Мүмкіндіктер тармағы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Бөлімі: Көбейту және бөлу №29-сабақ Тақырыбы: Мүмкіндіктер тармағы | Мектеп: 7 | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Какимбаева Арайлым Каскырбаевна | ||||||||||||
Сынып: | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | |||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.4.4.1. Мүмкіндіктер тармағын құру және күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдаяттар мен есеп шығаруда қолдану. | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| ||||||||||||
Ғылыми тіл |
| ||||||||||||
Құндылықтар | Жауапкершілік,өмір бойына білім алу | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Әдебиеттік оқу, көркем еңбек. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта | ||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Логикалық пайымдауға берілген есептерді кесте, граф және мүмкіндіктер тармағын құру әдісімен шығару. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 5мин | Психологиялық дайындық. Шаттық шеңбері арқылы оқушылар бір-біріне жылы тлебіздерін білдіреді. Кіріспе тапсырма. «Бақыт іздеген саяхатшы» ертегісін мұғалім оқып береді. Баяғы заманда бір ұста өмір сүріпті. Бір күні ол жер бетінде бақыт бар дегенді естиді.Ұстаның мазасы кетеді. Күлмейді, ішпейді, жемейді, тек қана сол бақытқа жетсем деп ойлайды. Шалғай елге жолға шығуға жиналады. Солай бақытты табамын деп саяхатқа шығады. Үйінде қарт әкесі мен шешесі, сұлу әйелі, балалары қалады. Ұста «Міндетті түрде бақытты табамын, содан кейін үйіме ораламын» деп өзін- өзі жұбатып қояды. Сонымен жолға шығып келе жатса, алдында үлкен тас жатыр екен. Тасқа: «оңға қарай жүрсең- жылқы табасың, солға қарай жүрсең- ДОС табасың, тура жүрсең- бақыт табасың» деп жазып қойыпты. Оқушыларға ертегіні әрі қарай жалғастырып көруді ұсыну. Ал содан кейін таңдаудың негізінде оқушылар топқа бөлінеді (жылқы, дос, бақыт). (Ұ.Ж) Ширату. Интербелсенді тақтада көрсетілген тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын еске түсіру.
а) 3, 6, __, 12, 15, 18. (9) б) 65, 60, 55, ____, 45, 40, 35. (50) в) 20, ___, 21, 15, 22, 14, 23, 13. (16) 2. Артығын тап. Қияр, шие, алма, жүзім. Оқушылар бұл тапсырмада түсіне байланысты шиені артық деуі мүмкін немесе жемістер қатарына жатпайтын қиярды артық деуі мүмкін. Сөздік бағалау «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Керемет!» | Слайд №1 Слайд №2 Қима қағаздар Слайд №4,5. Интербелсенді тақта | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж) Ізденсең , жетерсің мұратқа. 1,3,8 сандарын пайдаланып, қанша екі таңбалы сандар құрастыруға болатынын сұрау.Ол үшін олар топпен ламинатталған парақта жұмыс жасайды. Екі таңбалы сандардың мүмкін жағдайларын қалай таңдағанын сұрау. Оқушылар өз нұсқаларын айтады. Бұл сұраққа қатесіз жауап беру үшін тақтада талдау ағашы деген тәсіл барын айту. Тақтада ватман қағзында мүмкіндіктер тармағын қалай құрастыруға болатынын көрсету. Ол үшін тақтаның ортасына нүкте қоямыз, бұл ағаштың тамыры болады. Одан төмен 3 нүкте қойып, оларды сызықтармен қосамыз. Таңдаудың әрбір кезеңі ағашқа бұтақтарды салумен белгіленеді. «Смайлик» арқылы бағалау. | Слайд №6 Ламинатталған парақ, маркер, ватман қағазы | |||||||||||
Сабақтың ортасы 30мин | (Т.Ж) «Көңілді жалау» ойыны арқылы берілген таспаларды қайталанбайтындай етіп қызыл, жасыл, ақ түске бояйды. Әр топ мүмкіндіктер тармағы арқылы берілген тапсырманы орындайды. Мүмкігдіктер тармағында орындау қиындық тудырса, алдымен берілген таспаларды А4 парақтағы кестеде бояп алу ұсынылады. Сонан соң мүмкіндік тармағына орналастыруға болатыны айтылады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ сағат тілі арқылы бір-бірінің жауабын тексеріп пікір білдіреді. «Бағдаршам» арқылы бағалау. (Ж.Ж) «Ойлан, жұптас, бөліс». Оқушылар жұбына сары, қызыл, алқызыл түсті гүлдер таратылып беріледі. Оларға гүлдерді орнын ауыстыру арқылы тәжірибе жасап көру ұсынылады. Соңында мүмкіндік тармағына жазу ұсынылады. Тапсырма. Анам бөлме терезесінің алдында тұрған сары, қызыл, алқызыл түсті гүлдердің орнын күнделікті жаңаша ауыстырып отырады. Гүлдер бастапқы орнына қайта келгенше қанша күн керек? «Бас бармақ» арқылы бағалау (Ө.Ж) Бүгінгі сабақта алған білімдерін қорытындылау, тексеру мақсатында жеке жұмыс ұйымдастырылады. Жеке тапсырманы орындамас бұрын, мұғалім тапсырманы оқып шығады. Сонан соң тапсырмаға талдау жүргізіледі. Талдау барысында мынадай сұрақтар қою ұсынылады. - Бұл тапсырманы шешу үшін бізге не көмектеседі? (мүмкіндіктер тармағы) - Мүмкін нұсқалардың түбірі кім болады? - Олай болса мүмкіндік тармағына салып, қанша нұсқа болғанын тексерейік. Тапсырманы орындау кей оқушыларға қиындық тудырса, тапсырманы орындап болған оқушылардың көмектесуін ұсыну. Тапсырма. Айдос жексенбі күні атасына, досы Қанатқа және ағасы Жеңіске соқпақшы болды. Ол осы аталған адамдармен кездесуді қандай реттілікпен бастауы мүмкін? «Смайлик» арқылы бағалау. | Слайд №7 А4 парақта берілген тапсырма, түрлі түсті қарындаш Слайд №8 Гүлдер, А4 парақтағы мүмкіндік тармағы Слайд №9 А4 парақтағы мүмкіндіктер тармағы | |||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Кері байланыс «Бес жолды өлең» құрастыру. Бес жолды өлең құрастырмас бұрын оқушыларға төмендегідей сұрақтар қойылады.
Зат есім. Мүмкіндік тармағы Етістік. Талдайды, құрады, шешеді Сын есім. Қызықты, ойлы, ерекше Сөйлем. Мүмкіндік тармағымен шешкен оңайырақ. Синоним. Комбинаторика. «Жетістік ағашы» арқылы оқушылар өздерінің бүгінгі сабақта жеткен жетістіктерін қызыл, сары, жасыл түсті стикер жапырақты таңдау арқылы бідіреді. Жеміс – мен бәрін түсіндім Гүл – мен түсіндім, бірақ ... Жапырақ – маған әлде де көмек қажет. | Слайд №10 Слайд№11 | |||||||||||
Қосымша ақпарат | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Жұптардың өзара сөйлесулерін бақылап, тыңдап жүру барысында тапсырманы орындауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. | «Жетістік ағашы» арқылы бағалау. Оқушыларды сөздік бағалау «Смайликтер» арқылы бағалау «Бас бармақ» арқылы бағалау «Бағдаршам» арқылы бағалау | Өмір қауіпсіздігінің ережелері. | |||||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру