
- Бүгінгі барлық тапсырманы орындау үшін, шешу үшін біз қандай әдісті қолдандық? (мүмкіндік ағашы)
- Қай тапсырма ерекше ұнады? Несімен ұнады?
- Қай тапсырма қиындық тудырды?
Тақтаға ватман қағазын іліп, бес жолды өлеңді жазғызыңыз.
Зат есім. Мүмкіндік ағашы
Етістік. Талдайды, құрады, шешеді
Сын есім. Қызықты, ойлы, ерекше
Сөйлем. Мүмкіндік ағашымен шешкен оңайырақ.
Синоним. Комбинаторика.
«Жетістік ағашы» арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта жеткен жетістіктерін қызыл, сары, жасыл түсті стикер жапырақты таңдау арқылы бідіреді.
Жеміс – мен бәрін түсіндім
Гүл – мен түсіндім, бірақ ...
Жапырақ – маған әлде де көмек қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?