Мүмкіндіктер тармағы. Мінез-құлық ережелері. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Көбейту және бөлу

№ 27 сабақ. Тақырыбы: Мүмкіндіктер тармағы

Мінез-құлық ережелері

Мектеп:

7

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дастанбаева Фарида Кушекбаевна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.4.4.1. Мүмкіндіктер тармағын құру және күнделікті өмірде

кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы:мүмкіндіктер ағашы дегеннің не екенін және

оның көмегімен күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттарды

қалай шешуге болатынын түсіндіріп бере алады.

Оқушылардың көпшілігі:

мұғалімнің басшылығымен мүмкіндіктер ағашын құрады және оны күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар проблемасын шешу үшін пайдаланады.

Оқушылардың кейбіреулері

өздігінен мүмкіндіктер ағашын құрады және оны күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар проблемасын шешу үшін пайдаланады.

Ғылыми тіл

Дағдыларын дамыту:

«мүмкіндіктер тармағын» қалай құруды түсінетін болады.

Пәндік лексика және терминология:

«мүмкіндіктер тармағы», шешу нұсқалары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Есепті «мүмкіндіктер тармағының» көмегі арқылы шығару деген не?

Оның қанша нұсқасы бар?

Шешімдерді таңдап алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Құндылықтар

Жауапкершілік,өмір бойына білім алу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, көркем еңбек.

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Логикалық пайымдауға берілген есептерді кесте және мүмкіндіктер тармағын құру әдісімен шығару.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы

5мин

Ынталандыру.

Оқушы өмірде барлық мүмкін болатын нұсқаларды ескеру қажет болатын есептерді шығаруға жиі тура келетінін әңгімелейді. Мұндай есептер математикада да, өмірде де кездеседі.

Өзектендіру.

Үстелде 3 алма және 2 алмұрт жатыр. Екі жемісті таңдаудың неше нұсқасы бар? Оқушылар өз ойларын айтады.

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

алма, өрік және бананның суреттері;

2-слайд

Сабақтың ортасы

30 мин

Оқушы оқулықтағы 1-тапсырманы орындайды.

Үш цифрды пайдалана отырып, үш таңбалы сандардың барлық мүмкін болатын нұсқаларын құрайды

Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!»

Түсіндіре отырып алғашқы бекіту

Оқушылар оқулықтағы 2-тапсырманы топпен орындайды. Белгілі мәзірлер бойынша оқушылар үш тағамнан (бірінші, екінші, үшінші) тұратын мәзірдің барлық мүмкін болатын нұсқасын құрастыруға тиіс. Оқушылар тапсырманы «мүмкіндіктер тармағын» құру арқылы орындайды, біреуі бір белдеуді құрас тырып, оны түсіндіруден бастайды, әрқайсысы кезекпен құрылымды толықтырады.

Смайликтер арқылы кері байланыс беру

3-тапсырманы оқушылар «материал, элемент, бөлу» аталатын жұмыс түрін пайдалана отырып, жұппен орындайды. Әлияның киімдерінен оқушылар барлық мүмкін болатын киімдерін құрастырады. Оқушылар жұппен кезектесіп «мүмкіндіктен тармағын» жасай отырып, бір элементтен толықтырады.

«Жұлдызша» арқылы бағалау

«Жұптас,пікірлес,талқыла» әдісі

Ж.Ж.Оқушылар оқулықтағы 4-(а,ә)тапсырманы орындайды.

Оқытушы оқушылармен бірге бағалау өлшемшартын талқылайды:

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы кері байланыс

5-тапсырмада берілген тапсырманы жұппен орындайды.

Ойлан

Ж.Ж.6-тапсырмада оқушылар кестелерді қарап шығады, әрбір бағанда амалдың бір компоненті еркін ретпен белгісіз екендігіне назар аударады. Оқушылар теңдеуді жазып алады, ауыспалының қалдырылып кеткен компонентін белгілей отырып, қосу және алу кезінде белгісіз компонентті табу ережесін пайдалана отырып, теңдеуді шешеді.Шешуін дайын жауап арқылы тексереді.

«Жұлдызша» арқылы бағалау

қима қағаздар

3- слайд

4-5-слайдтар

6-слайд

8-9 слайдтар

Сабақтың соңы

5 мин

Кері байланыс

Бас бармақ-Бүгінгі сабақта не ұнады?

Балалы үйрек- Кімге көмектестім?

Ортан терек- Мен қандай нәтижеге қол жеткіздім?

Кішкентай бөбек- Жаңа ақпарат. Не үйрендім?

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету.

«Жетістік баспалдағы» арқылы бағалау.

Оқушыларды сөздік бағалау

«Смайликтер» арқылы бағалау

«Шапалақ» арқылы бағалау

Өмір қауіпсіздігінің ережелері.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу